«Робототехника негіздері» тақырыбында курс жүргізілуде.
Курстың мақсаты: мұғалімдердің робот техникасы құралдарын қолдану саласында ақпараттық және техникалық сауаттылығын дамыту.
Осы мақсатта тыңдаушылар арнайы жабдықталған «Робототехника» кабинетінде роботты техниканың негізі Lego Mindstorms EV3 және Arduino микроконтроллерінің құрылғыларымен таныса отырып, роботтарды модельдеу және бағдарламалау жұмыстарын, құрастыру дағдыларын меңгереді.
Тыңдаушылар курста роботты техниканың шығу тарихы, оның түрлері және қолданылу салаларын біліп үйренеді. Олардың қазіргі таңдағы маңызын және пән бойынша робот техникасын қолдана отырып, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау дағдыларын, білім алушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту үшін сабақты робот техникасын қолдана отырып жобалау тәсілдерін меңгереді. Бұл тәсілдер мен дағдылар әрбір қатысушыға инженерлік, нұсқаушылық, шығармашылық идеяларды іске асыру және өз әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |