Бүгінгі күні Швейцарияда 400-ге тарта коммерциялық банк жұмыс істейді. Олардың жалпы ақша айналымы 52 триллион долларға тең.
.Швейцарияның БАҚ-ның хабарлауынша сол банктердің бірінде 1902 жылы Владимир Ильич Лениннің атына ашылған, бірақ әлі күнге дейін жабылмаған есепшот бар екен. Оның ішінде 13 швейцар франкі сақтаулы.
1179 жылы Рим папасы Александр ІІІ барлық банк қызметкерлерін шіркеуге қарсы адамдар деп жариялады. Банк қызметкерлерінің шоқынуға, мінәжат етуге және христиан ретінде жерленуге қақысы болмаған. Бұл олардың ақшаны беріп, үстіне пайыз қосып алатындығына байланысты. Әлі күнге дейін бұл заң күшін жоймаған. Христиан дінінен бөлек ислам діні де өсімқорлықты қолдамайды. Ислам банктері ешқашан пайыздық үстемемен ақша бермейді. Тек иудаизм дінінде ғана өсімқорлыққа шек қойылмайды. Себебі, ортағасырлық «банк қызметкерлерінің» көбісі еврейлер болған.