«Банк» - италиян сөзі «bank» ─ орындық, «айырбас орындығы ─ айырбас орны» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын аландарда құрылады. XV-XVI ғасырларды Венеция республикасында айырбас иесі мен өсімқорлар ақшасын және іс қағаздарын қоятын орындықты banco деп атаған. Егер қарыз алушы ақшасын уақытылы өтей алмаса оның басына орындықты ұрып, сындырған. Итальян тіліндегі banco rotto («сынған орындық») ұғымы заманауи қолданыстағы банкрот ұғымын білдіреді.
Қазақстанда 1991 жылы қос деңгейдегі банк жүйесі құрылды.
Жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі; Ұлттық банк тек ҰР-ның Президентіне есеп береді. ҚР-ның Ұлттық банкінің басты міндеті ұлттық валюта – теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын сақтау. Ұлттық банктің төрағасын ҚР-ның Президенті ұсынады. Ұлттық банк төрағасы 6 жылға сайланады.
Екінші деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.
Коммерциялық банктердің міндеті – өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу.
«Банк» сөзі қай тілден алынған?
Банктің қандай түрлері бар?
Қандай коммерциялық банктерді білесіз?
Банк қандай қызмет атқарады?
Қай банктiң төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады?
Қазақстанның Ұлттық банкінің негізгі міндеттері қандай?