Абдрахманова қ. Ж


Іскерлік қабылдаудың этикеті



бет81/194
Дата07.02.2022
өлшемі2,26 Mb.
#84191
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   194
Байланысты:
Кәсиби 9360

Іскерлік қабылдаудың этикеті


Шетел азаматтарымен іскерлік қарым - қатынас жасау ерекшеліктері.
Сыйлық ұсыну ережесі
Іскерлік қарым – қатынас белгілі бір мінез – құлық қағидаларына сүйенуі керек, олардың ең басты қағидалары мыналар:

    1. Адамгершілік;

    2. Мейірімділік, яғни адамға мейірімділік жасау қажеттігі;

    3. Құрмет көрсетушілік, яғни қарсы тарапқа деген құрмет;

    4. Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау ;

    5. Басқаларға деген шыдамдылық, мұқияттылық және әдептілік танытудың үлгісі.

Шетел делегацияларын қабылдау мен қарым – қатынас жасау кезінде, келіссөз бен келісім шартқа қол қойған кезде, мереке күндері құттықтап, қаралы күндері көңіл айту – бұл дипломатиялық хаттама нормаларының сақталуын білдіреді.
Қазіргі кезде мемлекеттер қарым – қатынастарының арасында 1991 жылы қабылданған «дипломатиялық қарым – қатынас туралы Вена Конвенциясы» бар.
Халықаралық этикет нормаларынан ауытқу шетелдік әріптестермен тек қана бейресми мәні бар, қызметтен тыс жағдайларда ғана жол беріледі. Бірақ та осындай қарым – қатынас кезінде әдепсіздік танытудан аулақ болған жөн.
Қызметтік немесе қоғамдық кездесу мен өзара сөйлесу барысында сыйлық сыйлау туралы ой келеді. әрбір мекемеде өздерінің сыйлық сыйлау ережелері қалыптасқан дәстүрлері болады, бірақ осындай дәстүрлерге қарамастан барлығына ортақ негізгі ережелер де бар.
Егер сізді біреу үйіне түстенуге немесе қонаққа шақырған болса, онда кішігірім сыйлық алып барған жөн. Сыйлық кімге сыйланса сол адамның талғамына байланысты болуы керек.
Сыйлық қабылдар кезінде сыйлық қандай түрде болмасын оны қонақ кеткенге дейін ашпау қажет, себебі сыйлық туралы ойламаған басқа адамдарды ыңғайсыз жағдайға қалдыруыңыз мүмкін. Сыйлықты алғаннан кейін құр ризашылық аз болады, сондықтан өз ризашылығыңды ашық хат арқылы білдірген жөн.
СӨЖ. «Бухгалтерлік есеп – барлық ғылымдар мен өнердің бастауы» деген тақырыпта тұсаукесер дайындаңыз.
«Қоғамдағы этикет нормалары». Әңгімелеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет