Түлкінің қарғаны мақтауы мақтаудың қай түріне жатады?
Мақтаудың бір түріне арналып жазылған қандай өлең шумақтарын білесіз?
Мақтау деген сөзді қалай түсінесіз?
Досыңды туған күнімен құттықтап, оған қандай мақтау айтар едіңіз?
Мінездері , тәртіптері, қылықтары бір-біріне ұқсамайтын екі түрлі
досыңызды таңдап алыңыз. Екеуінің де жақсы жақтарын табыңыз. Соған лайықтап мақтау айтыңыз, оны жазыңыз. Ойыңыз дәлелді болсын.
Тілек сөздердің сыңарларын сәйкестендіріңіз.
Шаңырағың сәтті болсын!
Өмірің биік болсын!
Несібелі болсын!
Той күнің солыңнан тусын!
Жаныңа ұзақ болсын!
Сапарың бол!
Ел-жұрт аман жаса!
Иманды жамандық бермесін!
Бауы берік тойға ұлассын!
Бақытты болсын
Мың жолдасың болсын!
Бармақтай бақ, бол!
Айың оңыңнан, болсын!
Дастарқаныңа болсын!
Алладан бол!
Көйлегің көк, көңілің тоқ рақым болсын!
Үбірлі-шүбірлі береке берсін!
Қыдыр ата етектен дәулет берсін!
Мадақтау, сынау, ризашылық білдіру ,құттықтау туралы мақалдар жазыңыз.
КЕРІ БАЙЛАНЫС Суреттегі көріністен нені ұғуға болады?
Қандай кезде жақсы сөздерді қолданады?
Жаман сөзді қай уақытта қолданады?
Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыз?
Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыз?
- Сіз алғыс айтып көрдіңіз бе?
-«Сіз» деген сөзді кімге айтады? -«Сен» деген сөзді кімге айтады?
-Жасы үлкен адамдармен әңгімені қандай сөзбен бастауға болады?
-Өзіңізден жасы кішілермен қалай сөйлесесіз?
-Ініңізді (қарындас, сіңіліңізді)еркелетіп көріңіз.
-Еркелету сөздерін атаңыз.
-Сынау, қанағаттанбау туралы не айтасың?
- Мадақтау сөздердің қайсыларын жиі пайдаланасыз?
Жақын адамдарыңызға қандай сөз айтқыларыңыз келмейді?
Жақын адамдарыңызға қандай сөз айтқыларыңыз келеді ?
Досыңызбен сұхбаттасыңыз, қазақ халқының әдет-ғұрып рәсімдерін еске түсіріңіз.
Мәдениетті адамның сөйлеу мәнері қандай болу керек?
Сізді қоршаған ортадағы сөйлеу мәдениетіне көңіліңіз тола ма?
Дөрекі сөйлеген достарыңызға ескерту жасап көрдіңіз бе?
Өзіңіз ескерту алып көрдіңіз бе?
Өзіңізді мәдениетті сөйлеймін деп ойлайсыз ба?
ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |