Cіз ұлттық компанияда жұмыс істегіңіз келеді.
Сұхбатқа келдіңіз. Қазақ тілін білу үміткерге қойылатын талаптардың бірі. Жұмыс берушімен сұхбатқа қатысыңыз.
жұмыс беруші:
Cіз ұлттық компанияда жұмыс істейсіз. Сұхбат жүргізесіз. Үміткерлерге қойылатын талаптың бірі қазақ тілінде сөйлеу, жазу.
2-сұхбат.
1-студент. Сіз «Кең дала» компаниясына жұмыс берушімен сұхбатқа келе жатырсыз, алайда белгіленген уақытта жете алмайсыз. Телефон соғып, кешірім сұраңыз. Кездесу уақытын созуды сұраңыз.
2-студент. Сіз «Жер-су» компаниясында менеджер болып жұмыс істейсіз. Жұмыс берушімен сұхбатқа келе жатырсыз, алайда белгіленген уақытта жете алмайсыз. Телефон соғып, кешірім сұраңыз. Кездесу уақытын созуды сұраңыз.