Сабақтың тақырыбы: «Менің туған күнім»



Дата27.04.2018
өлшемі56,24 Kb.
#40290
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Менің туған күнім»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың II модуль бойынша алған білімдерін пысықтау.

Өз ойларын таза қазақ тілінде жеткізе білуге деген құштарлығын, білімін арттыру.

Сөздік қорын кеңейту, ой – өрісін, логикалық ойлау, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, әр түрлі тапсырмалар орындата отырып шығармашылық және қазақ тілінде таза сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Оқушыларды адамгершілікке, бір – біріне деген сүйіспеншілік сезіміне, достыққа, ұқыптылыққа, төзімділікке, жауаптылыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ, текше, стикерлер мен плакаттар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: орыс тілі, өзін – өзі тану.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: ой қозғау, сұрақ - жауап, ойын элементтері, мәтін жұмыс, сөйлем құрастыру.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру:

  1. Амандасу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

  3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

  4. Шаттық шеңберін жасату.

  5. Психологиялық жағдай туғызу.

Балалар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Сондықтан да мен сендердің сабаққа белсенді қатысқандарыңды қалаймын.

II. Үй тапсырмасын тексеру. 1.Үйге берілген тапсырмаларды сұрау.

-Бір аптада неше күн бар?

-Бір аптада жеті күн бар.

-Апта күндерін айтыңдаршы.

-Бірінші күн – дүйсенбі.

Екінші күн – сейсенбі.

Үшінші күн – сәрсенбі.

Төртінші күн – бейсенбі.

Бесінші күн – жұма.

Алтыншы күн – сенбі.

Жетінші күн – жексенбі.

«Білесің бе?» айдары бойынша берілген тапсырманы сұрау.

Дүйсенбіде Дүйсенбек туған.

Сейсенбіде Сейсенбек туған.

Сәрсенбіде Сәрсенбек туған.

Бейсенбіде Бейсенбай туған.

Жұмада Жұмабай туған.

Сенбіде Сенбек туған.

Жексенбіде Жесенбай туған.

III. Білім тексеру. Өтілген материалдардан сұрақ-жауап жүргізу.

«Кімге не сыйлауға болады?» сұрағына жауап беру.

(Сыныптағы бірнеше балаға тәуелдік жалғауына байланысты үлестірмелі қағаздар беру. Олар жауаптарын қағазға жазып береді.)

IV. Жаңа сабаққа дайындық. «Қазақшаң қалай?» ойыны бойынша «Кубизм» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береу.

-Өз туған күндеріңді айтыңдар.

-Саған туған күніңде не сыйлады?

-Сен қандай сыйлықты ұнатасың?

-Туған күніңе кімдер келді?

-Сен оларға не айттың?

-Туған күнің қалай өтті?

V. Жаңа сабақты түсіндіру. Тапсырмалармен жұмыс жүргізу. 1-тапсырма. «Менің туған күнім» мәтінін оқу, аудару. (Оқушылар мәтінді бір сөйлемнен тізбектеп оқып шығады.)

Бүгін менің туған күнім. Туған күніме достарым келді. Олар маған ойыншықтар сыйлады. Айгүл қуыршақ сыйлады. Арман гүл сыйлады. Бақытжан суретті кітап сыйлады. Сыйлықтар маған өте ұнады. Барлығымыз дастарқанға отырдық. Тәтті торт жедік, салқын шырын іштік. Ән айтып, би биледік. Қызықты ойындар ойнадық. Туған күнім көңілді болды.

Мәтін бойынша бір - біріне сұрақтар қояды. (Оқушылар жарыса жауап береді.)

2-тапсырма. Сурет бойынша сөйлемдер құрау. «Кім жылдам?» ойынын ойнату. Шарты: оқушыларға бірнеше суреттер көрсетіледі, олар сол суреттерге қарап сөйлемдерді жылдам құрастыруға тырысады.

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырып жазу. (Тақтада орындайды.)

4-5-тапсырма. Өз достарың туралы айт. Саша мен Бек – дос. Петя мен Жан – дос.

(Оқушылар өз туралы бірнеше сөйлем құрастырады.)

VI. Түсінік тексеру. «Зымыран сұрақтар» (қойылған 15 сұраққа 1 минут ішінде жауап беріп үлгеру керек.)


  1. Отбасы мерекесі. (Туған күн)

  2. «Поздравляю» қазақша қалай айтылады? (Құттықтаймын)

  3. «Спасибо» қазақша қалай айтылады? (Рахмет)

  4. Туған күніңе кімдер келді? (Достарым)

  5. Сенің досың қайда тұрады? (Ресейде)

  6. Досыңа не сыйлайсың? (Кітап)

  7. Анаңа не сыйлайсың? (Гүлшоғын)

  8. Дүйсенбіде кім туған?(Дүйсенбек)

  9. «Букет» сөзінің қазақшасы. (Гүлшоғы)

  10. «Вместе» сөзінің қазақшасы. (Бірге)

  11. «Подарки» сөзінің қазақшасы (Сыйлықтар)

  12. Туған күнге тілек. (Туған күнің құтты болсын!)

  13. Жұмада кім туған? (Жұмабай)

  14. Туған күнде не жедің? (Торт)

  15. Туған күн қандай болды? (Көңілді)

VII. Жаңа сабақты бекіту. Жаңа тақырып бойынша білімдерін сұрақ-жауап, «сыйлық» сөзіне құрылған сөзжұмбақты шешу арқылы бекіту.

Сұрақтары: 1. «Семья» сөзінің қазақшасы. ОТБАСЫ

2. Метро қай қалада? АЛМАТЫДА

3. «Игрушка» сөзінің қазақшасы. ОЙЫНШЫҚ

4. Балқаш, Зайсан. КӨЛ

5. Сағат нені көрсетеді? УАҚЫТ

6. «Гость» сөзінің қазақшасы. ҚОНАҚ



VIII. Сабақ қорыту. Үй тапсырмасы: 134-бет. 4-тапсырма. Грамматикалық ережені қайталап, 3 сөйлем құрау. Бағалау.

«Зымыран сұрақтар» (қойылған 15 сұраққа 1 минут ішінде жауап беріп үлгеру керек.)


  1. Отбасы мерекесі. (Туған күн)

  2. «Поздравляю» қазақша қалай айтылады? (Құттықтаймын)

  3. «Спасибо» қазақша қалай айтылады? (Рахмет)

  4. Туған күніңе кімдер келді? (Достарым)

  5. Сенің досың қайда тұрады? (Ресейде)

  6. Досыңа не сыйлайсың? (Кітап)

  7. Анаңа не сыйлайсың? (Гүлшоғын)

  8. Дүйсенбіде кім туған?(Дүйсенбек)

  9. «Букет» сөзінің қазақшасы. (Гүлшоғы)

  10. «Вместе» сөзінің қазақшасы. (Бірге)

  11. «Подарки» сөзінің қазақшасы (Сыйлықтар)

  12. Туған күнге тілек. (Туған күнің құтты болсын!)

  13. Жұмада кім туған? (Жұмабай)

  14. Туған күнде не жедің? (Торт)

  15. Туған күн қандай болды? (Көңілді)

Каталог: uploads -> doc -> 0921
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0921 -> 2 “а” сыныбы Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет