Салық алғаш рет Қытайда пайда болған. Салық-мемлекеттік үкімет органдарының азаматтар немесе фирмалардың жалақысы немесе пайдасынан алатын төлемдер. Ол– мемлекеттік бюджетке түсетін қаржылардың негізгі көзі.
Салықтардың қызметі — мемлекет табысын жасайды, экономиканы реттейді. Салықтар табыс, мүлік, тауар, мұра, жер үшін төленеді. Егер мемлекет
салық салмаса, онда ол өзінің экономикалық қызметін орындай алмайды. Салық өнеркәсіптің әртүрлі саласын дамытуға, айналымдағы ақша мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады.