Жауап: Көлік салығын жеке иелігінде көлігі бар жеке тұлғалар, заңды тұлғалар төлеуге міндетті. Ал көлікті сенімхатпен немесе сақтандыру полисі бойынша жүргізіп жүргендер көліктің техникалық төлқұжаты кімнің атына ресімделген болса, сол адамның атынан төлеуі қажет.
Сұрақ: Көлік салығын төлемейтіндер туралы не айтасыз?
Жауап: Қазіргі уақытта көлікті сенімхатпен немесе сақтандыру полисімен жүргізіп жүрген жүргізушілердің ішінде көлік салығын жылдап төлемей жүрген азаматтар аз емес. Көлікті сенімхат арқылы басыбайлы сатып алса да, өз атына
ресімдеуге асықпайды. Сонымен қатар қала ішінде жол жүру ережесін бұзған жағдайда да айыппұл көлік иесінің атына келеді. Сондықтан да көлігін сатушы азаматтар көлікті бірден сатып алушының атына ресімдеп бергені абзал.