сөздің логикалылығының сақталмауы;
сөз және сөз тіркестерінің дұрыс айтылмауы; қаратпа, қыстырма сөздердің көп қолданылуы;
сөйлем ішіндегі есімдіктердің орнымен қолданылмауы.
Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.
Сөзді қиыстырып, орнымен қолдана білу – өнер. Қазақ халқында: «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді» деген мақал бар. Кейде байқамай, ойланбай сөйлеп,
жақын адамдарымызды ренжітіп аламыз да артынан ұялып қалып жатамыз.
Адамның сөйлеген сөзінен оның алған тәрбиесі мен мәдениеті анық байқалып тұрады. Сабырмен басқаның жанын ауыртпай сөйлеуге тырысу керек. Сонда өзің де сыйлы боласың, басқалармен тіл табысуың да оңай болады. Сөйлеу кезінде
мақал-мәтелдерді орынсыз қолдану да тыңдаушыны жалықтырып, кері әсер етеді Әр сөзіңе абай бол. «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деп халқымыз
бекер айтпаған.
«Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі» дегенді қалай түсінесіз?
«Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» дегенді қалай түсінесіз?
Сіз қалай сөйлейсіз?
Қазіргі жастардың сөйлеу мәдениетіне көңіліңіз тола ма? Достарыңыздың сөйлеу мәдениеті туралы айтыңыз. Өз ортаңызда дәлелді, шешен сөйлейтіндер бар ма?
Үйде ата - анаңмен қай тілде сөйлесесіз?
Ойды дәл, санамалап жеткізу үшін қыстырма сөздерді қолданады. Ендеше, өз ойыңызды дәл жеткізуде санамалау әдісін қолданыңыз, сөйлемқұрыңыз.
Мысалы: Рақмет айтқым келеді:
біріншіден, әкеме – қорғаным болғаны үшін рақмет, екіншіден , анаға – өмір сыйлағаны үшін рақмет, үшіншіден, әжеге – ыстық алақаны үшін рақмет, төртіншіден, отқа – жылулығы үшін рақмет,
бесіншіден, суға – тіршілік көзі болғаны үшін рақмет, алтыншыдан, күнге – шуағы мен назары үшін рақмет.
Ой мен тіл өзара байланысты. Ендеше, аңдатпаға көңілбөліңіз.