ПАЙДАЛЫКЕҢЕСТЕР Жұмысқа тұрарда қойылатын 5 қиынсұрақ Жұмысқа тұрарда міндетті түрде жұмыс берушімен әңгімелесу болары анық және олар қоятын сұрақтар да ұқсас болып жатады. Өзіңізді жақсы қырыңыздан көрсету үшін сұрақтарға қалай дұрыс жауап беру керек?
Ең үлкен кемшілігіңіз не?
Мұндай сұрақтар кандидаттың өз кемшілігін мойындап, егер бұл болашақтағы міндеттерін орындауға кедергі келтіретін болса сұрыптаудан шығарып жіберу үшін қойылады. Бұл сұраққа, мысалы, түске дейін өнімділігіңіз ақырындап ояна бастайды, ал түстен кейін екі есе өнімді жұмыс істеймін деп жауап беруіңізге болады. Есіңізде болсын, жұмысқа тұру кезіндегі әңгімелесуде тек жақсы жақтарыңызды көрсетуіңіз керек.