ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырып:Ауызша тілдің диалогтық және монологтық түрлерін дамыту, кемшілігін түзету.
Қабылдаған: Сақулова.А
Орындаған:Алжанова.З
Тобы:105-38
Шымкент-2021 жыл
Сөйлеу өзінің ішкі түрі мен мазмұнына қарай диалогтық және монологтық сөйлеу болып екіге бөлінеді.. Диалог гректің сөз, сөйлеу дегендерінен шыққан, яғни бірнеше кісінін, сөйлесуі дегенді аңғартады. Шынында диалогтық сөйлеу кемінде екі адам арасындағы сөзге байланысты құрылады. Сөйлеу түрі түрліше болып келеді. Сөйлеушінің хабарына қарай олар біріне-бірі қақпайлап, реплика тастап, сұрақ қойып, оған тиісті жауап алып отырады. Бірінің сөзін бірі қайталап, оны қуаттай сөйлеп, сөздер мен сөйлемдерді тұжырымдай түседі. Диалогтык сөйлесуді қазақ тілін практикалық тұрғыдан үйренуде тиісті орындарда пайдаланып отырған жөн. Әсіресе, бұл қазақ тілі материалдарын оқыту процесінде оқушылардың сөйлеу, жазу дағдысын арттыру мақсатында іске асырылуы қажет.Мәселен, дауысты мен дауыссыз дыбыс әріптерінің сөз басында, ортасында және аяғында келетіндігіне байланысты диалогтық сөйлеудің мынадай түрлерін пайдалануға болады: — Екі-үш түбір сөзден біріккен кісі аттарын атай отырып,олардың жазылуындәлелдеңдер. Бұл сияқты сөздерге мыналар жатады «А» деген оқушы Аккозы, Асылбек, Айманкүл, Ақзейнеп. «Ә. деген оқушы: Әбдіхалық,Әйгерім,Әліби,Әсемкүл. «Б» деген оқушы: Байжанбай,Бақтыгүл,Бақберген,Балкүміс Балақаз, Бибігүл т. б. сияқты кісі аттары жатады де жауап береді:
— Түбір тұлғаларын сақтап біріккен сәздерді атаңдар.
— Бұларға мына сөздер енеді: әлдекім, әлдеқашан қайсыбір, әрқайсысы, әркім, ешкім, ешқайда, қайбір.
— Түбір тұлғаларын сақтамай, дыбыстық өзгеріс ұшырай біріккен сөздерді атаңдар.
— Бүгін,биыл, әкел, әкет, жаздыгүні,кыстыгүні бүрсігүні, әнеугүні.
— Түбір түлғаларын сақтамай, дыбыстық өзгеріске ұшырай біріккен кісі аттарын атаңдар.
— Байзақ, Бегәлі, Жүмәділ, Молдахмет, Сейдахмет
— Түбір тұлғаларын сақтап, біріккен ойын аттарын атаңдар.
— Ақсүйек, аккала, соқыртеке.
— Орыс-қазақ, қазақ-орыссөздеріаркылы түбір тұлғаларын сақтап, біріккен сөздерді атаңдар.
— Фотосурет, аэромектеп,автоқалам,қазақфильм, қазақконцерт.
— Түбір тұлғаларын сақтап, біріккен ботаникалық атауларды атаңдар.
— Күнбағыс, итмұрын, қырықбуын, қозыкүйрық. Осындай әңгіме нәтижесінде оқушылардың объектіге деген белсенділігі артады. Олардың тілден алған теориялық білімі іс жүзінде пысықталып отырады. Әңгіме диалог сөйлесудің бір түрі есебінде әрі теориялық, әрі прак-тикалық жүмыс жүйесі үшін пайдаланылады.
Оқушыларға диалогтық сөйлеуді меңгерумен қатар монологтық сөйлеуге де үйретудің мәні зор. Өтілген материалды тұтас мазмұндау, түсіндіру және оны жүйелі, айтып беру монологтық сөйлеуге тән қасиет. Монологтік гректің топоз — бір, жеке және сөз, сөйлеу деген ұғымдарынан келіп шыққан. Оның мәнісі бір сөз, жеке сөйлеу деген мағыналарды аңғартады. Мұнда бір ғана
адам сөйлейді де, басқа адамдар тыңдап отырады. Монологтық сөйлеуде грамматикалық конструкция заңдылықтары сақталып, тиянақты ой қорытындысы жасалады. Оқушының материалды түсіндіруі, мазмұндауы, оқуы, баяндамалар жасауы, жиналыста, митингіде сөз сөйлеуі, күнделікті еңбек қажетіне жұмсалатын сөйлеу түрлері монологты сөйлеудің негізгі көріністері болып табылады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ой, білім дәрежесіне және оқитын класына шақталған көркем шығармалардан алынған мәтіндерді және өздері көрғен, білген оқиғалардың мазмұнын жүйелі айтып беруге сәйкес қазақ тілі материалдарын толық түсіндіруге, мазмүндауға бағытталады. Мүғалім мен оқушының тиісті фактілерді түсіндірудегі монологтық сөйлесуі ауызша түсіндіру, ауызша мазмүндау, мәнерлі оқу түрінде іске асады. 1) Ауызша түсіндіру. Бұл ауызша мазмүндап баяндаудың бір түрі. Әрі теориялық, әрі практикалык ма-териалдардың өзара заңдылыктарына сәйкес жұмыс түрлерін іске асыру үшін жұмсалады. Қазақ тілі объектілерін түсіндіруде көрсету, көрнекілік тәрізді білім беру тәсілдері қатысады. Пікірдің дәл, анық болуында мұғалім логикалық заңдылықтарға сүйенеді. Мүғалім қазақ тіліне сәйкес таңдалған мәтіндегі сөздердің мағы-насын, үғымын түсіндіруде, көбінесе, материалдың прак-тикалық жағына назар аударады. Мәселен, сөз және оның мағыналары туралы мағлұматты түсіндіру тәртібі былайша жүргізіледі.
2.Әрбір сөз белгілі бір ұғымды білдіреді. Сөз бен ұғым бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бірақ олар тең дәрежеде қолданылмайды. Себебі сөз — тілдік қүбылыс та, ал ұғым — ойдың формасы. Тілсіз сөйлем болмайды. Ұғым тілде сөз арқылы аталады. Сондықтан белгілі бір ұғымға берілген атауларды сөз дейміз. Айталық, аға, іні, бала, жол, биік, аласа, бір, үш, бес, қол, аяқ т. б. 2) Ауызша мазмүндау. Монологтык сөйлеудің бұл түрі оқушының оқыған мәтінді түсінгенін және қалай меңгергенін байқап білу тәсілдеріне саналады. Ауызша түсіндіру мен ауызша мазмүндаудың бір-бірімен аздап болса да өзіндік ерекшеліктері бар. Ауызша түсіндіруде, негізінен, тыңдаушының ойын, назарын аударып, дерексізден деректіге қарай үғындыру амалы мен тәсілі басым. Сондықтан түсіндіруде объектінің өзіндік белгілеріне қарай айтылатын ой өте анық, дәл және ықшам болуды талап етеді. Ал ауызша мазмұндауда тыңдаушының ойы мен қиялын, елесі мен сезімін оятып, объектіні-көркем бейнелеп беру қасиеті күшті келеді. Ауызша мазмұндаудың суырып салып айту (импровизациялық) табиғаты ауызша түсіндіруден ең басты айырмашылықтардың бірі болып табылады. Ауызша мазмұндау үшін; ешқандай дайындықты керек етпейтін түрін суырып салып айту дейді. Тыңдаушы алдында өз ойын кеқейтіп. оны жаңа фактілермен айтып отырады. Бұл қиындау болғанымен тәрбиелік рөлінің күшті екені мәлім.
Мазмұндау оқушының тіл мәдениетін өсіруде үлкен қызмет атқарады. Көбінесе, мәнерлеп оқуға қарағанда ауызша мазмүндауда окушылардың сөздігі мен сөз құрылымы көбейіп оқушының пассив сөздігі мен актив сөздігі, яғни қолданылып жүрген сөздігі молығады. Меңгерілетін сөз көп қолданылу нәтижесінде аясы кеңейіп. актив сөзге айналады. Оқушынын, өмірден көрген, білғендерін, қоршаған табиғатпентүрмыстіршілігінен алған әсерін айтқызып отырудың тілді іс жүзінде меқгертуде пайдасы мол.
Мүғалім оқушыларға бағыт, бағдар беріп отырады. Мазмұндаудың алғашкы сейлемдерін шамалап айтады Да, қалған жағын жалғастыруды оқушылардың өздеріне тапсырады. Олар көрген-білгендерін қысқа түрде дәптерлеріне тезис жобасын жасайды. Мәселен, «Е» деген оқушы «Механизм тетіктері» деген тақырып бойынша мазмұндай тезис жобасын қүрады:
Совхоз орталығы.
Механизатор, слесарь, шофер болу мақсаты.
Шеберханаға жиі баруы.
Механизм бөлшектерін сұрау.
Механизмдердің атқаратын рөлі.
Үш мыңнан астам термин сөздің барлығы.
Ол сөздердің кейбіреулеріне түсініктеме беру. Сөйтіп ауызша мазмұндауда объектінің өзіндік ішкі
белгілері түгел қамтылады, заттың ішкі, сыртқы көрінісі толық түрінде жеткізіледі. 3) Мәнерлеп оқу туралы түсінік. Мәнерлеп оқу — монологтық сөйлеудің бір түрі. Ол тіл мен әдебиет пәндеріне тығыз байланысты қаралады. Оқушы көркем әдебиетті, одан алынған үзінділерді оқи отырып, қүбылыстармен жан-жақты танысады. Шығарма иелері қандай емір қүбылыстарын суреттесе де, ең алдымен сезім дүниесіне әсер етуді мақсат етеді. Саналы оқу, оқылған мәтінді жете түсіну — мәнерлеп оқудын ен басты қасиеті. Сезімге әсер ету мәтінді мәнерлі оқуға тікелей қатысты. Мәтінді мәнерлеп оқуда онын, негізгі принциптерінесүйенгенжөн: а) оқыған мәтіннің мазмұнын түсіне білу; ә) оқушының айтылған ойға сенімді әрі тцянақты қатынаста болуы; б) мәтінде айтылған ойды, дәлелдерді, мағлұматтарды талдай білу. Осындайталаптарды сақтаған кезде ғана қазақ тіліне байланысты мәтіндерді мәнерлепоқудын, түрлерімен тәсілдерін игеруге болады. Оқу үстінде мына сияқты тілдік фактілерді ескерген жөн: а) оқу тұсында сөйлем ішінен жеке әріпті, жеке буынды,жекесөздіқалдырып кетпеу; ә) контекстегі жеке әріпті,буынды, сезді, сөз тіркестерін қайталамау; б) жеке дыбыстардың, сөздердің және сез тіркестерінін. ауыстырылмауы; в) оқу үстінде сөз бен сөздің, сөйлем мен сейлемнің байланысу жақтарын еске түсіру; г) мәтін оқуда орфоэпиялық жақтан мінсіз болу; ғ) мәтін оқуда мәнерлеп оқу тәсілдеріне баса назар аудару. Мәнерлеп оқу сапасына қарай — түсініп оқу, дауыстап оқу, іштен оқу, шапшақ оқу болып бөлінеді. Мәтінді түсініп, дұрыс оқу I—XI класс көле-мінде былайша жүзеге асырылады: а) мәтіндегі сөздерді дыбыс пен әріптерге талдау; ә) мәтіндегі сөздерді буындарға ажырату; б) мәтіндегі сөздердің түсінікті, түсініксіз екенін сұрау; в) мәтіндегісөздерділексикалық жақтан түсіндіру; г) мәтіндегі сөздердін, түбір тұлғасын анықтау; ғ) мәтіндегі сөздерді сөз таптарына карай талдау; д) мәтіндегісөз тіркестерінің түрлерінажырату; е) мәтіндегі жай сөйлемнің түрлері мен тыныс белгілерін ажырату; ж) мәтіндегі сөздердің орын тәртібі мен байланысу жолдарын ажырату; з) мәтіндегі құрмалас сөйлемдердің жолдары мен сыңарларын талдау; и) кұрмалас сөйлемнің ерекшеліктерін аңғарту; й) мәтінді тақтаға жазып, дұрыс окуды талап ету; к) мәтівдегі қиын сөздер мен сейлемдерді қайталап оқыттыру; л) мәтіндегі қате оқылған объектілерді тыңдапотырғаноқушыларға түзеттіру; м) мәтіннің қысқаша мазмұнын айттыру; н) мәтінді дұрыс оқуға пайдасы тиетін жаңалық ха-барларды оқыту; о) түсініп дүрыс оқуға пайдасы тиетін мәтіндерді карточкаға жазып жаттықтыру.
Сөйтіп мәтінді түсініп, дұрыс оқығанда, сейлем мен сөзді дыбыс пен буынды қайталамау, жаң адан дыбыс-тар қосып, сөз, сөйлем мағынасын бұзбау талаптары қалтқысыз орындалуы тиіс. Түсініп, дұрыс оқудың мұ-нан да басқа жұмыс түрлері мен амал тәсілдері бар. Мәселен, мәтінді бір оқушы оқып тұрғанда, мұғалім мен оқушылар мәтінге қарап бақылап отырады. Дұрыс оқылмаған орындарын мұғалімнің айтуымен оқушылар түзетеді. Түсініп, дүрыс оқуға жаттықтыруда қиын сөздерді буынға немесе дыбысқа жіктеп оқытқан жөн. Мүндай сөздерді мүғалім өзі айтып беріп, бүдан кейін оқушы-ларға қайталаттырады.Сондай-ақтүсініпдүрыс оқу күнілгерімұғалімніңтапсыруыбойынша, үйде және класта дұрыстап оқуғаәзірленіпкелген материалдар бойынша жүргізіледі. 4) Пауза және оның түрлері. Қазақ тіліне байланысты таңдалған мәтіндерді оқуда кі-дірістің (паузаның) рөлі үлкен. Паузасөзілатынның раизе — тоқтау, тоқтату, тоқталу деген сөздерінен- шыққан.
Әдебиеттер:
1.Специальная педагогика /Под. ред Н.М.Назаровой, М.-2000.3-17б.
2.Настольная книга педагога- дефектолога /Т.Б.Епифанцева, Феникс,2006.
3.Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии, М.-1990.8-17б.
4.Дефектология: словарь – справочник. / Под ред. Б.П. Пузанова, М., 1996.
5.Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6-ти томах, М., 1983.
Достарыңызбен бөлісу: |