Абдреев Алихан, 101 топ БӨЖ – 5


ИДЕОЛОГИЯ ШЫЛАУЫНДАҒЫ ТАРИХНАМА



бет7/7
Дата06.01.2022
өлшемі32,13 Kb.
#110017
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БӨЖ - 5

ИДЕОЛОГИЯ ШЫЛАУЫНДАҒЫ ТАРИХНАМА

2010 жылы Мәскеудегі «ЖЗЛ» сериясы аясында Бекмаханов туралы кітап шығарған зерттеуші Медеу Сәрсеке 1951 жылғы атышулы мақаланы «Правда» газетінің өз қызметкерлері ұйымдастырған деген пікір айтады.

«Қазақстан КП(б) Орталық комитетінің бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов оған қол қоюға тиісті адам екен. Бірақ Жұмекең авторлықтан иланымды желеу айтып бас тартқан соң, орталықтағы билік оны жоғарыдағы үшеумен ауыстырған. ...Әрине, неше жыл бойы соңына шам алып түсіп, «домалақ арыз» жолдап, түрліше айтыс-тартыстар да ұйымдастырып, пышағын қайрап жүрген қызғаншақ әріптестері өз ортасындағы жалғыз докторды солтүстіктегі жер түбіне жөнелтуге ерекше белсенділік көрсетіп, әпербақандық танытқаны – бүгінде де зор қынжылыспен мойындайтын ащы шындық!» дейді («Мәскеу. «ЖЗЛ» сериясы, 9-шы кітап», М.Сәрсекемен сұқбат, «Егемен Қазақстан» 29 желтоқсан, 2010 ж.).

«Шаяхметов ауторлықтан бас тартты» дегеннің өзінде де оның пленумда жасаған баяндамасының құлашы «Правдадағы» мақаладан әлдеқайда кеңге сермелді («Большевик Казахстана», №10, 7-б. қазан, 1951 ж.).
Астанада Кенесары Ханға қойылған ескерткіш.

1952 жылы Бекмаханов істі болып жатқанда Т.Шойынбаевтың «Кенесары Қасымовтың реакцияшыл феодалдық-монархиялық қозғалысын баяндаудағы ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы» деп аталатын кітапшасы республикаға жаппай таратылып, үгіт-насихат жұмыстарында қолдан түспейтін құралға айналды.

Бекмаханов ақталғанымен «Кенесары қазақ халқының жендеті және тұншықтырушысы болды. Ол өздерінің төлеңгіттерінен шайка ұйымдастырды» дейтін пікірлерінен Т.Шойынбаев бас тартқан жоқ. Қазақстанның Ресейге қосылуының 225 жылдығына арналған «Қазақ халқының тарихындағы ұлы оқиға» (А.,1957) деп аталатын мақаласында осы сарындағы пікірлерін тағы да қайталады.

Сталиннің жеке басына табыну кезінде етек алған саяси қуғын-сүргін кезінде жеке адам факторы көп рөл атқарды. Кей ғалымдардың жеке бас араздықтары ғылыми еңбектерден саяси қате іздеуге ұрындырды. Ғалымдардың идеология жетегінде кетуі диктаторлық режимнің оң жамбасына сай келді. Сөйтіп, саяси қателік іздеудің соңы – жазықсыз ұстап беруге ұласып, тіпті «ұстап бергендердің» өзі де ұсталып жатты.

Қазіргі қазақстандық тарихшылардың әрекеттері де советтік идеологияға негізделген әдіснамадан ажырмағандығын көрсетеді. Тарихшы-профессор Закратдин Байдосовтың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «өмірлік президент» мәртебесін беру жөнінде айтқан ұсынысын, Семей мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сыдықовтың «Назарбаевтың өкілеттігін референдум арқылы ұзарту» жөнінде көтерген бастамасын көптеген белгілі ғалымдардың қолдай жөнелгені белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет