Абдуллаев Наурыз Атымтаевич педагогикалық артистизм негізінде мұҒалімнің ҚҰзыреттілігін қалыптастыру 7М01110- педагогика және психология білім бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет8/32
Дата08.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#117207
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
Аблуллаев Наурыз

1.2.
 
Мұғалімнің 
кәсіби 
құзыреттілігін 
қалыптастыруға 
педагогикалық артистизмнің әсері 
Мұғалім мамандығы болмысы бойынша сахналық мәнерге ие, оның 
ерекшелігі екіжақты қарым-қатынас үдерісі болып саналады. Заманауи көзқарас 
педагогикалық кәсіпке креативті қабілеттердің болуын (Д.Г. Богоявленский, 
Л.С. Выготский және т.б.), түрлі аспектілерде профессионализмнің жоғары 
деңгейін қалыптастыруын талап етеді (А.А. Вербицкий, В.А. Сластенин,
Н.В. Кузьмина және т.б.) [29]. 


25 
Заманауи педагогикалық әдебиеттерде түрлі авторлар мектеп мұғалімінің 
профессиографиялық моделін ұсынды (Л.Ф. Спирин, О.А. Абдуллина,
В.А. Сластенин, А.Ф. Ушанов және т.б.). Л.Ф. Спирин ұсынған 
жалпыпедагогикалық 
дайындық 
құрылымын 
анықтайтын 
тұғырды 
қарастырдық. Бұл модельде тұлғаның мінездемелік сапалары ұсынылған, 
жалпыпедагогикалық білім, білік, дағды блоктары анықталған [30]. 
Сонымен қоса, О.А. Абдуллинаның «Жоғары педагогикалық білім беру 
жүйесіндегі мұғалімнің жалпыпедагогикалық дайындығы» жұмысы да маңызды 
және қызықты. Бұл жерде ЖПД құрылымы мен мазмұны суреттелген, және де 
кәсіби жоо-лық дайындық үдерісіндегі білім, білік, дағды жүйесінің қалыптасу 
әдістемесі ұсынылған [31]. 
С.И. 
Ожеговке 
сәйкес, 
артистизм–өнердегі 
жоғары 
шеберлік, 
виртуоздылық [32]. Артистизм зерттеу объектісі ретінде көпқырлы және 
ғылыми білімнің әлеуметтік-гуманитарлық, техникалық салаларының өкілдері 
үшін де қажет. Педагогтан белгілі-бір деңгейде оқу курсы бойынша ақпаратты 
«қызықты» және «әртістік» түрде жеткізуді күтеді. Бірақ С.И. Гессен жазуы 
бойынша, «профессордың ораторлық өнері оның сөйлеу мәнерінің 
оңайлығында ғана емес, сонымен бірге дәріс кезінде жаңа дәлелдеулерді 
ашатын ойлау қабілеті» [33]. 
С.Л. Вигман мұғалім әртістілігі арман емес, ал керекті қажеттілік, ол 
өзінің бойында сол қабілетті дамытқысы келетін адамға қол жетімді деп 
есептейді [34]. Г.А. Гарипова артистизмді адам іс-әрекетінің барлық саласына 
қатысты жалпымәдени категория ретінде көрсетеді: өмір салты мен жүріс-
тұрыс, өнердің түрлері, ғылыми іс-әрекет. Ол артистизмді өзгеруге қабілет қана 
емес, сонымен бірге тұлға сапаларының бүтін жүйесі ретінде көрсетеді [35]. 
Ж.В. Ваганова «артистизм» ұғымын сөзде, жүріс-тұрыста, образда ойды іске 
асыра білу қабілеті, оқушыға «жағыну» деп түсіндіреді. Педагогикалық 
артистизм бейнелік-эмоционалды «құралға» негізделген педагог пен оқушы 
арасындағы үйлесімді жеке өзара қарым-қатынасқа қабілеттілік, оқушымен 
бірге сәттілікке жету үшін керекті рөлге кіре білу [36].
В.И. Загвязинский артистизм–бұл жаңаны қалыптастырудағы ерекше, 
эмоционалды тіл; түсінушілік пен диалогқа негізделген педагог пен оқушы 
арасындағы өзара шығармашылық стилі; тұлғалық қасиеттердің байлығы, қиял 
ойыны, ішкі еркіндік сезімі деп есептеді [37]. О.С. Булатова педагогикалық 
артистизм ұғымын анықтауда В.И. Загвязинскиймен келіседі. Педагогикалық 
артистизм–бұл оқушы мен мұғалім арасындағы өзара шығармашылық деп екі 
ғалым есептейді, бірақ Булатова бұл анықтаманы тәрбиеленушіге эмоционалды 
әсер ету, әдемі, әсерлі, сендіру арқылы ақпаратты жеткізу деп толықтырады 
[38]. 
Шынайы артистизм педагогтың ішкі дүние әдемілігінің бір бөлігі, 
мәселелерді шешуде фантазияны, интуицияны қолдана білу, логикалық және 
эстетикалық жобалаудың үйлесімде болуы. Артистизмге кітаптағы ережелерді 
жаттау арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Идеяны түсіну және қабылдау, 
фантазиямен, интуициямен, импровизациямен, сөйлеу мәнерінің техникасымен, 


26 
ашықтыпен байланысты қабілеттіліктерді дамыту бойынша жұмысқа кірісу, 
оқушылардың жақсы қасиеттерін ояту арқылы артистизмге үйренуге болады. 
Актерлік мамандықтың спецификасын К.С. Станиславский ашып көрсетті, 
мысалы актер өзінің сүйкімділік күшін, аудиторияға әсер етушілік қабілетін 
шеберлік ретінде түсінуі [39]. 
Педагогикалық қызметпен актерлік қызметтің арасында жалпы төменде- 
гідей ұқсастықтар бар: 
-
мазмұндық ерекшелік–екі қызметте адамдардың дара ерекшеліктеріне 
қарай ынтымақтастық әрекеттесу арқылы өтеді. Сондықтан, мамандарға жақсы 
коммуникативтік қабілеттер қажет. Бұл ерекшеліктің іске асуында үш кезең 
болады: дайындық, техникалық, болашақ істі ойластыру, жоспарлау, ойды іске 
асыру, орындау; 
-
мақсаттылық ерекшелік–басқа адамға ықпал жасауда, эмоционалдық 
күйзелістің болуы;
-
инструменталдық ерекшелік–актердің психофизикалық табиғаты ықпал 
жасау инструменті ретінде;
-
процессуалдық ерекшелік–шығармашылық көпшілік алдында өтеді, 
уақытқа шектеулі, нәтиже өзгермелі, уайым ортақ, шығармашылықтың 
ұжымдық сипатта өтуі; 
-
құрылымдық ерекшелік–материалды саралау, мәселені белгілеу, ойдың 
пайда болуы, оның іске асуы, нәтижені саралау, тузету еңгізу; 
-
концептуалдық ерекшелік–тәрбиешінің әлеуметтік функциясының іске 
асуында интуицияның, сезімнің, шабыттың кәсіби эмоциялардың болуы, 
автоматандырудың орын алмауы.
О.С. Булатова «қызметтердің арасында айырмашылықтар да бар: актерге 
сценарийді режиссер жазады, ол біреулердің рөлін ойнайды, ал мұғалім өзінің 
рөлін ойнайды, ол әрі актер, әрі режиссер дейді. Мұғалім актердей 
аудиторияның алдында тұрғанда тыңдаушылардың назарын өзіне бірден аудара 
алатындай қабілеттерін жоғары дәрежеде дамытуға тырысуы керек.
Заманауи педагог, біздің ойымызша, жарқын индивидуалдылыққа ие, 
мәселелерді шешуде көмек көрсете алатын, эмпатия сезімі бар, мәтінді 
түсіндіруде шығармашылық жолын таба білетін, қызықтыра алатын тұлға бола 
білуі тиіс. Ол үшін педагог мәдени және кәсіби компетенттілікті меңгеруі тиіс, 
өйткені педагог оқушыларды оқыту барысында әрбір баланың жан-дүниесін 
сезінеді, кеңес, керек жағдайда кәсіби көмек көрсете білуі қажет. 
Артистизм түсінігі теория мен тәжірибеде толық анықталған жоқ, 
сондықтан мамандардың кәсіби маңызды сапаларын дамытуды қиындатады. 
Педагогикалық өнерді, көбінесе, бір актердің театры деп есептейді. 
Көптеген зерттеушілер (И.А. Зязюн, Г. Брагина, О.С. Булатова, Ж.В. Ваганова 
және т.б.) өз жұмыстарында актер мен мұғалім мамандығының арасындағы 
ұқсастықтарды көрсетеді: оларды бір мақсат байланыстырады-аудиторияның 
ойы мен сезімін қоздыру (адамның адамға әсері), осы екі іс-әрекетті оқытады 
және тәрбиелейді, мұғалім мен актер еңбегі өзгермелі, тек қана актер мен 
мұғалім 
жұмысы–бұл 
шығармашылық 
акт, 
әсіресе 
эмоционалды-


27 
коммуникативті сферадағы өз ойын білдіре алу өнері. Эмоционалды-
коммуникативті сфера педагог пен бала арасындағы өзара қатынасымен 
байланысты, себебі тәрбиеші сабақ құрылымын анықтай отырып, 
«педагогикалық әсер етудің драматургиясын» құрады, баланың даму зоналарын 
анықтайды, тәрбиелік әсердің жоспарын құрастырады (В.А. Кан-Калик) [40]. 
Сондықтан педагог үшін театралдық іс-әрекет ұстанымдарын, заңдарын білу 
маңызды деп көрсетеді И.А. Зязюн. Ол үшін К.С. Станиславскийдің жүйесі 
көмек көрсетеді. Онда ең бірінші рет іс-әрекеттегі тұлға талантын 
қалыптастыру сұрақтары шешіледі. К.С. Станиславский жүйесі–актерлік 
шығармашылық туралы ғылым ғана емес, сонымен қоса объективті заңдарға 
сүйене отырып, түрлі қабілеттерді дамыту, өсіру, байыту туралы ғылым. 
Бастауыш сынып мұғалімінің мамандығын игеру кәсіби қасиетке айналатын 
тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеуді меңзейді. М.В. Николаева бастауыш сынып 
мұғалімінің арнайы мінез қырларын бөліп көрсетеді, олар: эмпатия, 
оқушылардың қажеттіліктеріне сенситивтілік, оптимизм, қайырымдылық, 
сабырлық, зейіні дамыған, шынайылық, өзін-өзі ұстай алу қабілеті. И.А. Зимняя 
кіші мектеп жасындағы балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің сапаларына 
жүйке жүйесінің мобильділігі, бірқалыпты экстраверттілік, қиял қабілетінің 
жоғары деңгейін жатқызады. Бастауыш сынып мұғалімінің мәртебелік-
позициялық сапасын мінездей отырып, иілгіштік және әлеуметтік рөлдердің 
оңай ауыстыруын (мұғалім, кеңес беруші, досы, ата-анасы және т.б. рөлдер) 
айта кеткен жөн. Мұғалімнің коммуникативті (интерактивті) сапаларына 
педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктерін жатқызады. Балаға қарым-
қатынас үдерісін эффективті және қуанышты етіп қамтамасыз ету үшін мұғалім 
мультфильм, ертегі, кітап, жағдай әлеміне «енуі» керек, мұғалімнің өзі де осы 
әлемді түсініп, қабылдауы керек [41]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет