Абдуллаева Динара Құрманәліқызы Қызылорда облысы Шиелі ауданы



Дата26.08.2017
өлшемі88,56 Kb.
#29147
түріСабақ
Абдуллаева Динара Құрманәліқызы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі



Биология пәнінің II санатты мұғалімі




Пәні: Биология Сыныбы: 10 «А» 22 .11.2016ж Абдуллаева Динара Құрманәліқызы


Сабақ тақырыбы:

Вирустық аурулардың алдын алу.

Жалпы мақсат:

Оқушыларға вирустық аурулар, олардың алдын-алу жолдары туралы кең мағынада түсінік беру.

Әдіс-тәсілдер:

Диалог, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, оқулықпен жұмыс, интербелсенді тақтамен жұмыс, «кубизм» әдісі.

Күтілетін нәтижелер:

Вирустық аурулардың түрлерімен танысады, вирустардың түрлерін бір-бірінен ажырата біледі. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағытталады, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті артады. Өзіндік ой қорытуға, тұжырым жасауға дағдыланады.

Негізгі идеялар:

Сыни ойлауға үйрету, ынтымақтастықта оқу, бір-бірінің пікірін тыңдауға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі:

Интербелсенді тақта, слайд-презентациялар, постер, маркер, адам тұлыбы, мульяж, кубиктік сұрақтар, плакат (көкөністер), нақыл сөз, «Биолог анықтамалығы» журналы

І. Мотивациялық кезең


Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Оқушылар сәлемдесіп, «Шын жүректен» әдісі арқылы бір-біріне тілектер айтады.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Сыныпты 2 топқа бөлу. Топтар вирустың түрлерін таңдау арқылы бөлінеді: ЖИТС вирусы. Тұмау вирусы.


Оқушылар бір-біріне тілек тілейді.

Оқушылар вирустардың суреті арқылы 2 топқа топтасады.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

«Ғалымдар сөйлейді» әдісі.

  1. Д.И.Ивановский

  2. Д.И.Менделеев

  3. А.Я.Данилевский

  4. Р.Браун

  5. Р.Гук

  6. А.В.Левенгук

  7. К.Шмид

  8. Я.Беккори

  9. Л.К.Полинг

  • 1 топ(ЖИТС)

  • 2 топ (Тұмау)

1-тапсырма

  1. Бірнеше жауабы бар тест тапсырмалары.

1)XIX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеген және кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапқан ғалымдар?

A. Р.Кох

B. Г.Мендель

C. У.Стенли

D. Д.Рей

E. Д.И.Ивановский

F. С.Гейлс

G. Н.Вавилов

H. Ф.Мишер

2. Вирустың зиян келтіретін ағзалары?



A. Асфальт

B. Адам

C. Су

D. Өсімдік

E. Ауа

F. Жануар

G. Топырақ

H. Өзен сулары

2-тапсырма

«Кубизм» әдісі арқылы оқушылар сурақтарға жауап береді.


  1. Микробиология ғылымының дамуына қандай ғалымдар еңбек сіңірді?

  2. Д.И.Ивановский еңбектерінің құндылығы қандай?

  3. Ф.Туорт еңбектерінің құндылығы неде?

  4. Адам өмірінде ашытқыш бактериялар мен шіріткіш бактериялардың қандай маңызы бар?

  5. Вирустар туралы не білесіңдер? Олар басқа жасушаларда қалай дамиды?

  6. Бактериофагтар дегеніміз не?



  1. Видео көрсетілім (Бактериофагтың құрылысы)

  2. Тәжірибе көрсету (Вирустың тіршілігі)

Биология ғылымына үлес қосқан ғалымдардың еңбегін айта отырып, өздерін таныстырады.

Оқушылар интербелсенді тақтадан үй тапсырмасын пысықтайды.

Бір сұрақта бірнеше жауаптарды белгілейді.

Оқушылар 6 қырлы кубикті лақтыру арқылы сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар вирустың жасушаға енуі интербелсенді тақтадан көреді.


ІІІ. Жаңа сабақ


Әрбір топқа тақырып бойынша тақырыптардан шағын жоба қорғау тапсырмаларын беру.

Оқушыларға мәтінмен жұмыс жасау тапсырылды.

Оқушыларға таныстырылым жасау тапсырылды.

Бағалау критериймен таныстырады.

Топтарға тапсырма:

1-топ(ЖИТС); ЖИТС вирусының құрылысы және тіршілік әрекеті.

2-топ(Тұмау); Вирусты аурулардың алдын алу шаралары.

Өзара бағалайды

Мұғалім сөзі.

Оқушылар вирустық аурулардың түрлері және емдеу шаралары туралы көрініс қояды.


Видеоролик көріп сабаққа кіріспе. Топпен бірлесе отырып мәтінді оқиды, кіші жоба қорғау арқылы мәтінді талдайды.
Оқушылар сары ауру вирусының пайда болу себептері туралы көрініс қояды.

Сергіту сәті

Денсаулық тақырыбы бойынша мақал-мәтел, нақыл сөздер айту.

  • Денсаулық байлықтан қымбат.

  • Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты.

  • Сауығудың бірден бір шарты- сауықсам екен деп тілеу.

  • Қимыл өмір қоймасы.

  • Тамақты тарта жесең, санаңды ашар, көп жесең, ұйқы басар.

Оқушылар денсаулық туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер айтып жарысады.

ІҮ.Кейінгі тапсырма


Бекіту кезеңі:

2-топқа тест тапсырмасы беріледі

1. Олар жасушасыз тіршілік құрылымы болып табылады.

а) бактериялар ә) вирустар б) саңырауқұлақтар

2. ЖИТС (СПИД) ауруының қоздырғышы:

а) бактерия ә) вирус б) спора

3. Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті:

а) бактериофаг ә) иммунитет б) індет

4. Тұмау, сары ауру, шешек,қызылша ауруларының қоздырғышы:

а) бактерия ә) вирус б) бактериофаг

5. Бактерия жасушасына енген вирус:

а) бактериофаг ә) спора б) бактерия

6. Сыртында нәруызды қабығы бар заттардан және екі түрлі нуклеин қышқылынан құралған:

а) бактерия ә) цианобактерия б) вирус

7. Вирустың генетикалық материалы қандай химиялық затқа негізделген:

а) көмірсуға ә) ақуызға б) нуклеин қышқылына

8. Микроорганизмдерді және актиномицеттерді зақымдап,

ерітіп жіберетін вирустар тобы:

а) бактериофагтар ә) бактериялар б) энтеро вирустар

9. Бактериофагтың көбею стадиясының ұзақтығы:

а) 20-30 минут ә) 30-90 минут б) 60-90 минут

10. Жасушасыз ағзалардың денесі тұрады:

а) ядродан ә) ақуыз қабықшасымен оралған нуклеин қышқылынан

б) рибосомадан

11. Бактериофаг- бұл:

а) бактериялар мен вирустардың симбиозы ә) бактерияны зақымдайтын вирус б) бактерия жасушасының бөлігі

12. Вирус туғызатын ауруларды көрсетіңіз:

а) іш сүзегі, сал ауруы, қызылша ә) оба, сары ауру, іш сүзегі

б) сал ауруы, шешек, тұмау

1 ә) 8 а)

2 ә) 9 ә)

3 ә) 10 ә)

4 ә) 11 ә)

5 а) 12 б)

6 б)


7 б)


Оқушылар тест тапсырмаларына жауап береді.

V.Бағалау

Топта өзара бағалау. Өзін-өзі бағалау. Рефлексия.

бүгінгі сабақта ............ үйрендім

бүгінгі сабақта ............ білдім.

бүгінгі сабақта ............ білуім керек.





Топтарды және өзін-өзі бағалайды.

VІ.Үйге тапсырма

Вирустық аурулардың алдын алу тақырыбы бойынша ізденіс жұмыстары.

Әр ауру вирусының суретін салып келу.




VII. Рефлексия


Не ұнады? Не ұнамады? Не қиын болды?






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет