Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары


) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. 1837-1847 ж



бет4/29
Дата17.10.2023
өлшемі220,31 Kb.
#186057
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары-emirsaba.org

48) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. 1837-1847 ж
Көтеріліс себептері:
-Дәстүрлі биліктің жойылуы
Ертіс. Есіл өзендері бойындағы, Шығыс, Солтүстік Қазақстан аймағындағы құнарлы жерлердің орыс шаруаларына, орыс казактарына берілуі
-Алым-салық түрлерінің көбеюі
-Патша үкіметінің әскери отрядтарының қазақ ауылдарына шабуылдауы
-Дәстүрлі көші-қонның бұзылуы
Көтеріліс мақсаты: қазақтардың патша үкiметi тартып алған атамекен қонысын қайтарып алу, округтердi тарату, отаршылар енгiзген алым-салықтарды жою едi.
Көтерілістің қозғаушы күші: қарапайым халық (қазақ, орыс, башқұрт, өзбек, қарақалпақ және басқа халық өкілдері болды) , старшындар, батырлар, сұлтандар
Көтерелістің басқа көтерілістерден басты ерекшелігі: Қазақстанның барлық аумағын, 3 жүзді қамтуы
Ол отаршылдыққа қарсы күресте өзінің әкесі Қасымның, бауыры Саржанның жолын жалғастырушы ретінде көрінді. Абылай хан немересі
1837 ж Кенесары Пептропавл қаласынан шыққан керуенді қорғайтын казактарға шабуылдай өзінің патша өкіметіне қарулы қарсылықты бастағанын байқатты. 1838 ж Кенесары жасағы Ақмола қамалын талқандап, өртейді. 1839-1840 ж жасағы Есіл бойындағы әскери бекіністерге шабуылдайды.
1841 ж қыркүйек айында Үш жүз өкілдері Кенесарыны қазақ ханы етіп сайлайды, сол жылы оңтүстіктегі қоқан әскерін талқандап, Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт тәрізді қамалдарды қазақтарға қайтарды.
1843 ж I Николай патша Кенесарыға қарсы әскери экспедиция ұйымдастырды. Ханның басына 3 мың сом мөлшерiнде сыйлық жарияланды. Көтерiлiсшiлерге қарсы старшина Лебедев басқарған жазалаушы отряд жiберiлдi. 1843 жылы сұлтандар А. Жантөрин мен Б. Айшуақұлы бастаған екiншi әскер жабдықталды. Онымен бiр мезгiлде Омбыдан, Петропавлдан, Қарқаралыдан да әскерлер шықты. Патша үкiметiнiң әскерлерi жергiлiктi жер жағдайын нашар бiлдi, сондықтан бірнеше рет жеңілген болатын. 1844 жылы Кенесары хан Тобыл өзенiнiң жоғарғы ағысында А. Жантөрин сұлтанның әскерiне күйрете соққы бердi. Кенесарының негiзгi әскери күштерi 1844 жылдың тамызында Екатерина станицасына шабуыл жасады.
1845 ж Кенесары хан ордасын Орынбордан Долгов пен Герн бастаған елшілік келіссөз жүргізу үшін жіберілді. Кенесары ханның қазақ жерін қайтаруды талап етуі, патша өкіметінің отарлау саясатынан бас тарқысы келмеуі келіссөздің нәтижесіз болуына себеп болды.
Патша үкіметі Кенесарыны Кіші мен Орта жүз аймағынан ығыстыру үшін жедел түрде Ырғыз бен Торғай бекіністерін тұрғызды. Нәтижесінде 1846 ж көтерілісшілер Жетісу мен Ұлы жүз аумағына ығысуға мәжбүр болды. Сібірдегі өкімет билігі Омбыдан елеулі әскери күшін зеңбіректерімен қоса Жетісуға жедел түрде жіберді. Әскери күші басым Ресейдің қысымынан Кенесары хан әскерімен Алатау бөктеріне, қырғыз жеріне жақындайды. Қырғыздар Қоқан хандық ықпалында болды. Хан қырғыз руларын патша үкіметімен және Қоқан хандығымен күресу үшін күш біріктіру қажеттілігінен өзіне бағынуын талап етеді, бірақ қырғыздар ол ұсыныстан бас тартады. 1847 ж Кенесары хан 32 сұлтанымен қырғыз әскерінің қоршауына түсіп қалып, ініс Наурызбай Қасымұлымен бірге қаза тапты. Көтерілістің соңғы кезеңдегі сәтсіздікке ұшырау себептері:
-Қырғыз манаптарының Ресеймен келісімге келуі
-Кенесарының қол астына қосылып, бірақ соңғы шешуші сәтте соғыс алаңын тастап кеткен Рүстем сұлтан мен Сыпатай би сияқты билеушілердің Кенесары әскерін әлсіретуі
-Қоқан хандығының Кенесарыға қарсы соғысу үшін қырғыздарға әскери көмек беруі
Патша үкіметі П. Горчаровқа Кенесары басын тапсырғаны үшін ленталы “Георгиев күміс медалі” берілді.
Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет