Қабылдаған: Абдуллина г орындаған: Тұрсынбек а тобы


Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі



бет2/3
Дата29.11.2022
өлшемі38,49 Kb.
#160323
1   2   3
Байланысты:
Педагогика Бөж Аяулым Тұрсынбек
Ахмет Байтурсынұлы , хат балалар оқулары (2)
Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі
Оқыту процесі- білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш- қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс- әрекет барысы.Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері бар.Сонымен оқыту мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынана туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.Оқыту- таным процесі. Танымының ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.Оқытудың міндеті- оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізіг заңдылықтарымен қаруландыру.Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.Оқыту- даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізі 2 белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан жақты жетілуін түйістіреді.Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізігі факторлардың бірі- өзара қарым- қатынас жасау іс- әрекеті. Сөйтіп оқыту процесі- мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым- қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді.Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдауыш ғана емес, оның оқу іс- қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі оқытудағы субьекті екенін айқындайды.Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болымысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағыдланады.Бұдан шығатын қорытынды: оқыту- бала дамуының алғы шарты, оқыту- баланың рухани жағынанан жетілуін қамтамасыз етеді; Демек оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс орнап отыр. Л.В. Выготскийдің Баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп есертеді, осыған орай, бала дамуының 2 зонасы болатының айтады,1- і зона - бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына 2- і зонаға жеткізуге міндетті екендігін айтады.
Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс.Өйткені, оқыту- мұғалімнің білім берудегі негізгі іс- әректі болса, оқу- баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған,педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдырының көмегіне сүйене отыра меңгереді.Сөйтіп, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктернің сәйкестігін ескере отыра, таным қызыметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп отырады.Оқыту күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл ой мен шығармашылық қабілетін, біліктілігі мен дағысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.Осы негізде оқыту процессінің бірінші қызыметі- оқушыларға білім беру.Білім беру, біріншіден ғылыми негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамсыз етсе, екіншіден солардың негізінде айналасындағы әр түрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Екінші қызметі- тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту.Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат міндеттері және мазмұны мен тәсілдері анықталады.
Үшінші қызметі- дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл ойы, сана- сезімі, шығармашылық қабілеті көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Демек тұлға жан жақты қалыптасып дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет