Қабылдаған: Абдуллина г орындаған: Тұрсынбек а тобы



бет1/3
Дата29.11.2022
өлшемі38,49 Kb.
#160323
  1   2   3
Байланысты:
Педагогика Бөж Аяулым Тұрсынбек


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар факультеті
Білім технологиялар кафедрасы



Тақырыбы: «Дидактика –оқыту мен білім беру теориясы»

Қабылдаған: Абдуллина Г
Орындаған: Тұрсынбек А
Тобы: ППМ-111


Түркістан-2022
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Дидактика дегеніміз не? Дидактика пәні және категориялары, диактиканың даму тарихы
2.2Оқыту проценсінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі
2.3.Педагогикалық процестің құрылымы
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Дидактика- педагогиканың маңызды саласы. Дидактика ( дидактикас- оқытушы, дидаско- оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфанг Ратке (1571-1636). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я.К.Коменский пайдаланып , 1657 жылы өінің «Ұлы дидактика» еңбегін жарыққа шығарды.Оның ойы бойынша, диактика «нені оқыту» және қалай оқыту керек деген сұрақтарға жауап береді.Қазіргі түсінік бойынша, дидактика- білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы . Ол оқыту териясы деп те аталады.
Әл- Фараби оқыту дегеніміз- үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді.Дидактиканың зерттеу пәні- оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады.Жалпы дидактика оқытудың заңдылықтырын, принциптерін қарастырады.Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы: Математиканың оқыту әдістемесі.Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми- теориялық және қолданбалы қызыметтер орындайды.

Дидактиканың ғылыми- териялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдлықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу.Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту прирнциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары бар: білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.Оқыту- мұғалім мен оқушылардың беліленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, біпрлескен іс- әрекеті, оқушылардың танымдық іс- әрекетін арнайы ұйымдастыру.Білім беру—табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.


Оқыту мазмұны - оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Оқыту мақсаты- әдіс тәсілдер мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту процесі- білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш- қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс- әрекет барысы.
Оқу- оқушының сана сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық тағамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқыту принциптері - оқытудың мазмұнын , ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі.
Оқыту түрлері- жалпы дидактика тарихында оқытудың 3 түрі қалыптасқан : Түсіндірмелі- иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы ( компьютерлік).
Оқыту әдістері- оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызыметі мен қарым – қатынасының тәсіл амлдары, білім мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал- тәсілдер мен құалдарының жиынтығы болып табылады.Білім берудің көздеріне қарай сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер болып бөлінеді.
Дидактиканың даму тарихы: Оқыту теориясының негізін қалаушылар Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский, В.А. Сухамлиский, А.С. Макаренко, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев,А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов т.б.Дидактиканың геізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып - сабақ жүйесі туралыжазылады.Ол басты мақсат- адамшылық, оған жету жолы- білім беру жіне оқыту деп санады. «Көп емес, өмірге керекті білімдерді» беруге шақырып, оны түсіндңру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістердің пайдалығын дәлелдеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып- сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:1 Оқушыларды мектепке белгіл бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай ешкімді одан босатпау; 2 Оқушыларды сыныптарға бөлу;3 Әр сыныпқа бір бөлме беру; 4 Күніне төрт сабақ өткізу;5 Әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;6 Қоңыраудың соғылуы;7 Тәртіп; 8 Бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспау керек;9 Сабақты күзде бастау
Коменский сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы.Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді.Коменский «Мұғалім- сабақты жаратушы, оның жүрегі», - деп түсінген.Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.
Иоганн Генрих Песталоции (1746-1827) «Гертруда өз балаларын қалай оқытады» ( 1801ж) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады.Қошаған дүниені сезім арқылы қабылдау- білім негізі.Одан әрі нәтиже дерексіз деген .Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама- ақыл жемісі, оның негізі, оқудың қарапайым құралдары.Пестолоцци буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған.Оның пікірінше « заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді».Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екеніндігін дәлелдеген.Ұлы педаого көрнекілік әдісін Я. А. Коменскийге қарағанда терң жазып, ақыл ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген.
Жан Жак Руссо (1712-1778) «Эмиль немесе тәрбие туралы» 1762 ж еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды.Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады, Руссо баланың қажеттілігін қанағаттандыратын оқыту теориясын ұсынды .Бұл тұжырымдамаға сәйкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажетттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырды.
Ұлы орыс педагогы Констатин Дмитриевич Ушинский (1824-1870ж) басқа тілде оқыту баланың табиғи күші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді.Ушинскии бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.Халық шығармашылығы- ертегілер, мақал- мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі.
Надежда Костантиновна Крупская ( 1869-1939) ж Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үшін оларға терң білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті.Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнту керек деген.Политехникалық оқуды қолдап, оқу жосапрына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды.
Антон Семенович Макаренко (1888- 1939)ж Оқу пәндерін жүйелі оқытуды құптады.Ол сол кезде қолданылған дальтон- жоспары, жобалау әдісі сияқты оқыту әдістеріне қарсы шықты.АҚШ та 20 ғасырда басында тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің еркешелігі оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Василий Александрович Сухамлинский (1918-1970) оқытуды ақыл- ой тәрбиесінің маңызды құралы деп қарады. Оқытудың табыстылығы мектептегі мұғалімінің рухани- өміріне, ой өрістерніңі кеңдігіне, мәдениеттілігіне байланысты деді. Сонымен қатар өнімді еңбек, зерттеу жұмыстары, экперимент жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз бетімен түсінк ой жұмысын шапшандатады.
Ы. Алтынсарин (1841-1889) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы. Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады.Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. 1879 жылы оқу құралы «Қырғыз хрестоматиясы» шықты. Бұл қазақ тіліндегі бірінші оқу құралы.Оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік техника атаулары енгізілді.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. «Оқу ана тілінде жүргізілсін» деген талапты бастаушы.1912 жылы тұғыш рет «Әліппе» жазды, ол халықты саууттандырудың басты құралы болды.1926 жылы «Әліппенің» жете өңделеген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды.Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, қорыту, талдау тәсілдерін қолдануды ұсынды.
Жүсіпбек Аймауытов ( 1890-1931) «Тәрбиеге жетекші» 1924 жылғы еңбегінде баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педаоггика бөлімі «дидактика» деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.Баланың ақылын, сезімін, ерік- жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) ж Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:мұғалімнің қатты сөйлеуі;суреттердің бояуының ашықтығы;әсердің күштілігі;затты көрсету, суретін салдырту, балшықтан сол затты жасату.
Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар , мұғалімнен қорқу, не көзге түскісі келу сияқты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды, жаңа білім мен ескі білімдерді байланыстыруды, жақыннан алысқа, таныстан бөтенге қарай оқытуды ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет