Кіріспе зерттеу жұмысының көкейкестілігі



бет1/15
Дата31.03.2022
өлшемі22,57 Mb.
#137388
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Туған өлкем
sor-istoriya-kazahstana-9-klass (1)

КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Жас ұрпаққа тәлім тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық өнеге үйрету, баулу, ұлттық сананы қалыптастыру- қазіргі кезде көкейкесті мәселердің бірі болып табылады.
Жас мамандарды өнер мұралары мен мәдениет игіліктерін, адамзаттық құндылықтар мен рухани мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып, өнер құндылықтарымызды, бейнелеу өнерімізді әлемдік деңгейге көтеруде және де мектепте жан-жақты қабілетті жеке тұлға тәрбиелеуге барынша ат салысу қажет. Бұл орайда жас ұрпақтың көркемдік талғамын, ұлттық сана-сезімін, дүниетанымын қалыптастыру, туған халқының өнерін құрметтеп, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдениет мен өнерді, тарихи мұраларын қастерлеуге тәрбиелеу, білім мен біліктерін шыңдау – біздердің басты міндетіміз деп білеміз.
Бүгінгі оқушы-ертеңгі белгілі бір маман иегері яғни, бейнелеу өнерінің қыр-сырын, бейнелілік тілін меңгерту, шығармашылық іс-әрекеттерін, ойлау қабілеттерін, талғамдарын дамыту арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған эстетикалық, көркемдік мәдени, рухани бай мұраларын игерту,туған халқының өнеріндегі парасатты дәстүрлерге деген танымдық, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру, бейнелеу өнеріне қызығушылығын ояту, қазіргі кезеңдегі жалпы орта мектептер мен білім беру жүйесінің барлық саласындағы адамгершілік-имандылық, эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыты мен басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Бейнелеу өнері пәні оқушылардың рухани әлемін, дүниетанымын жан-жақты қалыптастыратын пәннің бірі. Адамның рухани үлкен байлығы-мәдениет пен өнер. Бейнелеу өнерінің жастарға беретін тәрбиелік мәні зор. Сондықтан суретшілердің шығармаларын оқу, олардың формалық ерекшеліктерін түсіну, таңдау, талдау балалар емес үлкендерге де қиынға соғады. Сурет салу процесінде баланың талғамы, көру, ойлау қабілеті жетіле түседі де, біртіндеп салған суреттеріндегі форамалар арқылы көркемдікті сезіне бастайды. Сурет салуда оқушылар өз көзімен көргендерін, көңілге тоқығандарын бейнелеуге және өздеріне таныс формаларды қолданады, оларды бейнелеуге тырысады.
Осыған сәйкес жалпы бейнелеу өнері дегенміз - шындықты көркемдік бейне арқылы көрсететін, әлемі эстетикалық игерудің маңызды тәсілінің бірі болып саналатын арнайы адамның шығармашылық іс-әрекеті. Бейнелеу өнері сұлулық заңы бойынша қоршаған орта мен өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан өзгерту қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту мақсатыда, ал, қоғам адамның болымысты рухани менгерудің түрі. Бейнелеу өнері өзінің тарихи дамуының барысында нақты өнердің көпқырлылығын бар байлығымен көрсете алатын жүйе ретінде дамиды. Бейнелеу өнері бір рет дами отырып, адамның әр жақты қабілетін қалыптастырады, жетілдіреді, әлеуметтік іс-әрекеттер мен танымның кез-келген саласында, ғылымда болсын, тұрмыста, тікелей еңбекте де іске асырылады.
Бейнелеу өнері адам жанының тереңіндегі тебіреніс әсерін көрсету жайлы Гегель өзінің эстетикалық тұжырымдамасында былай дейді: «Көркемдік шығармалар өзінің мазмұны мен құрылымында тиянақты бір шеттегі шындық объекті ретінде өзі үшін емес, көркемдік өнерді сырттай бақылаушы және одан ләззат алушы біз үшін, көпшілік үшін қолданылады». , деп қорытынды жасайды.
Жалпы білім мен мазмұн жанартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктіліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыру қажет. Осыған орай көп қырлы құрылымды білім-тәрбие мазмұнын анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманға дамыта оқыту идеясы арқау болған. Сонымен қатар бейнелеу өнері пәнінің білім мазмұны мен құрылымын анықтауда дамыта оқыту идеясынан басқа білім мазмұнының интегративті сипатын қамтамасыз ету, оқушының адамгершілігін, эстетикалық талғамын, мәдени-көркем білімін халықтың озық салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұралары арқылы оқытып тәрбиелеу сияқты ұстанымдар басшылыққа алынады.
Қазақстанның дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден- бір құдірет - білім және білімді ұрпақ. Қазіргі таңда көп ұлтты мемлекетіміздің алдында тұрған міндет - біріншіден біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру болса, екіншіден - халық педагогикасын оқыту үрдісінде пайдалана отыра, ұлттық тәрбие беруде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыра отыра, болашақта еліміздің тізгінін ұстайтын жастарды тәрбиелеп шығару. Халқымыздың ұлттық мұрасын ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Ерекшелігі сол: өсіп келе жатқан жас жеткіншектерді есті, адал, еңбекқор, парасатты, қайырымды, мейірімді болсын деген үмітпен ата-баба тәлімін әрқашан мұра тұтып келген.
Халқымыздың ұлттық мұрасын оқу-тәрбие ісімен ұштастыру-басты парыз. Егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақты әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін десек, ұлттық тәлім-тәрбие тағылымын басшылыққа алуымыз керек.
Қоғамның негізгі мәселелерінің бірі прогрессшіл дәстүр болып саналса да, ол әр халықтың алдыңғы қатарлы салт санасы, көркем шығармашылық көз қарасы - әдет ғұрпы, мәдени байланыстар болып табылады. Халықтың әдет ғұрпы, тарихымен дүние танымымен зерделеп жаңаша көз қараспен шығармашылық дамыту негізгі мақсаттардың бірі. Осы орайда мектеп оқушыларыда арнайы үйірмеде сыршырай техникасыдамытуда және көркем білім берудегі әсемдік арттыруда, өзекті мәселе ретінде туындап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет