Кіріспе зерттеу жұмысының көкейкестілігі



бет8/15
Дата31.03.2022
өлшемі22,57 Mb.
#137388
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Туған өлкем

2 ТУҒАН ӨЛКЕ
2.1 Пейзаж жанрының негізгі ерекшеліктері

Адам әу бастан – ақ табиғат көрінісін салған. Бірақ көп уақытқа дейін белгілі бір оқиға мен адамның тұлға – тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде пайдаланып келген. Тек XVII ғасырда ғана бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар пайда бастады.


Мұндай жанрды голланд суретшілері ойлап тапты. Голландия – Солтүстік теңізінің жағасындағы мұхит деңгейінен төмен жазықта орналасқан ел. Егер тоспалар мен бөгеттер болмаса, ол түп – түгел су астында жатуы мүмкін еді. Табиғатпен қатал да қиын күрес голландтарды өздерінің шағын болғанымен, көрікті елін көздің қарашығындай қастерлеп, сүйіп өсуге баулиды. Сондықтан да олар өз жерін бейнелейтін картиналарды өте ұнатады. Міне, теңіз жағасында дөңкиіп – дөңкиіп жатқан тау – құм шағылдары, міне, мал жайылып жатқан ну шалғын, өзен жағасындағы жел диірмендер. Соның бәрін суретшілер өз өлкесінің портреті деп ұғып, мейлінше тәппіштеп мұқият көрсете білген.
Голланд суретшілері ондай пейзаждарды шағын кенеп шаршыларға салатын – ды. Сондықтан, кейін жұрт оларды «кішкенен голландықтар» деп атап кетті.
Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін бейнелейді, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың қай – қайсысын да суретшілер табиғаттың мінез – құлқын айнытпай беруге тырысады.
Пейзаждың суретін салу ерекшелігі. Таңданарлық сияқты болғанымен айта кетелік, өзіне қарап тұрып, пейзаждың суретін салу жаңа бастаған суретші үшін – натюрморттың, тіпті адамның суретін салуға қарағанда, неғұрлым қиын міндет.
Бірінші ерекшелік – күн мезгілі мен ауа райына байланысты өзгеріп отыратын күшті табиғи жарық. Тіпті бір мезгілдің өзінде белгілі бір заттың өзін суретші оған қай жағынан – солтүстіктен, оңтүстіктен, шығыстан немесе батыстан қарағанына байланысты біз тіпті басқаша қабылдаймыз. Сондықтан суреттемелерде күн мезгілін және суретші назарының бағытын жазып қоюға әдеттенген жақсы болады. Мұндай жазбалар жарықтың өзіне тән ерекшеліктерін тез игеруге жәрдемдеседі.
Кез – келген пейзаждың басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар болып табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен, осы элементтерді, әсіресе, ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әйтпесе, пейзаждың суреті өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады, барлық ағаштар бірдей болып шығады, жер мен судың көлбеулігі сезілмейтін болады, таулар мен бұлттар өзіне тән формаларын жоғалтады.
Пейзажда көз ұшына кетіп жатқан кеңістік сезілуге тиіс, ал әрбір ағаш өзіне тән белгілерімен көрінуі керек. Бейне бір ағаштың жеке дара портретін – діңгегін, бұтақтарын, ағаштардың ұшар басының, жапырақтардың және жапырақ топтарының сипатын беру керек.
Ағаштың суреті келесі күні сурет пен түпнұсқаның арасындағы дәлме – дәл сәйкестікті еш қиындықсыз табуға болатындай етіп салынуға тиіс.
Ағаш – бұтақтар мен жапырақтардың кездейсоқ үйінділері емес, осы элементтердің өте сымбатты жүйесі. Егер суретші мұны сезінбесе, онда суретті аяқтай отырып, ол бейнеленген ағаштың белгілі бір бөлігі үшін модель қызметін атқарған бұтақтардың және жапырақ топтарының қайда тұрғанын білмейтін болады.
Жақсы суретте басты бұтақтармен жапырақ топтарының мөлшері мен өзара орналасуы дәл берілуге тиіс.
Мұның үстіне, суретші силуэтті ғана емес, сонымен қатар ағаштың көлемін де беруге ұмтылады. Жердің суретін салған кезде оны көрермен горизонталь және көрерменнің қиырға кетіп бара жатқан жазықтық ретінде қабылдауын қадағалау керек. Бұған жазықтықтың картина төріне қарай кетуін баса көрсететін горизонталь бөліктер жәрдемдеседі.
Пейзажды игеруге «микропейзаждардың», яғни кіші табиғи формалардың – тастардың, жер қыртыстары бөліктерінің, бұтақтардың, шөптердің суретін салу көмектеседі. Бірінші пландағы мұндай детальдар пейзажға жан бітіреді. Шалғайдағы таулар да өзіне тән сыртқы тұрпаты бар жай дақ емес. Суретші олардың құрылысын, формаларын, жарықпен білінетін пластикасын ажырата алуға тиіс.
Пейзажда судың үлкен маңызы бар. Желдің күшімен су бейне бір дөңес және майысқан айналардың шоғырына айналғандай болады. Сондықтан тұтас шағылысқан бейнелер бұзылып, үзіледі де бар болғаны толқындардың өркештерінде және олардың арасындағы жылғаларда ғана сақталып қалады. Толқындардың бізге қараған құлама жалдары негізгі шағылыстарды үзік – үзік бере отырып, аспанның шағылысқан бейнесін көрсетеді.
Толқындар жоғарыдан дерлік қабылданатын, бақылаушыға тайу жерде бұл үзіктер мейлінше аз болады: алысырақта олар басым болады, ал негізгі шағылысу мүлдем дерлік жоғалады.
Толқынның формасы қатаң заңдылықтарға бағынады, сондықтан оны ағаштың формасы секілді зерттеу керек. Әсіресе, жағаға ұмтылған толқындардың құрылымын мұқият ұғып алу керек, мұнда олар алдыңғы толқынның кейін тепкен суымен кездесе отырып, үшкір көбікті жотасы бар шыр көбелек дөңгеленген иірімге айналып, оның бір бөлігі желмен толқынның артқы бетінде жоғалады да, оны өрнекті көбікпен әшекейлейді.
Бұлттардың формасы мен табиғатын да ұғыну керек. Бұлттар вертикаль жазықтықта жабысып тұрмайды, олар жердің дөңгелек бетіне параллель кеңістікте бейне бір ілініп тұрғандай болады. Сондықтан ең үлкен бұлттар – жоғары бұлттар, ал ең кіші бұлттар – төменгі бұлттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет