Кіріспе зерттеу жұмысының көкейкестілігі


Қазақстан суретшілері, олардың пейзаж жанрына қосқан үлесі



бет7/15
Дата31.03.2022
өлшемі22,57 Mb.
#137388
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Туған өлкем
sor-istoriya-kazahstana-9-klass (1)

1.4 Қазақстан суретшілері, олардың пейзаж жанрына қосқан үлесі

Әбілхан Қастеев – қазақтың тұңғыш кәсіби кескіндемешісі. Ә.Қастеев қазақ мәдениетіндегі үлкен құбылыс. Ол республикамызда тұңғыш рет Қазақ ССР – ң халық суретшісі деген құрметті атаққа ие болды. Кәсіби суретші атанған кезде ол 40 жаста еді... Ал, сурет өнерінің сырын орда бұзар 30 жасқа келгенде ұққан....


Ә.Қастеев 1904 жылы қарлы қаңтарда қазіргі Талдықорған облысы Панфилов ауданындағы Шежін ауылында дүниеге келген.


Бояу мен сурет өнерінің сан түрлі сызықтарының мәнін жете білмесе де, жұрт жүрегіне жақын ғып бейнелеуге тырысты. Халықтың хал – күйін ғана емес, ішкі жан дүниесінің дірілін, демін, мінез – құлқы мен қабілетін арқаудай астастыра білді. Оны біз суретшінің тырнақ алды туындыларынан байқаймыз. Бояулары бір түрлі күңгірт, бір қырын ғана кейіптегі адам пішіндерінің өзі, Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы жалпы қазақ халқының рухани, табиғи кескіні, іс - әрекеті, тұрмыс – тіршілігін қаз – қалпында бейнеледі.
Қазақ қыздарының ішінен тұңғыш суретшілік мамандық алған Қазақ ССР – ң халық суретшісі Айша Ғалымбаева еді. А.Ғалымбаева шығармаларының образдары лирикалық сезімге толы, оның көркем полотноларына нәрлі калорит, сурет салудың декоративті және ұлттық айрықша белгілері тән.
Айша Ғарифқызы Ғалымбаева 1917 жылы 29 – желтоқсанда Алматыға таяу жердегі Есік селосында дүниеге келген. 1943 жылы Алматы көркемөнер училищесін бітірген соң, ол 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтында суретші - көркемдеуші деген мамандық алып шығады.
Айша Ғалымбаеваның «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (1954), «Шабандоз қыз» (1955), «Бұл Шұғылада болған еді» (1951) фильмдеріне жасалған эскиздерінен, «Г.Разиеваның портреті» (1952), «Халық таланттары» (1957), «Халық шебері Б.Бәсенованың портреті» (1958) сияқты алғашқы шығармаларының өзінен – ақ суретші дарынының даралығы айқын танылды, оның тақырыптық және образдық мұраттары бірден байқалды.
А. Ғалымбаева творчествосының өзекті арқауы – қазақ әйелінің образы. Оның топтама, немесе жеке дара сипаттағы, бір – бірімен сюжеттік байланысы жоқ суреттері мен портреттері тұтастай алғанда тақырып, идея жағынан бір арнаған келіп құяды. Солардың бәрі сайып келгенде қазақ әйелінің мінез - құлқын, оның кеңестік дәуірдегі сәнді өмірін, бақытты тағдырын бейнелейді.
Суретшінің әсіресе, 60 – 70 жылдардағы туындылары ерекше назар аудартады. Олардың бәрінде дерлік республикамыздың өнері мен мәдениетінің жалпы табыстарынан туған үлкен творчестволық өрлеудің ізі жатыр. Бұл жиырма шақты жылдың ішінде А.Ғалымбаева кескіндеме өнерінің көптеген жанрында белсенді еңбек етті, сурет, портрет, пейзаж, натюрморт салды.
А.Ғалымбаева творчествосында әртүрлі сюжетке құралған тақырыптық суреттер айрықша орын алады. Бұлардың ішінде «Дәмді шай», табиғат көрінісінен лирикалық толғау тудырып, тұнық поэзияға бөлейтін «Қазақстан әйелдері», «Шопан қыздар бригадасы» сияқты композициялық көріністер, халық өміріндегі елеулі оқиғаларды өзек етіп алып сыр шертетін «Қостанай берекесі», «Біз заманымызбен бақыттымыз», «Ұстаз - әке», «Бейбітшілік триптихі» бар.
Суретшінің «Қазақстан әні» (1962) суреті өзінің нәзік музыкасымен кескіндемелік нақыштарымен көз тартады.
Келе – келе пейзаж көріністерін жанрлық суреттермен ұштастыра білу суретші творчествосына тән сипатқа айналды. Бұл оның шопандар өміріне арналған «Қыздар бригадасы», «Сенімді күзет», «Автодүкен алдында» тәрізді кішігірім шығармаларынан анық көрінеді.
Суретшінің басқа да шығармаларын да адам еңбегінің, демалысының, халық тұрмысының күнбе – күнгі үйреншікті сарынының өзі ақындық биікке көтеріледі. «Дәмді шай» суретінде ол адамның психологиялық сезім иірімдеріне толы образ жасай білген.
Жан дүниесінің үйлесімі, сабырлы қуаныш пен байсалды өрлік «Бір кесе қымыз» (1967) суретінен одан да айқынырақ танылады.
Ол, әсіресе, халықтың той – думан, мерекесінің рухын жақсы түсінеді. А.Ғалымбаева ауылды жердегі бәйге, көкпар, айтыстарға, ұзақ таңға созылатын ән – күй кештеріне талай рет қатысқан. Осы той – жиындарда алған әсерлері кейінірек оның «Шопандар тойы», «Қуанышты күн» тәрізді көптеген шығармаларының тууына себепші болды.
А.Ғалымбаеваның «Қуанышты күн» (1969) атты суретінде күзгі үлкен той – думан сәті бейнеленген.
«Қостанай берекесі» (1971) суреті де мерекелік тақырыпқа арналған. Ал, «Жеміс жинаушы» (1971) композициясында бұл тақырып байлық көзі жомарт жер анаға, еңбек адамдарына деген салтанат гимніндей әсер қалдырады.
Суретші әрқашан өз творчествосында халық өміріне тән ерекшеліктерді мейлінше мол әрі жинақтай қамтитын, идеялық мазмұны кең үлкен шығарма жасауға ұмтылады.
Қазақ ССР – ң халық суретшісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нағымбек Нұрмұхаммедовтың есімі елімізге кеңінен танымал.
Нағымбек Нұрмұхаммедов Семей губерниясына қарасты Сайтанды (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы) деген жерде дүниеге келген. 1940 жылы ол Алматы көркемсурет училищесіне оқуға түседі. Ұлы Отан соғысы оқуын үзіп кетті. 1942 жылы училище қабырғасынан Совет Армиясы қатарына шақырылып, Қара теңіз және Балтық флоттарында әскери міндетін өтеді. Нағымбек Нұрмұхаммедов 1945 жылы Жоғары әскери – теңіз училищесін бітірген. 1947 жылы И.Е.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтына түсіп, профессор Р.Р. Френцтен соғыс тақырыбы суреттері класы бойынша сабақ алды. Институтты 1953 жылы, ал 1961 жылы СССР Көркемсурет академиясы творчестволық шеберханасы жанындағы аспирантураны бітірді. 1963 жылы суретшіге Қазақ ССР – ң еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы берілді. Ал, 1974 жылы Қазақ ССР халық әртісі атағы берілді.
Суретші творчествосы тақырып ауқымының кеңдігімен ерекшеленеді. Республика тыныс – тіршілігі оның қылқаламынан туындаған еңбектерінің негізгі арқауы саналғанымен, оның еңбектерінде Қазақстан өнерімен бірге Мәскеу төңірегі, Қырым мен Балтық жағалаулары да шынайы суреттемесін тауып жатады.
Суретші өзін қызықтыратын белгілі бір тақырып төңірегінде бірнеше картина, портрет, пейзаж салады да сол еңбектері арқылы өмір құбылыстарының сан қырын зерттеп – зерделеп барып бейнелейтін, осылайша өмірмен біте қайнасқан әрі көтерген идеясын толық ашатын образдар шоғырын жасайтын. Оның «Қазақстан Магниткасында», «Тың өңірінде», «Әскери – Теңіз флотының тыныс - тіршілігі», «Бразилия» және басқа жұмыстары, міне осындай топтамалар.
Нұрмұхаммедов - өз айтпағын көркемөнер тілімен жеткізуде үлкен қайратпен жұмыс істеп келе жатқан мақсаты айқын, ойы анық, қажырлы суретші еді.
Суретшінің тырнақ алды туындыларынан – ақ өз халқының тарихына іңкәрлік байқалды, ал үлкен тарихи полотноларында революция оқиғаларының Түркістан өлкесіндегі елеулі кезеңдерін суреттеуге талпынды.
Қазақстанның осы күнгі бейнелеу өнерінде СССР халық суретшісі Қанафия Телжановтың творчествосы жетекші орындардың біріне ие. Ол үлкен өнерге 50 – жылдардың бас кезінде, туысқан республикалардағы өз әріптестерімен қатар келді де, кеңестік тақырыптық кескіндеу өнерінің жаңа кезеңін орнықтыруға ат салысты.
Қ.Т.Телжанов 1927 жылы Омбы қаласында туған. Әкесінен жастай қалды, қоршаудағы Ленинградта анасы қайтыс болды. Ленинградтық мектеп оқушыларымен Киров облысына көшірілген ол интернатта тәрбиеленеді, содан соң Алматыға келіп, көркемсурет училищесін бітірді. 1947 жылы И.Е.Репин атындағы кескіндеу, мүсін және сәулет институтының студенті болып, М.И.Авилов шеберханасында сурет салу өнерімен шұғылданады.
Ол жоғары оқу орнынан алған білімін өз еңбектерінде көрсетуге талаптанады. Ол студент кезінде – ақ, бірқатар шығармалар жазды, ол еңбектер («Жайлауда» (1950), «Үгітші шопандар арасында» (1951), «Аманкелдінің қызыл сарбаздары» (1952)) сол жылдары Алматыда өткен көркем сурет көрмелеріне қойылды.
1953 жылы Телжанов «Аманкелді Иманов» деп аталатын шығармасымен диплом қорғап, Алматыға қайтып оралды. Ол көркемсурет училищесінде сабақ беріп, жемісті творчестволық жұмыс істеді. Суреткер өз халқының тарихы мен осы заманғы өмір шындығын терең зерттеуді, өз туындыларында Қазақстанның өткендегі қаһармандық өмір кезеңдерін бейнелеуді мақсат тұтады.
Телжановтың тұңғыш творчестволық табысы оның алғашқы суреттерінің бірі – «Жамал» атты (1956) поэтикалық, аса тартымды туындысымен байланысты. Кешқұрым алау жанында ойға шомып отырған шопан қыздың лирикалық жарқын бейнесі арқылы Телжанов адам болмысымен ортаның жарасымдылығын, кейіпкер жан дүниесінің тазалығын, айқындығын таңғажайып нәзіктікпен ашып көрсетеді.
Суретші Қазақстанға келгеннен кейін көп ұзамай «Жамал» деп аталатын картинасын салады. Суретші талантының жарқ етіп, өзгеше танылуы оның туған жермен қауышуын көрсеткендей еді. Жамал образы ұлттық табиғилығымен тұлғаланады. Суретшінің картинасы өз анасының атымен атауы да кездейсоқ емес – Қазақстанның табиғатымен табысуы ол үшін ең ізгі, ең жарқын адамын есіне түсіргендей еді. Шығарма өзінің сыршылдығымен, тылсым толғанысымен тартымды. Сол кезде – ақ, кейіпкерінің табиғи сұлулығы мен тумысы шығыс әйеліне тән сыпайылықты айқындауда жас суреткер тұлға мен негізгі түс арақатынасын асқан дәлдікпен таба білген – ді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет