Кіріспе зерттеу жұмысының көкейкестілігі


Зерттеу жұмысының міндеттері



бет3/15
Дата31.03.2022
өлшемі22,57 Mb.
#137388
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Туған өлкем

Зерттеу жұмысының міндеттері:
-Пейзаж туралы түсінік беру, пейзаждың түрлері, оның ішінде моринистік жанр жөнінде және суретшілердің еңбектері туралы түсінік беру. Пейзаж жанрының негізгі ерекшеліктерін көрсету.
-жаңа орындалу техникаларына қызықтыру арқылы бейнелеу
сабағында оқушыларға табиғаттың суретін салуды үйрету;
- оқушыларға «Туған өлке» тақырыбына сурет салғыза отырып туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
-сурет салу барысында көріністің композициялық компоненттерін таңдай білу.
Қағазда үйлесімді шешім детальдарын алмастыра таба білу, негізгі қатынастардың (аспан, жер, су) үйлестігінде дұрыс таба білулеріне машықтандыру;
-оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;
-жаңа техникалық аспаптарды қолдана отырып, оқушылардың назарына әйгілі өнер туындыларын ұсыну;
-мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің дұрыс бағаланып одан ары қызығушылықтарын арттыруды қамтамасыз ету.
Тақырыпқа байланысты Англия суретшілерінің, Барбизон мектебінің, импрессионистердің, орыс суретшілері мен Қазақстан суретшілерінің еңбектеріндегі пейзаж жанрының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін сипаттап таныстыру көзделеді. Келесі көкейкесті мәселе дипломдық жұмыстың тақырыбына себепші болған «Туған өлке». Осы салада туған жердің тарихы, аймақтың тарихы, климаттық ерекшелігі тереңірек қарастырылды. Табиғаты әсем киелі жерлердің бірі ретінде қарастырып, зерттеуге тырысамыз.
Сухомолинский: «Бала сұлулықты сезініп, оған қуанатын болсын, онда бейнеленген образдар оның жүрегі мен зердесінде мәңгі қалатын болсын»-деп жазған екен. Әсемдік санаты заңғар жазушының шығармаларында табиғатты сипаттауда, мінез - құлық қарым –қатынасты суреттеуде де басты рөль атқарады.
Жас өскінге эстетикалық тәрбие беруде басты назар аударуға лайықты нәрселердің бірі- табиғат сұлулығы. Табиғат сұлулығы М.Әуезовтың «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Көксерек», «Қараш-Қараш» сияқты шығармаларында көрініс табады. «Майдың күні. Көк жетіліп, көк жапырақ молайған. Жаңа шыққан алкүрең жасыл шөппен дала жасарған. Жасыл кілемнің түріндей көрікті далада әр жерге шашырап шыққан қызғалдақтың сары гүлдері көз қуантып жайнап тұр» осындай қуатты сезімнен туған суреттеулер адамның эстетикалық көзқарасын ұлғайтып, талғамы мен сезімін қалыптастырады. Табиғат сұлулығын көз алдымызға тайға таңба басқандай әкеледі.
Ата-бабаларымыздың рухани-мәдени мұраларының тарихи ескерткіштермен ғана шектелмейтіні мәлім. Ал эстетикалық тәрбиенің міндеті жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркем өнеріндегі, табиғаттағы, халық өнерінің тарихи дәстүріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, байқауға алатын азамат тәрбиелеу. Ал күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, байқау, пайдалану үшін жастардың халық өнеріндегі, ұлттық тарихи дәстүрдің танымдық қасиеттері жоғары салауатты өнердің түрлі салаларын жанға рухани азық, ләззаттын ала алатын, сезім-түсігі ұшқыр, ақыл ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге, тарихи дәстүрге, ұлттық өнерге эстетикалық көзқарасы оның өмір мен қызметінің барлық саласында көрініп тұрады.
Суретшінің бояумен жазған суреті, жазушының сөзбен салған суреті өрнектелген табиғаттың сұлулығын көз алдымызға әкеледі. Осы сұлулықты сезген оқушының бойында сұлулық сезім оянады, табиғатқа деген эстетикалық сезімі шыңдалады. Айналасын қоршаған табиғаттың берген сыйын аялауға үйренеді,оқушының эстетикалық құштарлығы қалыптасады.
Сондықтан біз халқымыздың мәдени-рухани мұрасындағы ұлттық өнердің танымдық-эстетикалық дамуын үлкен парасаттылық, жоғары кемелдік биігінен көруге тиіспіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет