1.2 Пейзаж және пейзаждың түрлері
Пейзаж – «Раусаде» деген француз сөзінен шыққан, табиғатты, ландшафты бейнелеу деген мағына білдіреді.
Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде VII – X ғасырларда Еуропадағыдан ертерек қалыптасты. Еуропалық кескіндеме XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнеріне пейзаждың гүлденуі XIX ғасырдың соңына тұспа – тұс келеді.
Пейзаж – қайсібір жерлерді жәй айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда, табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Бұл торлаған аспан, теңіз толқындары, армандар мен таулар жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қалай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше бейнелейді.
Пейзаж (фр. paysage – мекен, өлке) – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Пейзаж кескіндеме жанрының басқа түрлерінде де (портрет, баталия жанры, т.б.) қолданылады. Пейзажда суретшінің сезімі, көңіл-күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы аңғарылады. Қазақстанда Пейзаж жанрының тууы мен дамуы — көптеген этнография мәндегі, деректі-құжатты дәлдікке негізделген пейзаждардың (“Алматы шыңы”, Н.Г. Хлудов, 1886, т.б.) тарихымен байланысты. Ә.Қастеевтің ерте кезде салған Әбілхан Қастеевдарына кеңістікті молынан қамту, композиц. дұрыс шешім табу (“Шалкөде жайлауы”, 1956; “Гүл жарған алма ағашы”, 1958) тән.
Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез – құлқын айнытпай беруге тырысады. ХVII ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады.
Мұндай жанрды голланд суретшілері ойлап тапты. Голландия - Солтүстік теңізінің жағасындағы мұхит деңгейінен төмен жазыққа орналасқан ел. Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің шегін анықтап алу керек. Әдетте көкжиек төмен деңгейде болғанда суреттің төменгі шегін мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек жоғары болған кезде төменгі шекті мүмкіндігінше төменірек алуға тілек пайда болады.
Кез – келген пейзаждың басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар болып табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен, осы элементтерді, әсіресе, ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әйтпесе, пейзаждың суреті өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады, барлық ағаштар бірдей болып шығады, жер мен судың көлбеулігі сезілмейтін болады, таулар мен бұлттар өзіне тән формаларын жоғалтады.
Пейзажда көз ұшына кетіп жатқан кеңістік сезілуге тиіс, ал әрбір ағаш өзіне тән белгілерімен көрінуі керек. Бейне бір ағаштың жеке дара портретін – діңгегін, бұтақтарын, ағаштардың ұшар басының, жапырақтардың және жапырақ топтарының сипатын беру керек. Қазақстан суретшілері Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, С.Мәмбеев, О.Таңсықбаев, Ұ.Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А.Черкасский «Көктем», Ә.Қастеев «Шәлкөде жайлауы» Ү.Әжиев «Асы жайлауы», Ә. Ысмайылов «Хан тәңірі». Ж.Шарденов «Қыс», т.б. шығармалар Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етеді.
Кез – келген пейзаждың басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар болып табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен, осы элементтерді, әсіресе, ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әйтпесе, пейзаждың суреті өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады, барлық ағаштар бірдей болып шығады, жер мен судың көлбеулігі сезілмейтін болады, таулар мен бұлттар өзіне тән формаларын жоғалтады.
Пейзажда көз ұшына кетіп жатқан кеңістік сезілуге тиіс, ал әрбір ағаш өзіне тән белгілерімен көрінуі керек. Бейне бір ағаштың жеке дара портретін – діңгегін, бұтақтарын, ағаштардың ұшар басының, жапырақтардың және жапырақ топтарының сипатын беру керек.
Ағаштың суреті келесі күні сурет пен түпнұсқаның арасындағы дәлме – дәл сәйкестікті еш қиындықсыз табуға болатындай етіп салынуға тиіс.
Әсіресе, ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф.Васильевтің «Жаңбыр алдында», К.Юонның «Қ ыс соңы», С.Герасимовтың «Жаз өтті», К.Коровиннің «Көктем», И.Айвазовскийдің «Тоғызыншы балл», т.б. көркем шығармаларында табиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы бейнеленген. Мысалы, теңіз бейнелеудің асқан шебері И.Айвазовский өзінің «Одессадағы айлы түн» атты шығармасында портты қаланың түнгі тыныс – тіршілігін аса нанымды түрде көрсетеді. Ай сәулесімен шағылысқан аспан мен су бетін бейнелеген қызғылт сары бояу түсі адамға айрықша әсер етеді. Түн самалымен тербелген су толқындары жалт – жұлт етіп жатыр. Су бетінде жүзген кеме, қайықтар көрінісі мұндағы тынымсыз тіршілікті паш етіп тұрғандай.
Қазақстан суретшілері Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, С.Мәмбеев, О.Таңсықбаев, Ұ.Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А.Черкасский «Көктем», Ә.Қастеев «Шәлкөде жайлауы» Ү.Әжиев «Асы жайлауы», Ә. Ысмайылов «Хан тәңірі». Ж.Шарденов «Қыс», т.б. шығармалар Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етеді.
Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің шегін анықтап алу керек. Әдетте көкжиек төмен деңгейде болғанда суреттің төменгі шегін мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек жоғары болған кезде төменгі шекті мүмкіндігінше төменірек алуға тілек пайда болады.
Пейзаж – бұл тұрмыстық, тарихи , баталдік картиналарға маңызды толықтырушы ретінде қолданылады. Пейзаждың кескіндеме туындылары бізге жақын әрі таныс. Пейзаж – табиғат көрінісін бенелейтін көркем шығарма.
ПЕЙЖАЗ
Пейзаждың бірнеше түрлері бар . Олар: Ауыл пейзажы – суретші ауыл күн көрісін оның сыртқы ортамен байланысын көрсетеді.
Қала пейзажы – Қала көшелері, үйлер, алаңдар, даңғылдар суреттеледі. Архитектуралық пейзаж – қала пейзажына жақын, мұнда суретші ескерткшітерді салады. Индустриалды пейзаж – завод, фабрика т.б салынады. Тарихи пейзаж – мұнда тарихи оқиғаларды көрсететін ескерткіштер салынады. Этикалық пейзаж – бұған үлкен картиналар жатады. Ішкі күштер толы ұлы картиналар.
Парктік пейзаж – мұнда демалуға арналған қажеттіліктерді қанағаттандыратын табиғат бұрышы бейнеленеді.
ПАРКТІК ПЕЙЗАЖ
Марина – мұнда біде тұнық бірде толқынды мұхит
бұлулығы көрсетіледі.
Иван Константинович Айвазовский.
“Девятый вал”. Холст, май. 1850
КҮЗГІ ПЕЙЗАЖ
Александр Яковлевич Головин. “Осень”.
Холст, темпера. 1920
ҚЫСҚЫ ПЕЙЗАЖ
Никифор Степанович Крылов. “Русская зима”.
Холст, май. 1827
ЖАЗҒЫ ПЕЙЗАЖ
Федор Александрович Василев.
"Мокрый луг”. Холст, май. 1872
Табиғат бейнелері барлық адамдарды толғандырады, оларда әр түрлі ой сезімдер туғызады. Әр суретші табиғатты өзінше бөлек көріп, әр түрлі бейнелейді. Пейзаж жанрына керемет мысал ретінде И.Л.Левитанның «Над вечным покоем» көркем шығармасын алуға болады.
"Дворец в Лояне". Шёлк, тушь, водяные краски. 8 в.
Я. Вермер. "Вид Делфта". Около 1658. Маурицхёйс. Гаага.
Г. Г. Нисский. "Подмосковье. Февраль". 1957.
Третьяковская галерея. Москва.
М. К. Аветисян. "Осенний пейзаж". 1973. Частное собрание. Ереван.
Достарыңызбен бөлісу: |