2.2 Каспий теңізі
Каспий (ежелгі каспи тайпаларының атауынан шыққан) – Еуропа мен Азияны жалғап жатқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Алып жатқан аумағы өте үлкен болғандықтан «Каспий теңізі» деп те айтылады.
Ғалымдар оның атауы ХVI ғасырда теңіз жағасында мекендеген каспи тайпаларына байланысты қойылды деген пікірде. Ол неоген дәуірінің соңында жер қыртысы жоғарыға көтерілген шақта Қара теңізден бөлініп шыққан. Неоген дәуірі — жердің геологиялық тарихындағы кайнозой эрасының жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдында өткен. Ал, кайнозой эрасы - жердің геологиялық тарихындағы ең жас эра, бұдан 60-70 млн жыл бұрын басталған. Үш дәуірге бөлінеді: палеоген, неоген, төрттік немесе антропоген. Палеоген дәуірі - жердің геологиялық тарихындағы кайнозой эрасының ескі дәуірі, неоген дәуірінің алдында өткен. Антропоген дәуірі - жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі, бұдан 1 млн жыл бұрын басталған деп шамаланады.
Каспий теңізі теңіз деңгейінен 28 метр төменде Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың шаршы км. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен орналасқандықтан, жазды күндері теңізбен шектесетін Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы +55 градусқа дейін ыситын күндер аз емес.
Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр.
Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар құяды. Олардың теңізге қүятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 куб км. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзенінің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%-ын Батыс жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ.
Жалпы аумағы 376 мың шаршы шақырымды алып жатқан теңіздің ұзындығы 1030 шақырымды құраса, ал жағалау сызығы 7 мың шақырымнан асады. Жағалау сызығының 2340 шақырымы (29%) Қазақстанға, Ресейге – 9%, Әзірбайжанға – 20%, Түрікменстанға – 21% және Иран Ислам Республикасына – 14% тиесілі. Теңізде өсімдіктің 945, балықтың 76, фитопланктонның 414 және зоопланктонның 100-ден астам түрі кездеседі.
Оның тағы бір ерекшелігі ол теңіз екі климаттық белдеуді қатар алып жатыр. шығысы қоңыржай жұмсақ болса, оңтүстік-батысы – құрғақ субтропиктті, ал Солтүстігінің қысы аязды болып келеді. Қысты күні бұл аймақта теңіздегі мұздың қалыңдығы 2 метрге дейін жетеді.
Еуропа және Азия араларында тұрақтанған әлемдегі орасан үлкен де тұйық келген теңіз — Каспий теңізі болып табылады. Каспий теңізі — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Каспий теңізінің сондай үлкендігін көріп, оны теңіз дейді. Есімі 16 ғасырдың аяқ жағында сол теңіздің жағалауында орнаған Каспи деп аталатын тайпасына пайда болды. Грузия мемлекетінде Каспи деп аталаты қала қазіргі уақытта да бар. Бұнымен қатар Гиркан, Хазар, Хвалын сонымен қатар тағы да басқа тарихи есімдері болған. Бұлар ең соңғы 3 мың жылында мекен еткен адамдардың қойған есімдері болатын.
Толқыны тулаған, шағаласы шулаған Каспий теңізі туралы қысқаша мағлұмат осы.
Енді шағалалар туралы айтар болсақ, шағалалардың денесі тұрықты, қанаты ұзын сүйір келеді. Тұмсығының ұшы ептеп төмен қарай иілген немесе түзу болады.
Суда жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды. Олардың, аяғы қысқа көбінесе төрт саусақты болады. Алдыңғы үш саусағының арасы тері жарғақпен жалғасқан. Шағалалардың қауырсыны қалың, майда мамықтары көп болады. Дене мөлшері түрліше: ең кішісі қара торғайдай, ал үлкені кішігірім қаздай болады.
Шағала тәрізділердің барлығы да қорегін ауада ұшып жүріп аулайды. Олар жақсы ұшады, бірақ сүңги алмайды. Көпшілігі қорегін судан табады, ал енді біреулері қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге ұшып кетеді. Олар - бүкіл жер шарына таралған құстар.
Достарыңызбен бөлісу: |