Суретшілер өз шығармаларын көбіне – көп майлы бояумен зығыр талшығынан тоқылған кенеп матаға (холст) салады. Сондықтан жа жұрттың пәлен деген суретшінің шығармасы демей, бұл «холст» түгеншенің қолынан шыққан деп жатқанын жиі естиміз. Кейде тіпті пәлен деген суретшінің полотносы дей саламыз.
О.Ренуардың «Көк киімді қыз» деген шығармасының бір бөлігіне мұқият қараған кісі бояу жұқа жағылған жердің астынан суреттің төсегін, кенеп матаны әзірлеу үшін әдейі жағылған сылақ табын көрер еді.
2. Төсек (грунт). Суретшілер өз шығармасының ұзақ ғұмыр жасағанын, бояуының уыты мен әрін жоғалпағанын және шытынап жарылып – жарылып кетпегенін қалайды.
XVII ғасырға дейін суретшілер өз шығармасын ағаш тақтайдың бетіне салған –ды.
Ондай төсек тақтайды дайындаудың өзі де оңайға түспейтін – ді. Оның еш жерінде безі болмауға, әрі әбден семіп қатқан құрғақ болуға тиісті. Ол үшін тақтай көптеген жылдар бойықұрғақ жерде сақталып кептіріледі. Сосын май сіңіріп, арнайы құраммен бетін сылап, өңдейді. Қайта өрлеу дәуірінің шеберлері шәкірттерінің көмегімен бояуларын өздері ұнтақтап, өздері езіп, тақтайларын өздері өңдепті.
Біздің кезімізде суретшілер шығармаларын негізінен кенеп матаға салады. Кенеп те, бояулар да өте сапалы болған да ғана шығарма ұзақ жылдарға төтеп бере алады.
Осылайша тыңғылықты өңделмеген кенепте майлы бояу әрі мен жылтылын тез жоғалтып, тез күңгірттенеді. Ондайға жол бермеу үшін әдетте кенеп матаның бетіне бор тас пен желім ұнтақ қосылған сылақ жағылып, тегістеледі. Сонда ғана бояулар ұзақ уақытқа дейін өз өңін жоғалтпайды.
Бұндай әзірлік диқандардың жер өңдегенін еске түсіреді. Диқандар да болашақ егін егілетін жерді мәпелеп баптайды, неғұрлым көп өңдеп, көп баптаса соғұрлым молырақ өнім алынады. Бейнелеу өнерінде де солай: болашақ шығарманың төсегі неғұрлым тыңғылықты әзірленсе, оның ғұмыры да соғұрлым ұзақ болмақшы.
2. Майлы бояулар. Қазір суретшілердің көбі майлы бояуларды пайдаланады, ал бір кезде олар адамзатқа атымен белгісіз болатын.
Майлы бояу алғаш рет Х ғасырда шыққан, бірақ ол кезде оны ешкім пайдалан қоймаған. Оның кеңінен дәстүрге енуі XV ғасырда өмір сүрген нидерланд суретшілері ағалы – інілі Ван – Эйктердің атымен тығыз байланысты. Олар көп тәжірибе жасап, құрғақ ұнтақ бояуларды жеміс майына езіп көрді. Соңында бояулардың жаңғақ майы мен зығыр майына жақсы еритінін анықтады. Ондай майларға ерітілген бояу тез құрғайды, оның үстіне ерекше ажарлы болады.
3. Қыл қалам. Суретшілер пайдаланатын қыл қалам әртүрлі болады. Акварель бояулар үшін ақ тиін, күзен секілді ұсақ хайуандардың құйрық қылы пайдаланылады. Өйткені, акварельге қажет қыл қалам әрі жұмыр, әрі тығыз болуға тиісті. Майлы бояуға ақ түсті тікенек қылтанақтар пайдаланылады. Олар жұмыр емес, қалақ тәрізді келгені ләзім. Үлкен қыл қаламмен бояу тұтас жазылатын үлкен таңдақтарды, кішкене қыл қаламмен шығарманың майда детальдерін бояйды. Қыл қаламның сыртына – 1, 2, 3, 4 одан да көп цифрлар салынады. Цифр неғұрлым үлкен болған сайын қыл қалам да соғұрлым үлкен болады.
3.4 Бейнелеу өнерінде оқушыларға табиғат көрінісін бейнелеу