Оқу
мақсаты:
|
1.3.1.1 геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау.
1.3.1.2 Кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
|
Сабақтың ортасы
6-20 мин
Сергіту
Дәптермен жұмыс
Кері байланыс тапсырмалары
21-35 мин
|
4.Сабақтың мақсатымен таныстырамын.
- Бүгінгі сабақта кеңістікфигураларымен танысамыз.
5.«Болжау»әдісі. Әр топқа цилиндр, конус, пирамида, шар және текше кеңістік фигураларын таратып беру. Оларды зерттеп қарап, қалай аталатынын сұрау. Олардың кеңістік фигурасы деп аталатынын, себебі оларды қолға ұстауға болатынын, үстелге қойғанда оның көрініп тұратынын, сонымен бірге көлеңкелерін көруге болатынын айтып түсіндіремін.
6. «Өкіл»әдісі. Топтарға суреттер таратып беру.
1 топқа - Цилиндр, 2 топқа- конус, 3 топқа –шар, 4 топқа –пирамидаға ұқсас суреттері бар конверттер таратып беремін.
Топтарға мынандай сұрақтар беремін?
-Суреттерде не бейнеленген?
-Олардың ортақ белгілері қандай?
-Суреттегі заттардың пішіндері қалай аталатынын және кеңістік фигураларының ішінен оған ұқсасын табады. Әр топтан бір оқушы шығып, сағат тілімен айналып келесі топқа көрсетеді.
7. Оқулықпен жұмыс. Суреттен кеңістік фигуралары пішініндегі ғимараттарды табу.
АКТ мен жұмыс. Интерактивті тақтаны қолданып,
ғимараттардың нақты өмірдегі пішіндерін көрсету.
Ойын. Суреттен таныған фигуралардың пішінін топтаманың ішінен тауып көрсетеді.
8. Орындап көр. «Ізден, ойлан, тап» Сынып ішіне зерттеу жұмысын жүргізіп, кеңістік фигурасын табу.Сонымен қатар үйге қайту жолында немесе демалыс кезінде аулада орындауға болады. Оқушылар өз зерттеуін сурет пен фотосурет түрінде әкеліп көрсетуі керектігін ескертемін.
9. Шығарып көр. « Ұқсастығы мен айырмашылығын тап». Оқушыларға қолындағы фигураларды партаның үстінде домалатып көруді ұсынамын. Цилиндрдің алға да, артқа да домалайтынын, конустың тек айналатынын, шардың барлық бағытта домалай алатынын, ал пирамиданың домаламайтынын байқайды. Оқушылардан неге олай екенін сұраймын. Жауаптарын тыңдаймын. Цилиндрдің, шардың және конустің бүйір беттері тегіс, ал пирамиданың домалауына оның қырлары кедергі келтіретінін айтқызамын. Оқушылармен топтамадағы қалған фигураларды қарастырып, ол фигура қалай аталатынын сұраймын. Оның текше деп аталатынын айтамын.Текшені домалатып көруді сұраймын. Олар бұл фигураның домалай алмайтынын көреді.
Оқушылардан жасаған тәжірибелері туралы сұрап пысықтаймын:
— Неліктен текшені домалатуға болмайды? Себебі неде?
— Неліктен бір фигуралар домалайды, ал кейбіреулері домаламайды?
Себебі цилиндр, конус пен шардың бүйір беттері тегіс те, текшенің қырлары бар деп қорытынды жасатамын.
10. «Кім жылдам?» Фигуралардың пішіндері мен ерекшеліктерін естерінде жақсы сақтауы үшін ермексаздан кеңістік фигураларын жасатамын. Оқушыларға өзара тексеру жұмыстарын жұппен жүргізуді ұсынып, бір-біріне өздері жасаған фигураларын атап, олардың қалай домалайтындарын көрсетуді сұраймын.
«Ыстық орындық»әдісі. Берілген сурет қандай кеңістік фигурасына ұқсайтынын тез айтады.
Мысалы.
Текше-сыйлық қорабы.
Конус-балмұздақ суреті.
Шар-доп суреті
Музыка ойнап тұрады. Оқушының біреуі бір фигураны ұстап,бір – біріне беріп шеңбер бойымен қозғалады. Музыка тоқтағанда фигура кімнің қолында болса, сол оқушы фигураның атын атайды.
Қосымша тапсырмалар. «Ойлан, тап». Тапсырманы орындау барысында оқушылар фигураларға сәйкес келетін тірек сөздерді атайды және заттарға сызықтар арқылы қосады. Оқушылар орындауға қиналса, тапсырманың бір нұсқасын үлгі ретінде көрсетемін.
Жауабы:
цилиндр фигурасы — “цилиндр” сөзі — шыны сауыт суреті; текше фигурасы — “текше” сөзі — сыйлық қорап суреті;
конус фигурасы — “конус” сөзі — балмұздақ суреті; шар фигурасы — “шар” сөзі — доп суреті; пирамида фигурасы — “пирамида” сөзі, Астанадағы пирамида.
1-тапсырма .
Кеңістік фигураларының атауын суреттегі ұқсас заттармен сәйкестендіріп сыз.
Дескриптор.
Білім алушы - цилиндр пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді; - куб пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді; - шар пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді.
|
Кеңістік фигураларының топтамасы
Геометриялық фигуралардың пішініне ұқсас суреттер топтамасы
Оқулық
Инт.тақта
Кеңістік фигураларының топтамасы
Ермексаз
Геометрияқ фигуралар
Үнтаспа
Жұмыс дәптері
Инт.тақта
А4 қағазына дайындалған кері байланыс тапсырмалары
|