Сабақ тақырыбы: Кеңістік фигуралары Мектеп: «Сымбат»



бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі121,78 Kb.
#30405
түріСабақ
  1   2

Сабақ тақырыбы:

Кеңістік фигуралары

Мектеп: «Сымбат» жеке мектебі

Күні :14.10.2016ж




Мұғалімнің есімі: Макуова Н.А

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:


жазық фигуралармен (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигу-раларымен (куб, шар, цилиндр, конус, пи-рамида танысады және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді.

Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

көлемді геометриялық фигуралар топтамасы;
пішіндері текше, шар және цилиндр түріндегі заттардың бейнелері салынған кескіндер;ермексаз;түтікшелер;жіптер;

Тірек сөздер

фигура; цилиндр; пирамида; текше; конус; шар.

Сабақтың мақсаты:

Кеңістік фигуралардың түрлерімен таныстыру арқылы “фигура” ұғымын түсіндіру, айналадағы заттардан кеңістік фигураларын тауып, оларды түрлеріне қарай ажырата білу дағдысын қалыптастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



Сабақ оқушыларды кеңістік фигураларының түрлерімен: цилиндр, конус, пирамида, шар және текшемен таныстыруға арналған. Оқушылар сабақта негізінен кеңістік фигурасы дегеніміздің заттың пішініне байланысты айтылатын ұғым екенін түсінуі қажет. Айналадағы заттарды көріп, байқау арқылы кеңістік фигураларының пішіндерін тани білуге жаттығады. Олардың модельдерін ермексаздан және қатырма қағаздардан құрастыра отырып, әрқайсысының ерекшеліктерін анықтай білуге үйренеді.
Оқушылар фигураның әр түрімен танысу үшін әрбір топқа арнап ашықхаттар топтамасын, жур-налдар мен кітаптарды, альбомдарды дайындап қойыңыз. Оларда геометриялық формаларды анық көрсететіндей заттар бейнеленген болу керек.

Бірінші топтағы оқушыларға цилиндрге ұқсайтын формалары бар заттар: ағаштардың діңдері, зауыт-тың мұржалары т.б. осыған ұқсас суреттері бар (конверттерді) таратыңыз. Mұнда цилиндр, конус және шарды көрсететін заттардың суреттері болуын ескеріңіз.


Екінші топтағы оқушыларға конусқа ұқсайтын формалары бар заттар: мұз сүңгілер, балалардың пирамида тәріздес ойыншықтары т.б. осыған ұқсас суреттері бар конверттерді таратыңыз.


Үшінші топтағы оқушыларға шарға ұқсайтын формалары бар заттар: доптар, шыршаға ілуге арналған ойыншық шарлар, маржандар т.б. осыған ұқсас суреттері бар конверттерді таратыңыз.


Ал төртінші топтағы оқушыларға күнделікті өмірде қолданып жүрген пирамида формасындағы сүттің тетрапакеті, мысыр пирамидаларының суреттері, шайдың пирамида тәрізді кішкентай қалташалары, ертедегі үйлердің шатырларының суреттері бар конверттерді тарату. Топтарға суреттерге қарап, мынадай сұрақтар қою:


— Суреттерде не бейнеленген?
— Олардың ортақ белгілері қандай? Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Суреттердегі зат пішіндерінің атауларын анықтауды өтініңіз. Егер оқушылар пішіндердің атауларын білмесе,оларға кеңістіктегі геометриялық фигуралардың ішінен оған ұқсасын тауып, сыныптағы барлық оқушыларға көрсетуді сұрау. Осы фигуралардың цилиндр, конус, шар және пирамида деп аталатынын айту және оларға мұқият қарауды ұсыну. Олардың бір-бірінен айырмашылығы туралы сұрау. Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Суреттен кеңістік фигуралары пішініндегі ғимараттарды тап. Тапсырма бойынша оқулықтағы
Астана қаласының ғимараттарының суреттерінен таныс пішіндерді табуы керек. Интерактивті тақтаны қолданып, ғимараттардың нақты өмірдегі пішіндерін көрсетіңіз. Оқушылармен қысқаша ойын өткізіңіз. Суреттен таныған фигураларын топтаманың ішінен не ермексаздан жасаған фигураларының арасынан тауып, оны жоғары көтеруді ұсыныңыз.
Орындап көр. Сынып ішінен шағын зерттеу жұмысын жүргізу арқылы кеңістік фигураларын табуды ұсыныңыз. Егер жағдай болса, зерттеу жұмысын мектеп ауласында топтық серуен түрінде өткізуге болады. Сонымен қатар үйге қайту жолында немесе демалыс кезінде аулада орындауға болады. Оқушылар өз зерттеуін сурет пен фотосурет түрінде әкеліп көрсетуі керектігін тапсырыңыз.

Шығарып көр. Оқушыларға қолындағы фигу-раларды партаның үстінде домалатып көруді ұсыну. Цилиндрдің алға да, артқа да домалай-тынын, конустың тек айналатынын, шардың барлық бағытта домалай алатынын, ал пирамиданың домаламайтынын байқайды. Оқушылардан неге олай екенін сұрап біліңіз. Жауаптарын тыңдаңыз. Цилиндрдің, шардың және конустің бүйір беттері тегіс, ал пирамиданың домалауына оның қырлары кедергі келтіретінін айтқызыңыз. (Оқушыларға пирамиданың қыры деген ұғымды әзір айтпаймыз.) Оқушылармен топтамадағы қалған фигураларды қарастырыңыз. Ол фигура қалай аталатынын сұра-ңыз. Оның текше деп аталатынын айтыңыз. Текшені домалатып көруді сұраңыз. Олар бұл фигураның домалай алмайтынын көреді.


Оқушылардан жасаған тәжірибелері туралы сұрап пысықтау:


— Неліктен текшені домалатуға болмайды? Себебі неде?


— Неліктен бір фигуралар домалайды, ал кей-біреулері домаламайды?


Алдында жасалған қорытындыны қайталап айту. Себебі цилиндр, конус пен шардың бүйір беттері тегіс те, текшенің қырлары бар.


Сынып бөлмесіне зерттеулер жүргізіп, цилиндр, конус, шар, текше пішіндес заттарды тапқызу.
Фигуралардың пішіндері мен ерекшеліктерін естерінде жақсы сақтауы үшін ермексаздан кеңістік фигураларын жасату. Оқушыларға өзара тексеру жұмыстарын жұппен жүргізуді ұсынып, бір-біріне өздері жасаған фигураларын атап, олардың қалай домалайтындарын көрсету.




  • Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру




Қосымша тапсырмалар



Оқушыларға ермексаздан жасаған кеңістік фигураларын көрсетуді ұсыныңыз. Әр оқушы өзі жасаған фигурасын көрсетіп, оның атауын айтады.

Кеңістік фигурасы мен оның атауын сызықпен қос. Оқушыларға өздерін қоршаған ортадан суреттегі олардың мен кеңістік фигуралардың пішініне ұқсас заттарды табуды ұсыныңыз. Тапсырманы орындау барысында оқушылар фигураларға сәйкес келетін тірек сөздерді атайды және заттарға сызықтар арқылы қосады. Оқушылар орындауға қиналса, тапсырманың бір нұсқасын үлгі ретінде көрсетуіңізге болады.
Жауабы:
цилиндр фигурасы — “цилиндр” сөзі — шыны сауыт суреті; текше фигурасы — “текше” сөзі — сыйлық қорап суреті;
конус фигурасы — “конус” сөзі — балмұздақ суреті; шар фигурасы — “шар” сөзі — доп суреті; пирамида фигурасы — “пирамида” сөзі, Астанадағы пирамида.


Тірек білімдерін жетілдіру.
«Артық фигура» ойынды өткізу. Берілген суреттер бойынша жұмыс жүргізу.
1).Үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш, тіктөртбұрыш
2). Үлкен үшбұрыш, кіші үшбұрыш, қызыл үшбұрыш, шаршы.
3). Шаршы, төртбұрыш, дөңгелек.
Оқушылар жауаптарын дәлелдеп отырады.



Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:
шар, цилиндр, конус, пирамида, текше сияқты кеңістік фигураларымен танысты, ажыратуды үйренді.
Оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін мынадай сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:
— Мына фигуралар қалай аталады?
— Қандай кеңістік фигураларын білесіңдер?
— Қандай кеңістік фигуралары домалайды? Неліктен?
Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізу



Каталог: uploads -> doc -> 047e
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
047e -> Сабақтың мақсаттары
047e -> Теректі ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жоббм-ннің химия пәнінінің мұғалімі Ж. К. Султашованың 11
047e -> Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым. Сабақтың мақсаты
047e -> Сабақ жоспары №1 зерттеу сабағы № Мақсат, білім, дағды, бақылау
047e -> Баяндама Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет