Кеңістік фигуралар моделін құру және олардан композиция құрастыру.
Жетістік критерийлері
Кеңістік фигуралардың модельдерін жасап үйренеді. Кеңістік фигуралар модельдерінен композиция құрастырып үйренеді композиция құрастыру кезінде фигуралардың түрлерін ажыратады.
Тілдік мақсаттар
Кеңістік фигура модельдері, геометриялық фигуралар, аппликация, композиция.
Құндылықтарды дарыту
Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарын қалыптастыру.
1.Тыныштық сақтау.
2.Бір -бірін тыңдау.
3. Ойды ашық айту.
4.Жауапты толық айту.
Пәнаралық байланыстар
Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерімен байланыс орнады.Өлшемдерді жүргізу арқылы дүниетану, ғылымға кіріспе, қолөнер сабағымен байланыс орнады.
АКТ қолдану дағдылары
Ғаламтор арқылы аппликация жасау жолдарын іздейді.
Бастапқы білім
Оқушылар күнделікті өмірде көлемді фигура және жазық фигуралар туралы білетін тәжірибесіне сүйенеді.
Барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Психологиялық дайындық . «Қайырлы күн деп айтамыз,
Кешке бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз!»
-Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.
Слайд 1-6
Сабақтың ортасы
(Ұ) Кеңістік фигураларын қолдана отырып, осы фигураларды жасаудың ретімен оқушыларды таныстыру.
Кеңістік фигураларының ішінен бір фигураны таңдап алу, мысалы текше;
Фигураны түрлі түсті қағазағ не қатырма қағазға бастырып сызу;
Салынған фигураны сызықтың бойымен қиып алу.
Шаршыны бір диоганалі бойынша бүктеп екі үшбұрыш алудың жолын көрсету;
Шаршыны екі диоганалі бойынша бүктеу арқылы төрт үшбұрыш жасауды көрсету.
Қиып алынған фигураларды пайдаланып әр түрлі композиция құрастыру.
Композиция құрастырудың ең оңай тәсілдерін үйрету.
1.қадам екі бөліктен бір фигура құрастыру. Мысалы екі үшбұрыштан бір шаршы құрастыру
2. қадам қарапайым фигуралар құрастыру.мысалы шырша, саңырауқұлақ.
3.қадам мазмұнды (сюжетті) композицияларды кеңістік фигуралардынан көрсету.
Дайын композицияларды қатырма қағазға желімдеу.
Сергіту сәті. Тірек білімдерін жетілдіру. «Артық фигура» ойынды өткізу. Берілген суреттер бойынша жұмыс жүргізу.
1).Үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш, тіктөртбұрыш
2). Үлкен үшбұрыш, кіші үшбұрыш, қызыл үшбұрыш, шаршы.
3). Шаршы, төртбұрыш, дөңгелек.
Оқушылар жауаптарын дәлелдеп отырады.
Оқулықпен жұмыс Кеңістік фигураларынан құралған Астана қалысындағы зәулім үйлер мен ғимараттардың суреттері.
Бәйтерек монументі қандай кеңістік фигураларынан жасалған?
Неше шар бар?
Цилиндр ше?
(Ж) Кеңістік фигураларынан бақа композициясын жасау.Өздерінің жұмыстарында қандай фигура қолданғандығын сұрау.
Түрлі-түсті қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз,желім, қайшы, әрбір оқушыға қайшы, әрбір кеңістік фигураның пішінініе сәйкес көлемді геометриялық фигуралар топтамасы.
Ермексаз,түтікше,
жіп,жалауша.
Сабақтың соңы
(Ж) Оқушылардың жасаған жұмыстарын саралау.
Әр жұп оқушылардың орындаған жұмыстарын талқылау және жұмыстардан көрме ұйымдастыру.
Білім ағашына өзіміздің таңдаулы алмаларымызды жапсырмалау
Рефлексия
Бәрін түсіндім
Кейбір нәрселерді толық түсінбедім
Мен түсінбедім
Қызыл,жасыл,сары алмалар,жұлдызшалар,
геометриялық фигуралар;
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуына аса мән беру.
Жазық фигуралардан аппликация жасаудан қиналған оқушыларға қасына барып, көрсету.
Жазық фигуралардан аппликация жасауды бақылау арқылы бағалау