Startup" кез келген бастама сияқты бастапқы қаражатты талап етеді. Негізінен стартаппен жастар, студенттер, тіпті оқушылар айналысады. Олардың идеясы мықты болғанымен, көп жағдайда жүзеге асыратын қаражат тапшы екені белгілі. Сондықтан қаржыландыру көзін іздейді.

Сарапшылардың айтуынша, стартаперлердің алдында басты үш мәселе туындайды:
Сарапшылардың айтуынша, стартаперлердің алдында басты үш мәселе туындайды:
ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ СТАРТАПТЫҢ ДАМУ УАҚЫТЫ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУ
1. Қаржылай қолдау. Табысты кәсіппен айналысатын бизнесмендердің өздерін идеяны ұтымды жобаға айналдыруға болатынына сендіру қиын. Ал банк несиесінің пайыздық мөлшерлемесі жоғары әрі оны ай сайын қайтару да қиын. Тіпті банктен несие алудың өзі тым күрделі процесс. Краудфандинг тәсілі, яғни жаңа жобаға көпшілік болып қаржылай көмектесу қоғамда толық дамымаған. Венчурлық қор жастар тобын қаржылай қолдағанға дейін көптеген талаптар қояды. Сондықтан стартаперлер көп жағдайда отбасы мен жақындарының қолдауына сүйенеді. Тіпті болмаса, бизнес-періштені – жобаны қолдап, кәміл сенім білдіретін қайрымды жанды іздеуге тура келеді.

2. Стартаптың даму уақыты. Стартап жай ғана даму емес, қарқынды дамумен сипатталады. Негізінен жоба 6-8 айда табыс әкелмейтін болса, ол жабылады. Бірақ кәсіп бастағандардың көбі жобаны ұзаққа созып, табыстың орнына шығынды көбейтіп алады.
3. Жобаны жүзеге асыру. Ірі өндірістік компанияларды қандайда бір инновациялық зерттеу немесе жаңа бастамамен қызықтыру қиынға соғады. Өндіріс циклын жаңа арнаға бұру – жобаның расымен де табысты, кәделі екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жасалады. Тұтастай өндірісті жаңа бағытта дамытудың қаупі жоғары болғандықтан, стартап-индустрияның деңгейі көтерілмейтіні анық.
"Startup": аз ҚАРАЖАТ салынатын тың идея
Жастар өздігінен табыс табуға ынталанғанда аз қаражат салынатын, бірақ қоғамның қызығушылығын оятатын бағыттарға көп көңіл бөлуі керек. Фантазиясы мықты, идеясы соны жастар YouTube арнасын ашып, қызықты видеоконтент жасау арқылы табыс таба алады. Семинарлар, шеберлік сыныптары, тренингтер, видео-сабақтар, ұсына отырып, тартымды контент дайындауға болады. Сонымен қатар интернет-дүкен ашу қазірде жаңалық емес. Әлеуметтік желілерді тиімді пайдаланған жастар, сату, жеткізу жұмыстары арқылы бизнеспен айналысып отыр. Мобильді қосымша ойлап табу, онлайн режимде заңгерлік көмек беру, сайт жасау, мәтіндерді онлайн аудару секілді көптеген жұмыстарға бастапқы қаражат аса қажет емес.
Жастар тарапынан стараптар көптеп қолға алынуын қамтамасыз ету үшін "Атамекен" ҰКП ІТ-саласын таңдап отыр. Өйткені, ІТ-саласында көптеген бастамаларды қолға алуға болады. Бұл әлемдік мәнге әрі сұранысқа ие мамандық.
"Мемлекеттің цифрландыру үдерісі – бұл компанияларға жағдай жасап, технологиялық кәсіпкерлікке арналған тиімді экожүйе құру ғана емес, сонымен қатар адамдарға жаңа машықтарды, оның ішінде ІТ-мүмкіндіктерді үйрету болып табылады", – деді Эльдар Жұмағазиев.
"Атамекен" өкілдері сыртқы нарыққа бағдарлану – жұмыс күші мол аймақтардың өзінде тұратын халықты нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп санайды. 100 мың азамат оқытылса, фриланс режимінде 20 мың адам жұмыс істеп, Қазақстанда шамамен 10 мың адам жұмысқа орналасады.
Тәжірибелі стартаперлердің бизнес-идеяны жүзеге асыру, қаржы көзін қарастыруға қатысты берер кеңесі бар. Жаңашылдық идеясы жобаның басынан-ақ көрінуі керек. Оның бұрын-соңды қолданылмаған тың дүние екені бірден қызықтыру керек. Сонымен қатар жаңаша ойлаудан да қорықпауға шақырады. Кез келген идеяға кәсіпкерлік көзбен қарап үйреніп, оның табыстылығын болжау керек. Жобаның бірегейлігіне деген сенім оның табыстылығына кепіл. Идея болса, оның жүзеге асырудың жолдары да табылады.