Сабақ тақырыбы Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар Оқу мақсаттары



Дата07.02.2022
өлшемі145,86 Kb.
#85052
түріСабақ
Байланысты:
д
0d08f6c8e55c3115ec7bc687991e76165f83df0cf3964


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №5 бөлім. Денсаулық және физикалық белсенділік.

Мектеп: Абай атындағы №2 лицей

Күні: 16,09,2020

Мұғалімнің аты-жөні: Айдарбек.Д

Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар

Оқу мақсаттары

3.1.3.3. Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті дамыту және жетілдіру

Сабақ мақсаттары

Уақытты, кеңістікті түінетіндігін дамытады және жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды.

Бағалау критерийлері

Тілдік мақсаттар



Оқудың тілдік мақсаты
Оқушылар:

  • жалпы физикалық жүктеме және қозғалмалы ойындары мен дене қыздырумен байланысқан салауатты өмір салты тұжырымдамасын көрсету және талқылау

Пәндік лексика және терминология
Мыналарды қамтиды:

  • жүгіру, тез жүріс, жәй жүріс

  • ойын, команда, ынтымақтастық

  • тактика, стратегия

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Командада ынтымақтастық маңыздыма?

Құндылықтарды дарыту


МИССИЯ
-Зияткерлік қабілетін нығайту
-Шығармашылықты нығайту
-Әлемдік білім беруді түсіну
-Инновацияларды жүзеге асыру
-Көптілділікті жүзеге асыру
-Математиканы қолдану
-Ғылымды жүзеге асыру

ПАЙЫМДАУ
-Адамгершілікке бағытталған сапалы білім беру
-Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру
-Патриоттыққа бағытталған жоғары сапалы білім беру
-Әлеуметтік жауапкершілікті дамыту
-Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту
-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту
-Әлемді жақсартуға үлес қосу

ҚҰНДЫЛЫҚТАР
-Құрмет
-Жарқындылық
-Ынтымақтастық
-Мақсаттылық
-Жауапкершілік
-Өмір бойы оқу




Пәнаралық байланыстар

Дене жаттығуларының жүкемелерін білуде физика пәнімен байланысу. Жүрек соғысының жиілілігін өлшеу.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ қолдану арқылы оқушыларға видео роликтер көрсету. Дағдыларды талдау үшін компьютер, фотоаппарат, фото карточкалар қолдану

Бастапқы білім



Оқушылар бұл бөлімде өздерінің денсаулығы мен физикалық белсенділігін арттыратын түсінігі үшін әр түрлі қозғалмалы ойындарға қатысады. Оқушылар дем алу жиілігі мен демді қалпына қалпына келтіру, физикалық салмақ салу процессіндегі өзгерістер аспектісін талқылайды. Тапсырмаларды ұсыну арқылы оқушыларыдың шығармашылық қабілеттерін байыту, оларға денсаулықтың мазмұндылығын және функционалды белсенділіктен хабардар ету. Негізгі физикалық қасиеттерін дамыту үшін оқушыларға қос қостан, топтағы көп көлемді әр түрлі физикалық қызметтер ұсынылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
10 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

  • Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.

  • Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.

Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары

  • Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру

  • Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру

  • Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру

  • Өкшені артқа лақтырып жүгіру

  • Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру

  • Артпен жүгіру

  • Тынысты қалыпқа келтіру

Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.


Ысқырық, секундомер т.б

Сабақтың ортасы
25 мин.


«Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар»
Оқушылар мен бүгінгі сабақтың мақсатын игеруде оларды тапсырмалармен таныстыру. Яғни, қимыл-қозғалыс ойындары арқылы мақсатқа жетуді көздеу.
«Екі ортадан өтіп, қуып жет» ойынын ойнату
Оқушылар жұптасып, шеңбер бойына сапқа тұрады. Жұпта қолдарын ұстайды. Мұғалім екі ойыншыны, яғни қуғыншы мен қашқыншыны сайлайды. Олардың мақсаты шеңбер бойында тұрған ойыншылардың арасымен жыланша жүгіріп, бірін-бірі қуып жетіп алу. Жетіп алған ойыншы орын алмастырады. Ойын осылай жалғасады.
Бұл ойынның мақсатын оқушыларға түсіндіре отырып, олардың өздеріне балама ойын құрастырып, сол ойынды ойнатуға да болады.


Ойынның мақсаты: жылдам қимылдап, ептілік таныту. Оқушылардың бойындағы күш-қуатты анықтау.


«Түлкі мен тауықтар»
Зал ортасында квадрат түрінде гимнастикалық отырғыштар қойылады. Бір жетекші — түлкі, ал екіншісі - «аңшы» сайланады, қалған ойыншылар - «тауықтар». Залдың бір бұрышында «ін» болады, онда «түлкі» орналасады, ал келесі бұрышта аңшы тұрады. Тауықтар отырғыш айналасында орналасады.
Ойынды мақсаты: Белгі берілгесін тауықтар отырғышқа бір мініп, бір түсіп жүреді, екінші белгі берілгесін түлкі інінен шығып, ең болмағанда бір аяғымен жерде тұрған тауықтарды ұстап алып, ініне апарады. Егер жолда аңшы кездессе, тауықты тастап, өз ініне қашады, ал ұсталган тауық қашып орнына барады. Егер аңшы түлкіні ұстап алса, жаңа түлкі сайланады. Ойын 4-6 рет қайталанады. Бірде-бір ұсталмаған ойыншы жеңімпаз атанады. Ереже. 1. Түлкі тауъщ қорага кіргенде бір тауыңты үстай алады. 2. Бастаушының белгісі бойынша түлкі тауъщты үстасын, үстамасын тауық қорадан кетуі керек. 3. Отыргыштыц үстінде түргандар бір-біріне көмектесуге рүцсат, ягни бірін-бірі үстап түра алады.

Дискрипторлар:

  • Оқушылар ойындарда қауіпсіздікті сақтайды;

  • Ойынды өз ережесімен ойнайды;

  • Топта белсенділік танытып, бірлесіп жұмыс жасайды.



Бағалау. Оқушыларды әр кез ойын барысындағы кемшіліктеріне кері байланыс беріп, іс-әрекеттерді ашық сұрақ жауап арқылы бағалап отыру. Оқушылардың ойын барысындағы іс-әрекеттерін бақылап, мақтау, мадақтау сөздері арқылы бағалап отыру.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.
Эстафеталық ойындарға керекті құрал-жабдықтар. Кедергілер, доптар, секіртпелер, шығыршықтар, эстафеталық таяқшалар т.б
Эстафеталық ойынға сілтеме:
https://kopilkaurokov.ru/fizkultura/uroki/podvizhnyie_ighry_i_estafiety_v_fizichieskom_vopitanii_uchashchikhsia
https://www.psychologos.ru/articles/view/pyatnashki



Сабақтың соңы
5 мин



«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Команда капитаны» рөліндегі оймен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.



Ашық сұрап-жауаптар
Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





  • Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу.

  • Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

  • Сабақта оқушыларға тапсырмалар немесе жаттығулар төменнен жоғарыға қарай беріледі.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз:
Сабақтың кез келген кезеңінде берілген тапсырмаларға барысында оқушыларды мақтау мадақтау және бармақ арқылы бағалау және жаттығуларды орындау

Оқушылар қозғалыс дене жүктемелері дағдыларына
арналған қауіпсіздік ережелерді теория жөнінде біліп, практикада қолдана алады.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?


Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет