2.2. «Ана тілін үйретудегі программаның ерекшелігі»
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған арнайы мектептің бастауыш сыныбында өз ана-тіліне үйрету программасының ерекшелігі дайындық кезеңінің ұзақтығы болып табылады. Бұл жұмыстар ана тілін үйретудегі келесі этаптарда да жалғасады. Соқырларға арналған мектептің тілді үйрену программасының өзіндік ерекшелігі, онда тактилді қимыл-қолзғалыс сезімінің негізінде Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуға көп көңіл бөлетіндігі болып табылады. Математика сабақтарында көлемі, формасы, саны жағынан жақты білімнің қалыптасуына көп көңіл бөлінеді. Нашар көретін балаларға арналған мектептегі «Айналамен танысу және табиғаттану» программасында экскурсия мен практикалық сабақтар саны көбейтілген. Көшеде жүруі үшін арналған таяқшаны қалай қолдану керектігі жөнінде үйрететін арнайы сабақтар да бар. Орта мектептегі көру бұзылыстары бар балаларды оқыту программасы жалпы білім беретін мектептің программасымен сәйкес келеді, бірақ мұнда арнайы әдістер, тифлотехникалық құралдар қолданылады. Көру бұзылыстары бар балалар жалпы мектепте оқуға болады, бірақ оған арнайы білім беру жағдайы қарастырылуы керек. Арнайы тифлопедагогпен, тифлопсихологпен жұмыс жүргізу керек. Көру бұзылыстары бар балалармен арнайы түзету жұмыстары ритмика, емдік денешынықтыру, сөйлеу тілі бұзылуын түзету, көру арқылы қабылдауды дамыту және т.б. жұмыстар жүргізіледі. Көрмейтін және нашар көретін, бірақ интеллектуалдық бұзылыстары жоқ балалар, білімді негізгі орта немесе жалпы орта білімді немесе арнайы психологиялық–педагогикалық қолдау алу арқылы, қалыпты дамитын балалармен бірігіп оқу процесінде алады.
Нашар көретін балалар үшін сыныпта жағымды жағдай жасалуы керек – нашар көруге сәйкес анық сызылған сызықтары бар дәптерлер, көмек көрсетудің оптикалық және техникалық құралдары:
- офтальмолог ұсынған көруді түзету тәсілдері (көзілдірік, линзалар, лупалар, телескопиялық көзілдірік);
- табиғи жарықты реттеуге арналған құралдар;
- оқу, жазу, сурет салу, суреттерді қарау кездерінде дұрыс отыруды қамтитын арнайы бір орындық парталар;
- оқушыларға арналған арнайы құрал-жабдықтар (Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған құралдар, оқу машиналары, Брайль шрифті орнатылған жазу машиналары, рельефті сурет салуға арналған «Оқушы» құралы, оптикалық құралдар - лупалар, линзалар, телескопиялық құралдар);
- тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоқұралдар, электрондық құралдар).
Тәрбиелеу – білім беру процесі кемістіктің құрылымы, деңгейі және көру бұзылысының мінездемесін ескере отырып тифлотехникалық тәсілдер мен арнайы құрал-жабдықтарды міндетті түрде қолдану арқылы жүргізіледі. Соқырлар мүмкіндігінен кеш айырылған балаларға арналған құралдар сипап сезу мен көру-сипап сезу қабылдауды қолдануға негізделеді. Түзету жұмысында көру бұзылыстары бар балаларға оқу және басқа да мәліметтердің қолжетімдік шеңберін кеңейтуге мүмкіндік беретін ерекше дидактикалық материалдар мен арнайы көрнекіліктер қолданылады.
Дамуында бұзылыстары бар балалардың ауытқушылықтарын түзету жұмысын топтық және жеке түзету сабақтары арқылы мұғалім-дефектолог (тифлопедагог) жүргізеді (көріп қабылдауын, сипап сезу және ұсақ моториканы, әлеуметтік-тұрмыстық және кеңістікте бағдарлануын дамыту).
Көру мүмкіндігі шектеулі бала үшін мектепке кіре берістегі текпешектің соңғы баспалдақтарын анық түстермен сырлау керек, міндетті түрде ұстағыштары болуы тиіс, олардың биіктігі үлкен сыныптар үшін 70-90 см, ал бастауыш сыныптар үшін 50 см. Есік қанық түсті болуы қажет, егер есіктер әйнектен болса, онда оның ашылатын бөлігі қанық түсті болуы керек. Дәліздің периметрі бойынша ұстағыш жасалуы керек, бала оның көмегімен мектепте қозғалып, бағдарлана алуы тиіс. Әрбір бөлмеде еденнің қапталуы түрлі материалдардан болған жағдайда бала оңай қозғала алады. Киім шешетін бөлмеде көру бұзылысы бар балалар үшін ұстағыш, орындықтар, киім ілгіштер ыңғайлы жасалған кеңістік жабдықталуы керек. Баланы бұл орынға бірнеше рет ертіп алып бару керек, ол сонда өз орнын есінде сақтап алады. Сыныпта баланың бір орындық партасы рельефті материалмен немесе еденнің беті кілеммен қапталуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |