Қабылдаған: Қасымова ж орындаған: Бегман Аяулым Тобы



бет1/3
Дата10.05.2024
өлшемі293,35 Kb.
#201943
түріПрограмма
  1   2   3
Байланысты:
Бегман Аяулым инклюзив реферат


Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті



Тақырыбы: «Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру беру үрдісіне қосу»


Қабылдаған: Қасымова Ж
Орындаған: Бегман Аяулым
Тобы: ФҚӘ-211

Жоспары


І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. «Ақпараттық технологиямен оқыту процесі»
2.2. «Ана тілін үйретудегі программаның ерекшелігі»
ІІІ.Қорытынды

Кіріспе

Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі балалар, барлық оқушылар бірдей біліммен қамтасыз етіледі. Осыған орай: «Білім – таусылмайтын кен.» - дей келе әрбір бала білім алуға құқылы, сол себепті балалар арасында дискриминация туырмай, керісінше ортаға, қоғамға іліктеу ең маңызды іс болып табылады. Осыған орай сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу үлкен мәселе. Күннен күнге мүмкіншілігі шектеулі, зердесі бұзылған балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды мүгедек адам ретінде қарамай, қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Бұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы, түсіністікті қажет етеді және оларды оптимистік рухта, өз-өзіне сенімді тәрбиелеудің мәні зор. Зерде бұзылыстары бар балаларға білім беруде маңызды педагогикалық шарттардың бірі – олардың білім алуға деген қызығушылықтарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру.




ІІ.Негізгі бөлім
2.1. «Ақпараттық технологиямен оқыту процесі»

ХХІ ғасыр - ақпараттық ғасыр. Қазіргі кезде қоғамның барлық саласын ақпараттандырусыз, компьютерлендірусіз елестету мүмкін емес. Ақпараттық технологияларды қолдану оқу-тәрбие үрдісінің сапалы әрі қарқынды жүргізілуіне оң ықпалын тигізуде. Баланың жеке тұлғалық дамуында, сапалы білім алуында, танымдық қабілеттерінің артуында ақпараттық технологиялардың маңызы зор. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың жоғары қарқыны, телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен интернеттің жаһандық желісі зерде бұзылысы бар балалардың білім алуында жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.


Компьютерлендіру немесе ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу үрдісін ұйымдастырудың бірнеше артықшылықтары бар. Атап айтар болсақ:
- Ақпараттың ойын түрінде компьютер экранында көрсетілуі балалар тарапынан қызығушылық тудырады;
- Қимыл, дыбыс, анимация түріндегі мультимедиялық оқу материалына баланың назары ауады;
- Баланың танымдық белсенділігін арттыруға көмектеседі;
- Компьютер алдында дербес әрекет ету арқылы баланың бойында өзіне деген сенімділік қалыптасады;
- Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде жеке оқыту түрі жүзеге асады;
- Оқу материалын меңгеру барысында есте сақтау жады жаттығып, сөздік қоры молаяды, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер мына қызметтерді атқаруы тиіс: оқыту-тәрбиелеу, түзетіп-дамыту, санитарлық-гигиеналық,емдеп-тәрбиелейтін, әлеуметтік-бейімдейтін.
Соқыр және нашар көретін балалардың психикалық дамуы, компенмсаторлық процестердің қалыптасуы біріншіден әлеуметтік жағдайға және біліміне тәуелді.
Елімізде көру бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде арнайы мектептің дамыған желісі бар. Кейбір жалпы біім беретін мектептерде көзді алдын-ала сақтау сыныбы болады.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер ( IIIжәне IV түрдегі арнайы мектептер) үш сатыдан тұрады.
I саты– бастауыш мектеп, II саты – негізгі мектеп және толық емес орта мектеп, III саты – орта мектеп. Мектеп сатылары бала дамуының негізгі үш этапына сәйкес келеді: балалық шақ, ересектік, жасөспірім.
I сатыдағы мектеп: баланың тұлға ретінде қалыптасуын оның потенциалдық мүмкіндіктерін толық дамытуды, емдеуді, көз гигиенасын сақтауды, оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеруді қамтамасыз етеді. Бастауыш мектепке көру арқылы қабылдау, есту, логопедиялық жаттығулар, кеңістікте бағдарлану жұмыстары жүргізіледі. Бастауыш мектеп оқушылары оқу іс-әрекет дағдысына, жазуға, санауға, түсінгенін айта білуге, гигиена талаптарын орындауға, өзін-өзі күте білуге үйренеді. Оқу арнайы жоспар бойынша, программамен, оқулықпен жүргізіледі.
II сатыдағы мектеп: жалпы білімдік және еңбекке дайындықтың негізгі фундаментін қалайды. Таным, қимыл-қозғалыс сферасының түзету жұмыстары жалғасын табады. Толық емес орта мектеп балалардың потенциалдық мүмкіндіктерін дамытады. Ғылыми көз-қарасын қалыптастырады, әр түрлі еңбек іс-әрекетінің түрлерін таңдай алу мүмкіндігін арттырады.
III сатыдағы мектеп: жалпы білім беру дайындығын және кәсіптік оқу курсын тамамдауды қамтамасыз етеді. Орта мектеп әлеуметтік-психологиялық бейімдеушілікке, олардың өмірінде еңбектің белсенді қатысуына жағдай жасалады. Осы мақсатпен оқу жоспарына баланың өзінің қалауы бойынша таңдалатын факультативтік сабақтар қосылған. Соқыр және нашар көретін балаларға арнлаған жалпы білім беру мекемесінің арнайы сыныптарының орыс тілі, математика, айналамен танысу, табиғаттану программалары жай мектептегі өтілген материалдың мазмұны мен көлемі жағынан аналогикалық программаға сәйкес келеді. Арнайы білім беру программалары көрмейтін және нашар көретін балалардың даму ерекшеліктері бойынша құрылған. Мұнда қабылдауды, көрнекілік-бейнелік ойлауды дамытуға арналған түзету – компенсаторлық жұмыстың керектігі ескерілген.
Осы программамен коррекциялау және компенсациялау әдістерін қолдану негізінде тифлорқұралдарын, релифтік-графикалық оқулықты (соқырларға), жалпақтаңбалы оқулықты (нашар көретіндерге) қолдану қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет