Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Сауат ашу әдістемесінің психологиялық және лингвистикалық негіздері.
Орындаған:Аухымбай Жанар
Қабылдаған: Әсілхан Назерке
Тобы:С1301-10ж
Шымкент 2021ж
Жоспар:
Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық негізі.
Сауат ашу әдістемесінің психологиялық негіздері.
Сауат ашу барысында оқушылардың ерекшеліктеріне кӛңіл бӛлу.
Сауат ашу әдістемесі тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген кезде нәтижелі болмақ. Табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болады. Дыбыс ӛтетін орта- ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып, пайда болуы мүмкін емес. Дыбыстың жасалуына: оның ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені ажыратылады. Дыбыстың ырғағы белгілі бір уақыт мӛлшері ішіндегі дірілдің саны, ол неғұрлым кӛп, жиі болса, ырғақ соғұрлым күшті болады. Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Сӛйлеуде дыбыс күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі. Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен ұштасады. Тіліміздегі дыбыстар ӛкпедегі ауаның сӛйлеу аппараты (ӛкпе, кӛмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз, мұрын қуысы, тіл, таңдай, тіс, ерін, т.б.) арқылы жасалады.
Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты, дауыссыз болып екіге бӛлінеді. Бұлайша бӛлу дыбыстардың буынқұрау қызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс буын құрайды да, 25 дауыссыз дыбыс буын құрай алмайды. Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстардың қалай таңбаланатынымен де танысады. Ол-сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді. Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады.Қазақ тілінде орыс графикасы арқылы белгіленген 42 әрі бар. Дыбыс тіркестерінің, сӛздердің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия (гр. сӛзі –тура, дұрыс сӛйлеу) деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |