IP адрес (ағылш.Internet Protocol address) - Интернетпротоколадресі бұл әр құралға (компьютер, принтер және т.б.) жеке-дара бекітілген нөмірлі белгі, бұл құралдар компьютер желісінде өзара қарым қатынас жасау үшін Интернет протоколын қолданады.
IP-адрес– Интернеттегі IP-интерфейстің 32 битті ерекше идентификатороры. IP-адрес нүктемен бөлінген ондық сандардан құрылған октеттер түрінде жазылады.
IP адрестің форматтары
Интернетте адрестерді таратуға және тағайындауға InterNIC (Internet Information Centre – Интернеттің желілік ақпараттық орталығы) жауап береді.
Ip адрестердің жіктелуі
А класы
0
0-127
Х
Х
Х
желі
Түйін
Желілік бөліктің өлшемі – 8 бит, яғни, А класына жататын 27-1=126 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 224-2=16777214-ті құрайды. Адрестердің бұл класы желідегі түйіндердің үлкен санын қолдануға мүмкіндік беретіндіктен, бұл адрестер көбінесе желісі түйіндердің тым көп санынан тұратын ұйымдарға, үлкен мекемелерге беріледі,мұнда желілер саны аз,ал әр желіде бірнеше мың компьютер болады.
В класы
10
128-191
N
Х
Х
желі
Түйін
Желілік бөліктің өлшемі – 14 бит, яғни, В класына жататын 214=16384 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 216-2=65534-ті құрайды Адрестердің бұл класын алу қиынға түскенімен, ол орта және үлкен желілерге арналған.
С класы
110
192-223
N
N
Х
желі
түйін
Желілік бөліктің өлшемі– 21 бит, яғни, С класына жататын 221= 2097152 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 28-2=254. Адрестердің бұл класы түйіндер саны аз кішігірім желілерге арналған.
D класы
1110
224+
Х
Х
Х
желі
Түйіндердіңлогикалық тобы
D класы кең таралатын хабарламаларға қолданылады. Бұл кластың адресінің бірінші октетінің үлкен биттері үнемі 1110-ға тең, ол бұл адрестің D класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Е класы
1111
240
Х
Х
Х
Желі
Е класы болашақ қолданушылар үшін сақталған адрестердің экспериментальды класы. Бұл кластың адрестеріндегі үлкен биттер 1111-ге тең.
IP адресті таңдау ережесі
Болашаққа жоспарлаңыз. Бірінші және маңыздысы: өз желіңізді болашақта оңай ұлғайтуға болатындай мүмкіндік беретін класты таңдаңыз.
Бірегейлікке көз жеткізіңіз. Сіздің желіңіздің бағыттауышқа қосылған әрбір сегментінің жеке желілік идентификаторы болуы керек.
Кейінге сакталған адрестерді қолданбауға тырысыңыз. Олардың кейбіреуі Интернетте IP адрес ретінде дұрыс қолданылмауы мүмкін. Мысалы, А класының 127 желілік адресі диагностикалық мақсатқа сақталған. Кейінге сақгалған адрестер тізімін Internic Web-түйініндегі http//ds.internic.net адресі бойынша табуға болады.
IP адрес ретінде 0 -дер (0-дерден түратын октет) және 255 (1-лерден түратын октет) сандарын пайдалануға болмайды.[2]
Компьютерлік желі үш негізгі аппараттық, екі бағдарламалық компоненттерден құрастырылып, компоненттердің өзара келісімді әрекеттесуі арқылы қызмет етеді.