Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университет Академик С.С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Тақырыбы: Инклюзивті білім беру ұғымы және оның негізгі принциптері. ОРЫНДАҒАН: Советбек Айдана
Ағыбай Сағыныш
ҚАБЫЛДАҒАН: Кемешова А.М
Топ: 305
Жоспар:
Инклюзивті білім беру саласындағы психолог, дефектолог мамандарының рөлі.
Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу және қоғамдастыру мәселесі алға қойылған. Олардың құқықтарын қорғау мен тең дәрежелі білім алуы негізінде әртүрлі іс шаралар мен жүйелер енгізілуде. Соның бірі – инклюзивті білім беру болып табылады. Инклюзивті оқыту — ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады Қазіргі уақытта елімізде инклюзивті білім беру білім саласында бірінші орынға қойылып отыр. Себебі, 1994 жылы қол қойылған Саламандық дикларациясы бойынша, 92 мемлекеттік және 25 халықаралық ұйымның 300-ден астам өкілдері, Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқыту- адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Инклюзивті оқыту — барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. физикалық, эмоционалдық және зерде дамуын тәуелсіз қабылдап, оларға қажетті жағдай жасауды талап етеді. «инклюзивті білім беруді жалпы білім беретін мектептерген енгізу – мүмкіншілігі шектеулі балалардың дискреминациясымен күресу әдістерінің бірден бір жолы, ол мектеп қоғамының жылы қарым-қатынасқа бейімделуін, барлығына қолайлы және жалпы білім беру жағдайын ұйымдастыру» деп есептейді. Инклюзивті білім беру мен оның негізгі принциптері, жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі мен мектеп педагогтарының мүмкіншілігі шектеулі балалардың әлеуметтік, Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Сонымен, инклюзивті білім беру — барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына,шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата –аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзету – педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.