Күнтізбелік- тақырыптық жоспар – мұғалімнің пән бойынша оқу бағдарламасын орындау қызметін регламенттеуші құжат. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар мұғаліммен әр сыныпқа арнап Мемлекеттік білімдік стандарттарға сәйкес әзірленеді. Онда берілген пәнді үйрену нәтижесі бойынша оқушылар даярлығына қойылатын талаптар, білімдік үдерісті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар болып, нақты пәнді оқытудағы педагогтың тәжірибелік қызметінде мемлекеттік стандарттар компоненттерінің қалайша іске асырылатыны жайында түсінік берілуі тиіс.