Байланысты: Әміранұлы Досхан презнтация экономика негіздері
Қосымша құн - ол барлық фирмалар өнімдерінің нарықтық бағасы, өнімнің өндірісіне осы фирмалармен сатып алып шығындалған шикізат пен қосымша материалдың құнын санамағанда.
Елдің барлық экономикасымен шығарылған (құрылған) қосымша құндардың жалпы сомасы - барлық өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны.
Шығындар бойынша ЖІӨ есептегенде үй шаруашылықтардың, мемлекеттің тауарлары мен қызметтерінің түпкілікті тұтынуына, жалпы инвестицияларға, таза экспортқа шығындар жинақталады.
Жинақталған шығындарды бірнеше құрамдас бөлікке бөлуге болады:
ЖIӨ = С + I + G + X,
Мұнда: С - тауарлар мен қызметтерді сатып алуға елдің тұтыну шығындары, бірақ оларға үй-жай сатып алуға кететін шығындар кірмейді.
І - валдық, жалпы инвестициялар, оларға өндірістік капитал жұмсау немесе негізгі өндірістік қорларға инвестициялар, тұрғын үй құрылысына инвестициялар, қорларға салынған инвестициялар кіреді. Валдық (жалпы) инвестицияларды таза инвестициялар мен амортизациялардың сомасы ретінде көрсетуге болады.
G - тауарлар мен қызметтердің мемлекетік сатып алулары – мысалы, құрылысқа кететін шығындар, мектептерді, жолдарды, армияны, мемлекеттік басқару аппаратын ұстауға кететін шығындар.
Xn - экспорт пен импорттың айырымы ретінде есептелетін шетелге жіберілетін тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.