Тақырыптың негізгі сұрақтары Жолдық типті мәліметтер Жолдарды іздеу



Дата16.10.2023
өлшемі3,93 Mb.
#185826
Байланысты:
5 МКИЖ
3 фко-201

Жолдық типтер және олармен жұмыс жасауға арналған функциялар.
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Жолдық типті мәліметтер
2. Жолдарды іздеу
3. Ішкі жолды бөліп алу
4. Ішкі жолды басқа жолдармен
ауыстыру
5. Жолдарды бөлу және біріктіру
Жолдар – бұл символдар тізбегі. Жолдарды үш әдіспен беруге болады: бір тырнақшада, қос тырнақшада және heredoc–синтаксисі көмегімен.
Жолдарды шығару үшін echo функциясын қолдануға болады. Echo конструкциясында бірнеше параметр болуы мүмкін. Оларды үтір арқылы немесе конкатенация операторы арқылы береді, параметрлер жақшаға алынбайды.

Мысал:
echo " Келді" . " көрді" . " жеңді";
echo ("Келді ", "көрді ", "жеңді"); // қате шығарады:
unexpected ','?>
Echo командасының қысқарылған жазылуы:

Мысалы:

Менің атым

Жолдарды шығару үшін print, printf, sprintf функциялары да қолданылады.


print функциясы тек бір жолды ғана шығарады.
sprintf және printf жолды берілген форматта шығарады.
2. Жолдарды іздеу
Жолда берілген ішкі жолдың бар-жоқтығын анықтау үшін strpos() ф/сы қолданылады. Оның синтаксисі:
strpos (бастапқы жол,ізделінді жол [,қай символдан бастап іздеу керек]) Ол ізделінді жолдың берілген жолдағы позициясын қайтарады, егер ізделінді жол болмаса логикалық false мәнін қайтарады. Ізделінді жолдың табылғанын анықтау үшін эквиваленттілік операторды «===» қолданған жөн.
Тағы бір іздеу функциясы
strrpos() – жолдағы ізделінді символдың соңғы позициясын қайтарады.
Синтаксисі:
strrpos (бастапқы жол, ізделінді символ)
3. Ішкі жолды бөліп алу
strstr() функциясы
strstr (бастапқы жол, ізделінді жол).
Ол ізделінді жолдың алғашқы позициясынан бастап бастапқы жолдың соңына дейінгі жолды қайтарады. Егер жол табылмаса, false мәнін қайтарады.
Мысал:
echo "Бастапқы жол: ",
$str; if (!strstr($str, "Атауы")) echo "Жол табылған жоқ
"; else echo "
Нәтижесінде алынған ішкі жол: ", strstr($str, "Атауы");
?>
Регистрден тәуелсіз іздеу келесі функцияның көмегімен жүзеге асырылады. stristr (бастапқы жол, ізделінді жол)
substr функциясы
substr (бастапқы жол, бастапқы символ позициясы [, ұзындығы])
Мысал:
Hello, world!
";
echo $word , "
";
$pure_str = substr($word, 3, -4);
echo $pure_str;
?>
4. Ішкі жолды басқа жолмен ауыстыру
str_replace функциясы
str_replace(ізделінді мән, ауыстыратын мән, объект)
Мысал:
Доброе утро [1]=>Барлығыңа салем! /?>
Регистрден тәуелсіз іздеу үшін str_ireplace() ф-сы қолданылады. substr_replace функциясы
Бұл функция str_replace() және substr() функцияларын біріктіреді:
substr_replace (бастапқы жол, ауыстыратын жол, бастапқы символ позициясы [, ұзындығы]) /?>
Мысал:
echo "Бастапқы жол: $text
\n";/* Келесі екі жол бастапқы жолды 'Ал менікі – Айдос' жолымен ауыстырады */
echo substr_replace ($text, 'Ал менікі – Айдос', 0). "
\n";
echo substr_replace($text, ' Ал менікі – Айдос ', 0, strlen($text)).
"
\n"; // Келесі жол 'Салем! ' сөзін
// бастапқы жолдың басына қояды
echo substr_replace($text, 'Салем! ', 0, 0) . "
\n“;
// Келесі екі жол Арман сөзін
// Айдос сөзімен ауыстырады
echo substr_replace($text, 'Талгат', 11, -1) .
"
\n";
echo substr_replace($text, 'Талгат', -5, -1) . "
\n";?>
Нәтижесі:
Бастапқы жол:
Менің атым Арман.
---------------------------
Ал менікі – Айдос
Салем!
Менің атым Арман.
Менің атым Талгат.
Менің атым Талгат.
5. Жолдарды бөлу және біріктіру
explode (бөлгіш, бастапқы жол [,максималды элементтер саны])
split (шаблон, бастапқы жол [, максималды элементтер саны])
preg_split (шаблон, бастапқы жол [, максималды элементтер саны [,флагтар]])
Екі соңғы функция регуляр өрнектермен жұмыс жасайды.
Екі жолды біріктіру үшін
implode () функциясы қолданылады. 
implode (жолдар массиві, қосылатын элемент)
Мысалы:
$data = array("Алиев","Аскар","Алиевич");
$str = implode($data," ");
echo $str;
?>
Нәтижесі:
Алиев Аскар Алиевич
Бақылау сұрақтары:
1. Жол дегеніміз не?
2. Жолдармен қандай амалдар орындауға болады?
3. Жолдармен жұмыс жасауға арналған функцияларды атаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет