Қабылдаған: Мергенбаев Е. Тобы: ЗҚТ 111 f түркістан 2022ж. Жоспар Кіріспе



Дата11.03.2023
өлшемі25,26 Kb.
#171888
Байланысты:
кылмыстык бож 111
тест өбс-811, 13-Дәріс.Басқарушылық және көшбасшылық, КТ сессия Шахсанам, КТ сессия Шахсанам, GELENEK VE D N T RKMEN STAN IN D N HAYATINDA GELENE N ROL [#436985]-826881, Дәріс 3-4. Азаматтық-саяси қарама-қайшылықтар, Дәріс 3-4. Азаматтық-саяси қарама-қайшылықтар 2, Акимшилик жауаптары (копия), 4. Лекция тезистері Word

Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік
университеті



БӨЖ


Тақырыбы: Қылмыстық құқық бұзушылық жасау сатылары

Орындаған:Ермекбай Н.
Қабылдаған: Мергенбаев Е.
Тобы:ЗҚТ 111 F


Түркістан 2022ж.
Жоспар
Кіріспе
1. Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу, аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық
2. Қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркiмен бас тарту
3. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылар түрлері

Қылмыстық құқық бұзушылық жасау сатылары-қасақана жасалатын қылмыстық құқық бұзушылыққа дайындалу, оқталудан біткенге дейін өтетін кезеңдері


Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу
1.Тікелей пиғылмен жасалған, қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа сыбайлас қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл ретте қылмыс адамның еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа дайындалу деп танылады.
2. Ауыр немесе аса ауыр қылмысқа дайындалғаны үшiн, сондай-ақ террористік қылмысқа дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайды.
3. Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа оқталу деп танылады.
4. Ауырлығы орташа қылмысқа, ауыр немесе аса ауыр қылмысқа оқталғаны үшiн, сондай-ақ террористік қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайды.
5. Қылмысқа дайындалғаны және қылмысқа оқталғаны үшiн қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң аяқталған қылмысқа арналған бабы бойынша, осы баптың тиiстi бөлiгiне сiлтеме жасала отырып туындайды.
Аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық
Егер адам жасаған іс-әрекетте осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi болса, қылмыстық құқық бұзушылық аяқталған деп танылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркiмен бас тарту
1. Адамның дайындалу әрекеттерiн тоқтатуы не осы іс-әрекетті жасауға тiкелей бағытталған әрекеттердi (әрекетсiздiктi) тоқтатуы, егер адам оны ақырына дейiн жеткiзу мүмкiндiгiн ұғынған болса, қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркiмен бас тарту деп танылады. Егер адам осы іс-әрекетті ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен және біржолата бас тартса, ол осы қылмыстық құқық бұзушылық үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.
2. Қылмыстық құқық бұзушылықты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен бас тартқан адам, егер оның іс жүзінде жасаған іс-әрекетiнде өзге қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болған жағдайда ғана, қылмыстық жауаптылыққа жатады.
3. Егер қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы және оған айдап салушы мемлекеттiк органдарға хабарлауымен немесе өзге де қолданылған шараларымен орындаушының осы құқық бұзушылықты ақырына дейiн жеткiзуiне жол бермесе, бұл адамдар қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Егер орындаушы қылмыстық құқық бұзушылықты аяқтағанға дейiн оған күні бұрын уәде берген жәрдемінен бас тартса немесе көрсетiлген көмектiң салдарын жойса, көмектесушi қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.
4. Егер ұйымдастырушының немесе айдап салушының осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетілген әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмауға әкеп соқпаса, онда олардың қолданған шараларын сот жаза тағайындау кезiнде жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн.

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi
Екi немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қасақана бiрлесе қатысуы қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады.

1. Ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушi орындаушымен бірге қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылар деп танылады.


2. Қылмыстық құқық бұзушылықты тiкелей жасаған не оны жасауға басқа адамдармен (бірге орындаушылармен) бiрлесіп тiкелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есiнiң дұрыс еместiгiне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты іс-әрекеттi абайсызда жасаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады.
3. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты қылмыстық топты құрған не оған басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.
4. Басқа адамды азғыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе басқа да тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көндiрген адам айдап салушы деп танылады.
5. Кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат, осы іс-әрекетті жасайтын қару немесе құралдар беруімен не оны жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ орындаушыны, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруын немесе өзге де құралдарын, осы іс-әрекеттің iзiн не құқыққа қарсы жолмен қол жеткізілген заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды иемденуге немесе өткiзуге күні бұрын уәде берген адам көмектесушi деп танылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. ҚР Қылмыстық кодексі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет