Қабылдаған: Мусахова М. О. Орындаған: Хасанов У. М тобы: жтд-279



бет3/6
Дата05.12.2023
өлшемі99,09 Kb.
#195229
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ІА 1

Бейспецификалық жаралы колит

Диета терапиясы – талшықты, майды және ағзаның жеке көтере алмайтын өнімдерін (әдетте сүт) шектеу арқылы, қайнатылған және буға піскен, езілген тағам ұсынылады. № 4 (б, в) диета. Тағамнан сүт және сүт өнімдері, майлар (орта және қысқа тізбекті), қуырылған, ащы және тұздалған тағамдар, құнарсыз өсімдік талшығынан тұратын өнімдер (саңырауқұлақтар, көк өрік, кептірілген өрік, киви, ақбас қырыққабаты, шалғам және т.б.) алынады, глютеннен құралған өнімдерге (бидай, қарабидай, сұлы және басқалар) шектеу салынады. Ағзасы суды қажет ететін пациенттерге қосымша сұйықтық енгізу көрсетілген. Ішектің қызметі жаппай бұзылғанда қызметтік тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында полимерлі және элементті диеталарды пайдалану арқылы сүңгімен немесе энтеральды тағамдануға өту арқылы толық парентальды тағамға өтуге ауысу мүмкін.

Дәрі-дәрмекпен емдеу

5-АСК пероральды дәрілерін жаралы колиттің жеңіл және орташа-ауыр белсенділігі бар балаларда ремиссияны қолдау және индукцияның бірінші желісінің терапиясы ретінде ұсынады. 5-АСК пероральды дәрілермен және жергілікті 5-АСК дәрілерімен бірге құрама терапия аса тиімді. • месалазин: ауызға тәулігіне 30-50 мг\кг (ең жоғары тәулігіне 4 г) 2 рет қабылдау; ректальды 25 мг\кг (1 г. дейін бір рет); (балаларға 6 жастан бастап) 8-12 апта ішінде мөлшерді азайта отырып; • сульфасалазин: ауызға тәулігіне 40-60 мг\кг\ 2 рет қабылдау (ең жоғары тәулігіне 4 г) ( 6 жасқа дейінгі балаларға)

ГКС

ГКС

ЖК кезінде пероральды ГКС ремиссия индукциясында тиімді, бірақ ремиссияны қолдауға арналмаған. Пероральды ГКС-ні жүйелік көріністі орташа-ауыр шабуылды және жүйелік көріністерсіз ауыр шабуылды жекелеген пациенттерде немесе 5-АСК-ның тиімді мөлшерлі терапиясы кезінде ремиссияға қол жеткізілмеген пациенттерге ұсынылады. Ауыр шабуыл кезінде тамыр ішіне стероидты терапия жүргізіледі. • преднизолон тәулігіне дене салмағының әр килограмына 1-2 мг есеппен (4-8 апта), ірі қарай мөлшерді төмендету және 3-4 ай ішінде алып тастау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет