Интеграция жүргізу процессі бірнеше кезеңнен тұрады, оны әрбір дәрігер орындауы қажет:
1.кезең .Баға беріңіз. Дәрігер амбулаторияға келген науқастың жағдайына баға береді, бала денсаулығын ауырлататын жайттар туралы анасынан сұрайды.Дәрігер науқасты тексереді.
2.Ауруларды жіктеңіз. Дәрігер науқастың жағдайына баға беріп оны тексергеннен соң баланың қай симтомы шұғыл ем қажет ететінін анықтайды.
3.Емін анықтаңыз.Баланың жағдайына байланысты дәрігер оған стационарда немесе үйде ем жүргізетін ем тағайындайды.
4.Баланы емдеңіз. Дәрігер және мейірбике тексеруінен кейін бала жағдайына байланысты ем жүргізу.Анасына дәріні қалай беруді үйрету,диета және режим туралы толық мәлімет беру.
5.Анасын ақпаратпен қамту. Дәрігер анасына баланы қайта тексеруге келетін уақытын айтады.
6.Қайта тексеру.Интеграция жүргізу процессі науқас балаларды анықтауға көмектеседі.Баланың жағдайын қайта тексеру арқылы ем тиімділігін бағалайды.