Үшіншіден, қазақтың жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алуға тыйым салғандығы, ұлттық сананы шыңдауға белгілі дəрежеде ықпал еткенін, сол дəстүрдің бүгінгі жаһандану заманында қазақ жастары үшін, ұлтымыздың болашағы үшін құндылығы бар екенін түсіндіру, оқыту қажет.
Қазақ елінің көшпелі тұрмыс-тіршілігінен іріктеліп шыққан əдет-ғұрыптар мен салт-дəстүрлер мыңдаған жылдар бойы сақталып келген. Бастау көзін əдет-ғұрыптардан алатын дəстүрлер, салт- саналар, жол-жоралар, үкім-кесімдердің құқықтық заң нормаларын орындаған функцияларын талдау арқылы оқыту əдет-ғұрыптың белгілі бір уақыт ішінде өмір сүріп, халықтық сипат алып, мемлекет мүддесіне сай келсе, мемлекеттік биліктегі заң нормасы болып танылғандығын, дəстүрлердің озық үлгілері мемлекеттік, саяси күшке ие болып, қоғамдағы билік саласындағы қызметтерді реттеуге, өзінің тыйым салу пəрмені арқылы заңды игіліктерді, оның ішінде жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын мемлекеттік құқықтың ең жоғарғы сатысына көтерілгенін көрсету оқытудағы басты бағыт болуы керек.Халқымыздың ойға орамды, жүрекке жылы икемді, есте сақтауға ыңғайлы сөз тіркестері, ұйқасты əуезбен, шешендік үлгідегі нақыл сөздер заң ережесіне айналған. Олар қазақ мемлекетіндегі дəстүрлі құқықтың бұлжымас қағидасы деп танылған. Нақыл сөздер мен мақал-мəтелдерді бүгінгі күндегі кодекс ретінде қолданып жүрген нормативтік заңдармен салыстыра қарап, талдау арқылы, ұлттық ой-пікірдің ұшқырлығы, ерекшелігін көрсетуде, жас ұрпақ санасына ұлттық мақтаныш, тіліне деген құрмет қалыптасуына ықпал жасайтыны сөзсіз. Мысалы, сот ісін жүргізген билер туралы:
«Қара қылды қақ жару», «Əділ билік — алтын таразы», «Тура биде туған жоқ», «Жетпеген билік жеті ұлықтың есігін ашады» жəне қылмыстық істерге қатысты айғақ-дəлелдер мен үкім-келісімдер, азаматтық, шаруашылық істердегі заң нормаларына келетін мақалдар мен нақыл-сөздер; сөз маржандары қазақ қоғамындағы тұрмыс-тіршіліктің өзінен ерекшеленіп шыққан, халықтың ұғымындағы дəстүрлі құқықтарының тұжырымдары. Осы ойы өткір, тегеуріні мықты аталы сөзге тоқтай білген халықтың бүгінгі ұрпағына дəстүр-салттарын тереңірек талдап, қазақтың би-шешендері жөнінде жарық көрген басылымдарды пайдаланған жөн.
Отандық тарихты оқыту барысында би-шешендер ерекше тұлға екені баса айтылуы тиіс. Би- шешендер тек қазаққа ғана тəн құбылыс, ол біздің халықтық асыл қазынамыз. Осы феномендік қасиеттерді оқып-түсінетін ұрпақ тəрбиелеу білім берудің ұлттық үлгісінің біріне айналмай отандық тарихты оқыту əдісі жетілмейді.Отандық тарихты оқытуда басты көңіл идеялық тұғырды түсіндіруге аударылуы тиіс. Яғни дербес мемлекеттікті сақтау жəне дамыту жолындағы іс-əрекеттер тарихын, бүгінін, болашағын салыстыра оқыту. Соның бірегейі мемлекеттік тіл арқылы оқылатын тарих, елдің аумақтық тұтастығын сақтау, нақтылы экономикалық, əскери, ақпараттық дербестікке жетудің күрделі жəне ұзаққа созылатындығын түсіндіру. Ол үшін ұлттық мүдде тұрғысынан елді басқаруда ерекше қажыр- қайрат, төзімділік қажет екенін түсіндіру қажет.Ұлттық мүддеге қызмет етудің ұлы үлгілерін шын мəнінде көрсетіп берген тарихи тұлғалардың, мемлекет басқарушылардың тарихын, солардың өз еңбектерін талдап оқыту арқылы берілуі қажет. Мысалы, Е.Б.Бекмаханов туралы тарихты оқытқанда мына проблемаларға көңіл аударған дұрыс.Тарихты оқытуда қазақ тарихын жазу үшін қажетті деректердің ішіндегі құндыларының бірі — ұлттық құжатты (ақын, жыраулар шығармалары, шежірелер, ұлттық аңыздар, эпостық жырлар) пайдалану. Яғни бүгінгі біз айтып жүрген ұлттық деректердің, ауызша тарихи дəстүрлердің, фольклордың маңыздылығын жете түсіндіру. Е.Б.Бекмахановтың еңбегін оқыта отырып, Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру мəселесін қозғап, тəуелсіз мемлекет деген тақырыпты оқушылардың зердесіне салу. Сонымен қатар əлі толық зерттелмеген қазақ қоғамының дəстүрлі əлеуметтік құрылымы, саяси-экономикалық мəселелері, жер қатынастарын ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеудің қажеттілігін көрсетеді.Бүгінгі күні өзекті болып отырған ұлттық оқулық жазу мəселесіне баса назар аудару қажеттігін де Е.Б.Бекмаханов алға қойғандығын атап айту керек.Е.Б.Бекмахановтың Едіге батыр туралы деректер келтіре отырып, еңбек жазуы ұлттық батырларды, ру батырларына бөлмей, олар жайлы ерлердің ерліктері сериясын жазу керектігін, сол арқылы ұлттық сананы оятуды, азаттық қозғалыстағы қазақ батырларының ролін көрсеткендігін оқыту қажет. Ол Қазақстан тарихында тарихшы М.П.Вяткиннен кейін екінші болып ұлттық қозғалыс, тарихи тұлға мəселелерін, теориялық оқыту, методологиялық проблемаларды зерттеуі басқа да тарихшыларға ой салады. Оның еңбегінде Алтын Орда жəне оның Ресеймен қарым-қатынасы, Русь жəне Дешті-Қыпшақ, Патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген саяси-əкімшілік реформалары, Отандық тарихты оқытудағы ұлттық… қырғыз-қазақ қатынастары, ел билеудің дəстүрлі институттары, орыс-қазақ шаруаларының бірлескен күрестері, Қазақстанның Қытаймен, Хиуа, Бұқара, Қоқан хандықтарымен қарым-қатынастары деген күрделі проблемалардың орын алуы — болашақ тарихшылардың бүгінгі күнгі тəуелсіз Қазақстан мемлекетінде сыртқы саяси қарым-қатынасқа негіз болғанын көрсету.
Е.Б.Бекмаханов еңбегі — отандық тарихта тарихнамалық еңбек жазудың үлгісі, оның еңбектерінде келтірілген мұрағат деректерінің өзі Қазақстан тарихын зерттеуде пайдаланатын бір мəселе. Оның түрмеде жазған хаттарынан, көрген азаптарынан 1991 жылға дейін зерттелмеген тарихи проблемада Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізген зорлық-зомбылығы деген тақырып ХХ ғ. 40– 50 жж. өзінде күн тəртібінде тұрғандығын көрсету керек. Оны айыптау құжаттарынан қазақ зиялыларының 1937 ж. кейінгі екінші рет қудалау тарихын зерттеуге қажетті деректер алуға болады.
Қазақ зиялылары туралы тақырыптарды оқытқан кезде Ə.Бөкейхановтың қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысты еуропалық, демократиялық, конституциялық, парламенттік күрес жолы арқылы тəуелсіздікке жетуді жақтағанын жəне А.Байтұрсыновтың ұлт-азаттық қозғалысқа гуманистік, ұлттық сипат бергендігін, оқу-ағарту арқылы ұлттың өзін-өзі билеуге жетуге шақырғандығын баса айту керек. Яғни қазақ зиялыларының идеялары тəуелсіздіктің ұлттық тұғырнамасы болғандығын терең түсіндіру парыз.
Ұлы реформатор А.Байтұрсынов туралы материалдарды түсіндірген кезде оның мынадай мəселелерге көңіл бөлгендігін баса айтуға тиіспіз. Оның кəсібилікке көңіл бөлгендігі. Оның айтуынша, «мал бағатындар мал бағуын жақсы білуге керек», «ел бағатындар ел бағуын жақсы білуге керек», «бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білуі керек» дей келе, «жұрт ісіне жаны ашып, жұрт намысына қаны қызатын» азаматқа «ұлт намысы» екі ауылдың, я екі рудың намысы емес екендігін ескерткендігін көрсету қажет.
«Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын!» — дей келіп ол: «Баланы ұлша тəрбиелесең, ұл болмақшы. Құлша тəрбиелесең құл болмақшы», — деп пайымдайды. Рухани отаршылдықтың сырын терең түсінген халықты құлдықтан, «соқыр санадан», «адамдық айуандықтан» құтқарудың жолын іздейді. Осы ой-пікірдің мəнін ашып, бүгінгі күнмен байланыстыра түсіндіру абзал.
А.Байтұрсынов ұлы ұстаз-теоретик ретінде бала тəрбиесінен бастап ұлттық санаға дейінгі педагогикалық проблемаларды жан-жақты зерделеген. «Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, əлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, бізде өз алдымызға бір жұрт екенімізді білдірер едік», — деп армандайды, соның концептуалдық мəнін ашып түсіндіру керек.А.Байтұрсынов ұлт ұстазы ретінде, М.Əуезов айтқандай, «елшілдік ұранын» көтерді, ұлттың мұң-мұқтажына, мүддесіне тоқтала келіп, «заманына қарай амалы» барын айтып, «талап жоқ, үміті мол» қазаққа «ғамалыңды түзет, түзелмесең ешкімге кінə қойма!...Еңбексіз егін шықпайды, терлесең, терің тегін қалмайды. Телміріп алған теңгеден, тер сіңірген тиын жұғымды» екенін дəлелдеді, ХХ ғ. басындағы нарықтық экономикаға халық пейілін бейімдейді.Ол ұстаздықты ұлттық мүддеге бағындырып, ағартушылықты планетарлық масштабта қарады, өз халқын білім жарысына түсетін күнді жақындатты. Бұл бүгінгі күні Елбасымыз Н.Назарбаевтың «бəсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу» идеясымен ұласып жатқандығын түсіндіруге міндеттіміз.
А.Байтұрсыновтың шəкірттері ішінде М.Дулатов, М.Əуезов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, башқұрт Заки Валиди Тоган, қырғыз И.Арабаев, Ə.Сыдықов «Қазақ» мектебінен өткен зиялылар ретінде олардың еңбектерінде талдап оқыту қажет.
Ресейлік отаршылдық қанаудан, кеңестік ұжымдастырудан, саяси қуғыннан, ұлтшыл деп жойылудан, орны толмас мəдени шығындардан, қазақ халқының бір бөлігі мəңгүрттенуге жақындаған, ұлттық киесі күйреген, кезеңінен де мың өліп, мың тірілген ұлтымыздың психологиялық тығырыққа тірелмей, өздерін ұлы өркениеттің мұрагері, өзінің ұлттық «Мен» (қазақ) дегізерлік қасиеттерін алып шығып, оны жаңғырта білгендігі жəне ұлттық мəдени дамуды тежеу ешкімнің қолынан келмегендігін терең талдау бүгінгі таңдағы оқытудың басты міндеті болмақ.Өлмейтін, өміршең қазақтың рухани əлемі ауызекі поэзия дəстүрін тарих пəнінде оқыту арқылы, қазақтың терең дүниетанымдық қасиеттерін берудің маңызы зор. Рухани төлтумалықтың темірқазығы тек зиялылар ғана емес, қара халықтың өзі болғандығын түсінген ұрпақ қана құлдық психологиядан арылады. Малшысы мен манабының бір деңгейде сөйлейтініне мақтанған халықтың, ұрпағына қазақ тілінде өз тарихын ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндіру ойлаудың ұлттық ерекшелігі болып шығады.«Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мəдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі» .Отандық тарихты оқытуда ұлттық ұстанымның бірі ретінде қазақ болмасының ерекшелігі оның тарихшылдығы, шежірешілдігі болады. Сондықтан да далалық ауызша тарихнама терең талданып, білім стандарты бойынша оқытылуы қажет.Тарих дегеніміз өмір, қоғам жəне адамтанудың ұлы мектебі екендігіне көніл аудара отырып, қазақтың қоғамдық құрылымында жеті ата ғана емес, тұтас елді саралап танып, сабақтап тарата білу кез-келген қазақ үшін өмір салтына, əрі өмірлік қажеттілігіне, əрі кісілік нормасына айналғанын түсіндіру керек. Сондықтан да отандық тарихты оқытуда бұл мəселеге көп көңіл бөлу, бүгінгі тек тест жаттап, өсіп келе жатқан ұрпақ үшін білімділікпен қатар өз халқын сүюге де тəрбиелейтіні сөзсіз.Тарихымызды оқыту да, жаңаша жазу да бүгінде күрделі. Солардың бірі тарихты кезеңдеу мəселесі. Бұл жөнінде əлі орныққан методологиялық шешімдер жоқ .
Қазақ халқының тарихы «ұлттық тарих жылы» деп аталған кезеңде кеңірек зерттеле бастады, алайда басшылыққа алатын методологиялық принциптер жоқтың қасы. Бұл қиындыққа қарамай, ұлт болып қалу үшін ұлттық тарихымызды оқытуда ұлттық ұстаным жəне білім берудің ұлттық үлгісін жетілдіру міндеті тұр.
Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше маңызды. Өйткені кез-келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның өзінде де алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті. Өз халқының, елінің тарихын, мәдениетін сүйе білмеген адам, басқа халықты, оның мәдениетін сыйлай да, құрметтей де алмайды, оларды білуге ұмтылмайды. Ал осы Республиканың азаматтарына Қазақстан тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден-бір оқу орны – жалпы білім беретін мектеп. Қазақстан тарихының білімдік, тәрбиелік міндетін мектепте оқытылатын басқа пәндердің бірде біреуі атқара алмайды.Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты – оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету.Тарих пәнінің мұғалімі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы: «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік негіздерін қалыптастыруға, азаматтық пен елжандылыққа,өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілекке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, республиканың қоғамдық – саяси экономикалық және мәдени өміріне белсене қатысуға, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеруге көмектесуі тиіс» – деген міндеттерді орындауға күш салады.Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті – жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс.Жоғарыда аталған, халықа білім беру саласы алдында тұрған жалып міндеттерден Қазақстан тарихын оқытуда үнемі ескеріп отыруды қажет ететін төмендегі нақты міндеттер шығады: олар: саяси тарихқа, идеялық ағымдар мен олардың тарихына, түрліше, сондай-ақ көрнекті тарихи қайраткерлердің қызметіне, іс-түрліше көбірек орын беру, ал оның есесіне шаруашылыққа қатысты сандық көрсеткіштерге , соғыстарға, қанды төңкерістерге т.б. орынды азайту азайту;Тарих ғылымының соңғы жаңалықтарын үнемі ескеріп, олармен оқушыларды мүмкіндігінше таныстырып отыру, белгілі ғылымын мәселелербойынша балама көзқарастардың болатындығын және оның қажеттігін ескеру, тарихи үрдістердің көпқырлылығын, нақты дәлелдермен көрсету.Қазақстан тарихын туған өлкенің, дүниежүзінің әсіресе көрші елдер, халықтар тарихымен, республикамыз түрлі салаларда тығыз байланыс жасап отырған мемлекеттер тарихымен, сондай-ақ өткен тарихи оқығаларды мүмкіндігіне қарай қазіргі кезеңмен байланыстырып отыру;Мәдениет пен өнер тарихына көбірек орын беру, қазақ халқының төл мәдениетінің дамып өркендеуін, Республиканы мекендеген басқа да халықтардың мәдени жетістіктерін, халықтар жалындағы мәдени байланыстарға, олардың бір-бірін толықтырып, ендіруге тигізген ықпалын көрсетуге баса көңіл бөлу;Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанда қол жеткен табыстарды, сондай-ақ кездескен қиындықтарды, кеткен кемшіліктер мен қателіктерді, әсіресе қазақ халқына кездескен ауыр қасірет пен қиындықтарды, олардың себеп-салдарын тарихи шындық тұрғысынан көрсету, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы идеялық күресті, оның белсенді қайраткерлерін, олардың қызметін, жүргізген идеялық күресін толығырақ баяндау;Қазақстан тарихын басқа пәндермен, курстармен әсіресе тарихтың басқа курстарымен, сондай-ақ ана тілі, дүниетану, әдебиет, жағырапия, құқық негіздері, эстетика, экология, философия, экономика т.б. байланыстырып отыру, ғылымның сол салаларынан қажетті мәліметтер ендіру:діннің тарихын, оның адамзат үшін атқарған пайдалы қызметін, сондай-ақ оның қарама-қайшы әрекетін тарихи шындық тұрғысынан көрсету т.б. Мұнан басқа да , әсіресе бірқатар нақты тәрбиелік міндеттер жүктеледі. Олар арнаулы тарауда баяндалады. Қазақстан тарихын оқытуға қойылып отырған жоғарыда аталған мақсаттар мен бұл бағдарламаның мүлде жаңа, өзгеше екені, оны төмендегідей сипатты белгілері дәлелдейтініне негіз болып отыр.Қазақстан тарихының жүйелі курсы негізі метептің 5-9 сыныптарында оқытылады, оған 221 сағат уақыт бөлінеді. Ол Қазақстан жеріндегі адамзат тарихын ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қамтиды, демек оқушылар біршама жүйлеі, аяқталған білім алады.Курстың құрылымы:5-6 сыныптарда ежелгі Қазақстан тарихы оқылады. Ол төмендегіше бөлінген: 5- сыныпта алғашқы адамдар пайда болған кезеңнен, тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттер құрылғанға дейінгі дәуір қамтылады. 6- сыныпта – тайпа одақтары мен мемлекеттердің құрылғанынан бастап б.з. V –ғасырына дейінгі аралық қамтылады. Бұл екі сыныпта тарих пәнін оқытуға 34 сағаттан уақыт бөлінеді. 7-сыныпта – орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, 8- сыныпта – жаңа замандағы Қазақстан тарихы, 9- сыныпта – қазіргі заманғы Қазақстан тарихы оқытылады. Соңғы үш сыныпта да бұл курсты оқытуға 51 сағаттан уақыт бөлінеді. Сөйтіп, – тен бастап барлық сыныптарда тарихтың екі курсын қатар оқуға қажетті біраз дайындақ алады және Қазақстан тарихының бірқатар фактілерін, оқиғаларын баяндайтын әңгімелермен танысады. Бағдарламын құрастырушы авторлар 5-сыныпта тарихтың жүйелі курсын бірден дайындықсыз оқытудың оқушылар үшін белгілі дәрежеде қиындық туғызатынын ескере отырып, осы сыныпта тарихты оқытуға бөлінген уақыттың тең жартысын «Тарихқа кіріспе – тарихқа саяхат» деген бөлімге арнауды ұсынады. Оның сабақтарында оқушылар бастауыш мектепте алған тарихи білімдер одан әрі жасғастыра отырып, тарих қандай ғылым, менің әулетім, біздің өлке, тарихтағы уақыт өлшемі, менің Отаным, картадығы тарих т.б. сондай-ақ тарихтың қосымша дерек көздері – топонимика, архитектуралық ескерткіштер, нышандар мен тарихи белгілер, жазу тарихы сияқты әңгімелермен танысады. Бұл әңгімелер оқушыларды тарихтың жүйелі курсын оқып үйренуге дайындайды және дүние жүзі тарихы бойынша да осындай, оқу жылының екінші жартысынан бастап жүйелі курстарды меңгеріп кетуі тиіс.Курстың білім мазмұнын анықтайтын ұстанымдарға маңызды өзгерістер енгізілді. Олар: білімнің функционалдық толықтығы:Қазақстан тарихы ғылымында соңғы жылдары пайда болған заңдылықтарды, ғылыми зерттеудің қол жеткен табыстарын қажеттігіне қарай бағдарламаға енгізіп отыру;Ұзақ уақыт тарих ғылымында үстемдік етіп келген еуроцентризи салдарынан Шығыс өркениетін бүркемелеушілікпен, оған менсінбей қараушылықтан бағдарламаны тазартып, Шығыс әсірсе көшпелілердің дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесіне лайықты тиып беру.Педагогикалық, дидактикалық, психологиялық талаптарды ескеру және оларды қолдануға оқушының іс-әрекет қызметі тұрғынан қарау;Мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай оқыту мәтижесін тексеру туралы әдістемелік нұсқаулардың ендірілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |