2.3 Кәсіпкерліктің түрлері
Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің түрлері мынадай;
Халық тауарларын өндіру және сату жөніндегі қызметі:
Жеке тұлғалардың халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына қатысты қызметтер.
металл бұйымдарын, құралдарды жөндеу;
сағат жөндеу;
суретке түсіру;
химиялық тазартулар;
монша, кір жуу қызметтерін көрсету;
шаштараз, сондай-ақ емдеумен немесе хирургиялық қызметпен байланысы жоқ массаж жасау және косметикалық қызметтер;
мәтіндер аудару;
машинка басу жұмыстары;
Жеке тұлғалардың әлеуметтік-мәдени саласына қатысты қызметтер;
репититор;
дене шынықтыру-сауықтыру қызметі;
медициналық және дәрігерлік қызметпен айналысу;
Басқа қызмет түрлері;
бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет тауар биржаларындағы кәсіби қызмет;
кеден қызметі;
инновациялық, кеңес беру және оқытушылық қызметпен айналысу;
Мемлекеттік меншік формасы мен бір орталықтан шаруашылықты басқару, ұйымдастыру әлеуметтік-экономикалық прогресс талабына толық сай келеді деген жаттанды пікір, көзқарастан да бас тартуымыз керек. Солай бола тұрса да орталықтан басқарумен байланысты мемлекеттік меншіктің күшті жағын да естен шығармаған жөн. Батыс Еуропа елдерінде соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіруде өнеркәсіптің базалық саласын национализациялау жайдан жай болмаса керек. Сонымен бірге мемлекет қарамағындағы кәсіпорындарға иелік ету басқарумен байланысты мемлекеттік кәсіпкерліктің басқа жағын да көре білу керек. Мемлекет басқару аппараты болғандықтан мемлекеттік меншікті экономикалық тұрғыдан дамыту процесінде де оның монополиясы әр қилы формада көрініс алады. Оның үстіне басқару процесінде чиновниктер аппараты басты орын алғандықтан, басқару бюрократтық тенденцияға бас ұрады, мемлекеттік меншікті қалай болса солай пайдалануға, иесіздікке әкеліп тірейді. Мұндай келеңсіз жайларға инновациялық процесс, әсіресе бәсеке мен бастаманың мазмұны күрт өсіп отырған жағдайда төзуге болмайды. Сондықтан меншік формасы мен кәсіпкерліктің даму эволюциясы жеке капиталистік меншіктен кооперативтік формаға, одан әрі мелекеттік формаға ауысады деген көзқарасты, қазіргі практиканы ескере отырып, сын, көзбен қайта қарау керек. Батыста 80-жылдары экономикалық дамудың инновациялық типі қалыптасқанда, жекешелендіру процесі кеңінен орын алды, ол болса көпшілік елдердің ғылыми-техникалық прогресс жолымен ілгері дамуын қамтамасыз етті.
Барлық ТМД елдері сияқты Қазақстанның тұтыну нарығына да тауарлардың тапшылығы, бағалардың шектен тыс өсуі, осылардың нәтижесінде халықтың төлем қабілеті бар сұранымның күрт азаюы тән болып отыр. Осы проблеманы біршама шешу үшін 1992 жылы республикаға шетелден 348 миллион долларға тұтыну заттары әкелінген болатын, ол 1991 жылға қарағанда бес есеге жуық аз. Валютаның жетіспеушілігіне байланысты бұл көрсеткішті көбейту көп қиындыққа тап болып отыр. 1992 жылы халық тұтынатын тауарлар өндірудің көлемі 21,5 процентке қысқарды. Соның ішінде азық-түлік өндіру 26,6 жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын шығару 14,8 процент қысқарды. Әлеуметтік салалардың объектілерін салу және пайдалануға беру жұмыстары да өте баяу жүргізілуде. Өкінішке орай, қазіргі кездегі инфляция қарқынының тездігі сондай, тіпті тұтыну нарығында болып жатқан шиеленісті жағдайларды нақты сандық көрсеткіштермен бейнелеу мүмкін болмай отыр.
Тұтыну нарығындағы бұндай жағдайды әртүрлі себептермен түсіндіруге болады. Ол халық шаруашылығының құрылымында тұтыну заттарын шығаратын және қызмет көрсететін салалардың аздығы, халық тұтынатын тауарлар өндіретін өнеркәсіптің өндіріс қуатының мардымсыз дамуы, жабдықтардың көнеруі, өндіріс технологиясының жетілмеуі, бөлшек сауда тауар айналымының баяу қарқынмен өсуі, еңбек өнімділігінің тұрғындардың ақша қаражатымен салыстырғанда артта қалуы және басқалары.
Тұтыну нарығындағы жағдайды тұрақтандырудың мәселелері күрделі де және алуан түрлі. Оның ең маңыздылары мыналар:
А) халық шаруашылығында терең құрылымдық өзгерістер жасау арқылы халық тұтынатын тауарлар шығаратын өндіріс салаларын жедел дамыту. Оның мемлекеттік бюджет есебінен, кәсіпкерлікті дамыту және осы салаларға шетел капиталын кеңінен тарту арқылы жүзеге асыру қажет;
Ә) өнім өндірушілер мен сауда ұйымдары байланыстарын бәсекелесті негізде орнықтыруға көшу;
Б) көтерме және бөлшек сауда коммерциялық кәсіпорындарын құру;
В) тұтыну нарығын реттеп отыратын тиімді механизм жасау.
Қазақстанның ,,Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасы тұтыну нарығын мынадай азық-түлік емес тауарлармен молықтыру шараларын жүзеге асыруды көздейді;
шектеулі уақыт кезеңіне меншікті өндірісті, әсіресе жеңіл өнеркәсіп өнімін қорғаудың қолдану шараларын енгізу;
машина жасау және басқа салалардың кәсіпорындарда ұзақ пайдаланатын тауарлар шығаруды молайту;
жекеленген өндірістерді орнату үшін импортқа қажетті шикізатқа арнап валюта қаржысын бөлу
Халық тұтынатын тауарлар өндірістік кәсіпорындардың экспортқа өнім беріп тұратын кәсіпорындармен кооперациялық байланыстарын күшейту шараларын жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |