Қабылдаған: PhD. Болганбаев А. Орындаған: Исмоилов Дилмухаммад Тобы



бет4/8
Дата07.03.2023
өлшемі88,68 Kb.
#171394
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Баскару Исмоилов

Аралас (командиттік) серіктестік толық серіктестіктің өзгерген формасы. Мұның негізгі ерекшілігі бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл мүліктерімен несие беруші серіктестер алдында жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамға қосқан үлесі бойынша шектеледі. Бүкіл мүліктермен тәуекелдік етіп отырған қатынасушы қоғамның ішкі мүшесі немесе толық серіктестер деп аталады. Ал қосқан үлес мөлшерінде тәуекел етушілер сыртқы қатынасушылар немесе командистер деп аталады. Оқырмандардың көпшілігіне тарихтан, ғылыми көркем әдебиеттен белгілі аттар ,,Джонсон-Джонсон,, және ,,М.Иванов, балалары және КО,, т.б. Міне командитті серіктестік деген осылар. Командиттік серіктестіктерді ұжым басқарады және ел өкілеттік қызмет атқарады. Фирманың ішкі өзара қызметін командистер келісім арқылы жүзеге асырады. Әдетте мұндай келісім құқын ірі командитті компаниялар шеңберінде командистерден тұратын кеңеске беріп отырады. Қоғам сыртқы қатысушылардың қосқан үлес сомасына акциялар шығарады. Мұндай қатысушыларды - акционерлік командистер, ал қоғамды акционерлік командит деп атайды.
Командитті серіктестікке салық тұрғысынан қарағанда шектеулі жауапкершілігі бар қоғам қабылданды. Мұндай құрылым шектеулі жауапкершілігі бар командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы салық төлеу тұрғысынан ол серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан шектеусіз жауапкершілігін шектеулі қоғамға тарата алады, сөйтіп жауапкершілікті шектеуі арнасынан өтеді, әдетте, олардың капиталы да көп болмайды.
Біздің елімізде командиттік серіктестіктің аралас формасы әзірге дами қойған жоқ, кей жағдайда оған деген қажеттіліктің туындауы әбден мүмкін. Мысалы идеяға қосылған жеке басты адам бар, осы идеяға сенім білдіріп мақұлдайтын кәсіпорын да бар. Осы идеяны жүзеге асыруға қажетті қаражат екеуінде де жоқ. Осыдан аралас серіктестік құралады, жеке адам оған шектеулі жауапкершілікпен, ал кәсіпорын толық мүшелікке енеді. Бұл жағдайда кәсіпорын банк несиесінің кепілі, кәсіпорынның, бақылауымен оған жеке адам жарлық етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (шектеулі серіктестік қоғам) алдын ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелері (физикалық және заңды иегерлері) қоғамның міндеттемелерін орындау жауапкершіліктері жоқ, тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекелділік жасайды. Шектеулі жауапкершіліктің мәні де осында. Шетелдік фирмалардың, ал қазір бізде де жиі кездесетін сөз ,,Лимитед,, (қысқаша Лтд), ,,шектеулі серіктестік,, деген ұғымды береді. Көпшілік жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда компаньондар арасында берік өзара байланыс бар. Осы себептермен ол семьялық кәсіпорындар ұйымдастыруға өте қолайлы. Егер қоғамның бүкіл мүлкі бір адамның қол астында болса, онда ол ,,бір адам қоғамы,, болғаны.
Жауапкершілігі шектеулі қоғамды ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шартын жасау керек, онда фирманың аты, мекен жайы, кәсіпорынның қызмет түрі, бағыты, негізгі капитал мөлшері, қоғам мүшелерінің үлесі көрсетіледі. Ақша қаражатынан басқа қоғамды ұйымдастырушылардың бағалы материалдық заттар формасында заттық үлестері болуы да мүмкін (автомобиль, жер учаскелері, лицензия т. б.).
Қоғам мүшелерінің құқы жылына бір немесе екі рет өткізілетін қоғам мүшелерінің жиналысында анықталады, одан әрі даму алады. Жиналыстың маңызды шешімдер қабылдау құқы бар, атап айтқанда, жылдық балансты бекітеді, пайданы мақсатты, орынды пайдалануды анықтайды, шығындарды қысқартады, қоғамның төрағасын сайлауды немесе қайта сайлауды, оған әр қилы мәселелер бойынша тапсырмалар жүктейді. Қоғамның жұмысына бақылауды бақылау комиссиясы (батыс елдерінде бақылау кеңесі) жүргізеді, оның мүшелерін жалпы жиналыспен тағайындайды.
Акционерлік қоғам - бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам. Ол рұқсат ету жолымен құрылады, акцияда бірден үлесі бар, белгілі мөлшерде бір бөлшектелген негізгі капиталы бар. Жеке адам және заңды ұйымдар акционерлер бола алады. Акционерлік қоғамды құру үшін серіктестік келісім шартын жасау керек, оны қоғамның жарғысы деп атайды, оны нотариус куәләндіруі керек. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушыларға шек қойылмайды. Ұйымдастырушының бір адам болуы да мүмкін. Қоғамның негізгі жарғылық қорының мөлшерін сол елдің ұлттық заң шығарушы органы анықтайды. Австралияда, ол кем дегенде бір миллион шиллинг, ФРГ-де – 100 мың марка, Швейцарияда – 50 мың шв. маркасы, Ресейде жабық қоғам – 10 мың сом, ал ашық қоғамға – 100 мың сом болып белгіленген. Акционерлік қоғамның негізгі капиталы акцияларға бөлінеді. Акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі керек. Экономикалық көзқарас тұрғысынан акция деп отырғанымыз бағалы қағаз, онда қоғам мүліктері белгілі бір мөлшерде есепке алынған. Акциялардың жай, тартымды, атаулы және ұсынушыға арналған түрлері болады. Биржаларда сатылатын және сатып алынатын акцияларды курс бағасын көрсетіп биржа котировкасында жариялайды. Акционерлер құқы жылына бір-екі рет жиналатын акционерлердің жалпы жиналысы арқылы шешіледі. Жалпы жиналыс жылдық баланс бойынша, пайданы пайдалану жөнінде, басқарма мүшелерін өз міндеттерінен босату, қоғамның негізгі капиталын көбейту немесе азайту туралы шешім қабылдайды. Акционерлік қоғам екі типте болады. Жабық және ашық. Ашық қоғамның акциялары еркін сату жолымен таралады. Оны кәсіпорында жеке адам да сатып ала алады. Мұндай қоғам көп көлемді капиталды қажет еткен жағдайда құрылады. Ашық типтегі акционерлік қоғамның бірден-бір үлгісіне РИНАКО жатады.
Жабық типтегі акционерлік қоғам іс жүзінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік десе де болғандай. Республикамыздың ,,Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы,, заңында жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен жабық типтегі акционерлік қоғамға бірдей анықтама берілген. Жабық қоғам ашық типтегі акционерлік қоғамнан акцияларды таратудың ерекше әдісімен өзгеше. Оның мәні мынада. Акционерлік қоғамның акциясын сатып алуда акционер басқалармен салыстырғанда артық құқыққа ие болады. Жабық типтегі акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі қоғамды бірдей қарағанда, ұйымдық-құқықтық фирманың басшылыққа қай түрін таңдап алады екен? Серіктестікті ұйымдастырушылардың саны 10-15-тен аспасы өте ыңғайлы. Есесіне акция шығарудың, кәсіпорынды акциялаудың қажеттігі жоқ. Ал, мысалы, 200 адам жұмыс істейтін зауытты акциясыз жекешелендіру мүмкін емес. Акционерлік қоғамдар қазіргі кездегі кәсіпкерліктің ең көп тараған түрі, әлемдік экономиканың ,,арматурасы,, десе де болғандай. Олай деуіміздің бір жайы, тарихи практикада акционерлік қоғамдар өз тиімділігін талай рет дәлелдеген. Мұндай қоғамның алғашқы қарлығаштары 15-16 ғ.ғ. Генуяда әулие Георгия, Миланда әулие Амвросия банктерінің құрылуымен байланысты пайда болды. 17 ғасырда ірі сауда компаниялары дамыды, мысалы голландиялық Ост-Инд компаниясы (1600 ж.). Осы кезеңде қазірде бәрімізге таныс акция деген ұғым қалыптасты, алғашқы Голландиялық Ост-Инд компаниясының Жарғысында оны құрушыларды акционистер деп атаған.
Акционерлік қоғамның кеңінен өріс алуы капитализмнің дамуымен байланысты. Бір ескеретін жай бұл ұғымды капитализм тудырды деп айтудан аулақпыз, өйткені ол қоғамның тауарлық құндық қатынастарының атрибуты екені белгілі. Ал тауар, ақша, құн категорияларының капиталистік қоғамнан анағұрлым ерте пайда болғаны да даусыз. Революцияға дейінгі Ресейде де акционерлік қоғамдар болды, 1-ші жылы олардың қатары мыңдап саналатын. Акционерлік қоғамның кеңінен етек жаюының себебі аса күрделі шаруашылық мәселелерін шешуде ірі мөлшерде капиталды шоғырландыру мүмкіндігіне байланысты. Акционерлік қоғамның басқа серіктестермен салыстырғанда тартықшылығы бағалы қағаздарды сатып алу, сатумен байланысты рыноктың болуы. Міне осы жайлардың барлығы акционерлік қоғамның өнеркәсіпте, саудада, банк және сақтандыру жүйесінде, экономиканың басқа да салаларында кеңінен дамуына әсер етті. Акционерлік қоғамның ауыл шаруашылығында саланың ерекшелігіне байланысты дамуы шектеулі болды. Қазір АҚШ-тың бір өзінде 3 миллионнан астам корпорация бар, олар елдің жалпы ұлттық өнімінің басым көпшілігін өндіреді.
Акционерлік қоғам қызмет көрсету тәсілі жағынан ұжымдық кәсіпкерлік формасына жатады. Алайды негізгі капиталды бірдей үлеспен (акцияны) белгілі мөлшерде бөлу, оны әр қилы адамдардың сатып алу мүмкіндігі, акционерлік формаға жеке кооперативтік кәсіпкерлік сипат береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет