Мұғалім: Бүгінгі сабағымыз күндегіден өзгеше жаңа тақырыпты ертегі айтудан бастаймыз.
Бір кездерде химия патшалығында Су Ханшайым мен Күкірт алты валентті Ханзада отбасында жас сәби дүниеге келіпті. Барлығы қуанып, көптен бері өзінің артынан мұрагер болып қалатын ұлды асыға күтіп жүрді. Медбике келіп ұл деп оған көк лента таққанда бірден қызарып кетті, дүниеге қыз келгенін жанындағылардың барлығы үнсіз түсінді.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Күкірт қышқылы
Сабағымыздың мақсаты: күкірт қышқылының қасиеттері мен қолдануын қарастырамыз.
Барлығымыз күкірт қышқылымен бірге ертегілер еліне саяхатқа аттанамыз. Жолда қиындықтар кездеседі оған сендердің көмектерің қажет болады . Оған көмектесу үшін сендердің білімдерің керек. Алдарыңызда жол жүру парағымен танысыңыздар.
Ертегінің мазмұны:
1.Бөлім. «Күкірт қышқылының туған күні»
2.Бөлім. «Балалық шағы»
3.Бөлім. «Жол үстіндегі қиындықтар»
4.Бөлім. «Зергерлік бұйым сататын дүкенде»
5.Бөлім «Жас отбасын құру»
6.Бөлім «Жетістіктерге жету»
ІІ. Бөлім. «Балалық шағы»
ІІ. Бөлім. «Балалық шағы»
Сендер бір ауылда өзімен бірге ойнап өскен күкірт қышқылының балалық шағында қандай болғанын айтып берсеңіздер.
1.Оқушыларға сұрақ:
Күкірт қышқылы туралы не білеміз ? ( ассоциация құру )
ІІІ. Бөлім. «Жол үстіндегі қиындықтар»
ІІІ. Бөлім. «Жол үстіндегі қиындықтар»
Күкірт қышқылы күн сайын өсіп бой жетті. Жасы 18 ге келді. Дүние жүзін аралап көргісі келді жұмыс істеп өзін көрсеткісі келді . Бірақ көп қиындықтарға тап болды. Жолда көп жүрді біркезде бұрылыста алдынан үлкен тас кездесті. Онда мынадай жазу жазылған екен «Оңға жаққа бұрылсаң – қышқылға барасың, солға бұрылсаң –тұзға түсесің, түзу жүрсең – өз жолыңды табасың» Қышқыл көп ойланды. Дұрыс жолды қалай табады ? Оған көмектесейікші.
ІІІ. Ой толғаныс.
ІІІ. Ой толғаныс.
Оның мінезі өзгеріп, жанындағыларға қылықтарын көрсете бастады..
«Негіздер» фирмасына тап болды.Жанын аямай сонда қызу жұмыс істеді.
2.Оқушыларға сұрақ: Нәтижесінде қандай заттар шығарды?
Оған көмек көрсету үшін Оқулықпен өз беттерінше жұмыс . ( 4- топ) (берілген тапсырманың моделін жасау арқылы түсіндіру. Жазбаша, ауызша, көрнекілік арқылы).
Оған көмек көрсету үшін Оқулықпен өз беттерінше жұмыс . ( 4- топ) (берілген тапсырманың моделін жасау арқылы түсіндіру. Жазбаша, ауызша, көрнекілік арқылы).
3-топ. Сұйытылған, концентрациялы күкірт қышқылымен, тұздармен әрекеттесуі.
4-топ . Қолданылуы. Тұздары.
ІІІ. Ой толғаныс.
Оның мінезі өзгеріп, жанындағыларғ
а қылықтарын көрсете бастады..
1-топ Күкірт қышқылының физикалық қасиеті, қауіпсіздік ережесі туралы айтады. Оқушылар дәптерге жазады
Түзу жолмен жүріп келе жатса алдынан «Негіздер» фирмасына тап болды.Жанын аямай сонда қызу жұмыс істеді.
еді түсі өзгерді.
Жанында жақын орналасқан «Негіздік оксидтер» фирмасына бас сұғып көрді.Бұл фирмадада жақсы жұмыс жасады, бірақ көйлегіне қара ұнтақ шашырап еді түсі өзгерді.
Жанында жақын орналасқан «Негіздік оксидтер» фирмасына бас сұғып көрді.Бұл фирмадада жақсы жұмыс жасады, бірақ көйлегіне қара ұнтақ шашырап еді түсі өзгерді.
1.Тәжірибе жасамасбұрын қандай қауіпсіздік ережесін сақтаймыз?
2.Қара ұнтақ қандай қосылыс? Қандай зат түзілді ,түсі қандай?
3.Химиялық реакция теңдеуін жазу.
Қауіпсіздік техникасының ережесі.
1.Әрбір жасалатын жұмыстың барысымен танысу.
2.Тәжірибеге қажетті заттарды аз мөлшерде қолдану.
3.Қышқылдармен жұмыс жасағанда сақ болу,газ күйіндегі заттардың иісін алыстан желпу арқылы сезу.
4.Реактиві бар ыдыстың ауызына үңілмей,жанынан қарау.
5.Қышқылдармен жұмыс жасағанда денеге немесе киімге тигенде дереу сумен жуу.
ІV Бөлім. «Зергерлік бұйым сататын дүкенде»
Күкірт қышқылы жұмыстан кейін кешкілік уақытта қаланы аралап қыдырып жүргенде Зергерлік бұйым сататын дүкенді бірінші рет көрді . Дүкен сөрелерінде толып тұрған жүзіктің біреуін өлшеп көрмекші болды . Сол кезде Варий деген жігіт күтпеген жерден тап болды . Екеуі танысты. Таныстығы үшін Варий мырыштан жасалған мыстан жасалған жүзіктерді кигізіп көріп еді бірден еріп кетті. кумис, платина, алтыннан жасалған бұйымдар өзгеріссіз қалды?
4.Оқушыларға сұрақ: Неге? Жауабыңды түсіндір
V Бөлім«Жас отбасын құру»
Бүгін Варий деген жігіт кездесуге тағы да келіп өзі «Тұз» фирмасында жұмыс істейтіндігі туралы айтып күкірт қышқылын сол фирмаға жұмысқа шақырды. Екеуі бір жерде істеп таныстықтары жарасып үйленуге келісті. Екеуі де үйлену тойына ақ киім киді . Неге?
Компьютер тәжірибе-4.Күкірт қышқылының жақсы көріп ішетін асы су екен ,ал онша жақсы көрмейтін тағамы қант . Тіпті оны көргенде көмірге айналдырып жібереді екен. Ол жалғыз қалғанда өз ойын құпия хатқа түсіріп отырған.
5. Оқушыларға сұрақ: Неге суды жақсы көреді?Құпия хатты қалай жазды, оны қалай оқып алуға болады?
Жауап: Күкірт қышқылы күшті су тартқыш зат. Егер концентрациялы қышкыл толтырылған стаканды біраз уакыт ашық калдырса, ауадағы су буын бойына тартып сіңіреді де, қышқыл ыдыстан асып төгіледі. Осы қасиетіне бола күкірт қышқылын түрлі газдарды ылғалдан құрғату үшін пайдаланады.
VІ -Бөлім «Жетістіктерге жету»
Сонымен күкірт қышқылының арманы орындалып дүние жүзін аралап өз үлесін қосып жүрді , Қазақстанның кейбір қалаларында бірлесіп жұмыс жасайды.
6. Оқушыларға сұрақ: Күкірт қышқылы Қазақстанның қай қаласында кездеседі және қандай салаларда қолданады?