Сөж тақырыбы: Эпилепсия



бет1/6
Дата15.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#158271
  1   2   3   4   5   6
  • МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
  • КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
  • СӨЖ
  • Тақырыбы: Эпилепсия

Жоспары

  • І. Кіріспе
  • Эпилепсия
  • ІІ.Негізгі бөлім
  • 1 Талма ауруының генетикасы
  • 2 Жіктелуі
  • 3 Талма ауруының дамуында генетикалық факторлар
  • 4 Талма ауруы бар жанұяны медико-генетикалық кеңес беру
  • Эпилепсия диагностикасы, емі
  • ІІІ.Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Эпилепсия- қояншық, талма, ұстама ауруы

  • эпилепсия — (грек. epіlambano – шап беріп ұстаймын, шабуыл жасаймын), қояншық – әр түрлі себептерден пайда болып , ара-тұра бәсеңдейтін , нейрондық қозулардың әсерінен қайталана беретін мидың құрыспалы ұстамалы созылмалы ауруы. Эпилепсия туралы алғашқы деректер Гиппократ еңбектерінде “қасиетті ауру” деген атпен, әр түрлі себептермен туындайтын бас миының ауруы ретінде айтылған. Әбу Әли ибн Сина ұстамалы аурудың клиник. көріністері мен емін толық сипаттап жазған. Эпилепсия белгілі бір мерзімде қайталанып, науқас есінен танады, кейде тұнжырап, мінезі өзгеріп, ой-қабілеті төмендейді. Эпилепсия ауруының себебі әлі толық анықталмаған.

Жіктелуі

  • Клиникалық көрінісінің әртүрлігіне байланысты біріңғай жіктеу мүмкін емес. Халықаралық талма ауруына қарсы ұжымның (ILAE) 1989 ж. конгресінде қабылданып, ең кең түрде таралған Халықаралық жіктеу негізінде екі принцип ұсталған. Ол орналасуы және этиологиясы. Этиологиялық белгі бойынша барлық талма ауруы идиопатикалық, симптоматикалық және криптогенді болып бөлінеді.
  • Талманың идиопатикалық түрі жеке ауру болып табылып, талманың дамуы басқа аурулар әсер етпейді және бас миында зақымдану анықталмайды. Бұл талма түріне генетикалық және қоршаған ортаның факторлары әсер етуімен байланысты болып келеді.
  • Симптоматикалық талмада этиологиясы белгілі және бас миының морфологиялық бұзылуымен (бас ми ісігі, бас миындағы тыртықтар, глиоз және т.б) байланысты болып келеді.
  • Криптогенді тірінде талманың даму себебі белгісіз болады. Анатомиялық белгілері мен сипаты бойынша талма ауруы жайылған және жергілікті (фокальды) деп бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет