Қабылдаған: Советканова Д



Дата08.11.2023
өлшемі9,01 Mb.
#190349
Байланысты:
8 сем


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
Заманауи дидактикалық жүйесінде және шетелдік, отандық білім беру тарихында дидактикалық идеялар мен тұжырымдамалардың дамуын зерттеу
Орындаған: Сарыпбек А, Сарабек А, Сауытбекқызы Б
Қабылдаған: Советканова Д.М
Дидактика – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған
Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық дидактикада ойдың терең қазынасы болып табылады. Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым – Ы.Алтынсарин.
Қазақ әдебиетіндегі дидактика
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған
Қазіргі заманғы дидактика
Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады. Дидактикалық материалдар ретінде дидактикалық ойындарды қолдану оқушылар үшін өздерін еркін сезінуге, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін көрсетуге ұмтылдырады
Қорыта айтқанда, дидактикалық материалдар оқушылар мен білімгерлерді өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.
1.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е.Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 482 б.
2.«Қазақ Энциклопедиясы», 5-том
3.Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е.Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. - 430 б.
4.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет