DES (Data Encryption Standard) 1976 жылы қабылданған, деректерді криптографиялық шифрлеудің американдық стандарты блоктық шифрлердің бірі болып табылады. Фейстель әдісіне негізделген DES, 56-биттік кілт көмегімен деректердің 64-биттік блоктарын шифрлеуді жүзеге асырады. DES-те дешифрлеу шифрлеуге кері операция болып табылады және шифрлеу операциясын кері тізбекте қайталау жолымен орындалады. Шифрлеу процесі 64-биттік блок биттерін бастапқы орынға қою, шифрлеудің 16 циклін және биттерді кері орын ауыстырудан тұрады
DES негізгі мүмкіншіліктері:
DES 64 битпен деректер блогін шифрлейді.
DES шифрлау кілті 64 бит көлемі бар, бірақ кілттін мағыналы бөлігі 56 биттен тұрады, әр сегізінші бит жұптылықты бақылау үшін қолданылады.
Шифрлеу алдында және алғашқы құру кезінде кілт – нәтижесінде кілттін көлемі 64 битке тең болады.
электронды кодтық кітап ЕСВ (Electronic Code Book);
СВС шифр блогінің ұстасуы (Cipher Block Chaining)
CFB шифромәтін бойынша қайта байланысы (Cipher Feed Back)
OFB шығу бойынша қайта байланысы (Output Feed Back).
Алгоритмдер келесі минимальды талаптары бар:
алгоритм мәліметтерді симметриялық шифрлау блогын орындау қажет;
алгоритм минимум келесі шифрленген болк көлемін және шифрлау кілтінің үзындығын сақтау қажет : 128/128, 128/192 және 128/256 бит.
Диффи мен Хеллман 1976-1977 жылдары DES алгоритмінің кілтін бір күннің ішінде анықтап бере алатын арнайы параллель есептеулерге негіздеген компьютер құрастыруға болады және ол 20 миллион доллар тұрады деп айтқан еді. Electronic Frontier Foundation (EFF) ұйымы 1998 жылы осындай есептеуіш машинаны ойлап тапты. Оның бағасы $250.000 еді. Кілт анықтау үшін 3 күн керек болды. Бүгін DES стандарты келесі есептерге байланысты қолдануға қолайсыз деп табылады: 1) кілттің ұзындығы – 56 бит бүгін қауіпсіздік үшін тым аз, 2) алгоритм құрастырылғанда ол программалық емес, аппаратық қолдану үшін жасалған, сондықтан микропроцессорда оның кейбір операциялары тым көп уақыт алады. Қазір DES-пен қатар 3DES алгоритмі көп қолданады. Ол DES негізінде жасалған алгоритм. Шифрлаудың сенімділігін арттыру үшін мұнда шифрлау операциясы үш рет қайта орындалады. Алгоритмде 256 биттік кілт қолданылады, яғни кілттің толық ұзындығы 112 бит.