|
Қабылдау бөлімшесінің міндеттері
|
бет | 3/9 | Дата | 09.02.2022 | өлшемі | 0,86 Mb. | | #131149 |
| Байланысты: 125 1 тақырыпҚабылдау бөлімшесінің міндеттері:
Науқастарды қабылдау және тіркеу;
Науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагноз қою;
Антропометрия жүргізу;
Науқастарды санитарлық тазалықтан өткізу;
Науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету;
Науқастарды емдеу бөлімдеріне тасымалдау.
Қабылдау бөлімшесіндегі мейірбикенің қызметтері:
Жұмыс орнын дайындау, егу бөлмелеріне қажетті барлық заттарды түгелдеу;
Науқастың жолдамасымен танысу және кезекші дәрігердің бөлмесіне алып бару;
Өзі келіп түскен науқастың шағымдарын тыңдау және кезекші дәрігерге жіберу;
Түскен науқастардың дене қызуын өлшеу (003 формасы);
Ауру тарихының төлқұжаттық бөлімін толтыру, науқастарды педикулезге қарау;
Дәрігердің тағайындаған нұсқауларын орындау;
Процедуралық қарау және таңу бөлмесінде жұмыс жасағанда асептика мен антисептика ережелерін сақтау;
Нұсқауларға сәйкес шприцтерді, аспаптарды және материалдарды залалсыздандыру;
Жұқпалы аурулар және педикулез жайлы телефонограммаларды, белсенді шақыруларды санитарлық – эпидемиологиялық станцияға уақытында беру;
Жедел және реанимациялық дәрігерге дейінгі көмек көрсете білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|