Каталкаментасымалдау Ауыр науқастарды каталкамен тасымалдау – ең ыңғайлы және сенімді болып есептеледі. Науқастың астына жайма жайып, үстін көрпемен жабады.
1. Каталканың бас жағын науқастың аяқ жағына тік бұрышпен қояды.
2. Үш медицина қызметкері бір жақтан келіп, қолдарын біреуі науқастың
басы мен жауырының астына, екіншісі белі мен санының жоғарғы
жағына, үшіншісі санның орта бөлігі мен балтырдың астына салады.
3. Үшеуі бір уақытта науқасты көтеріп, каталкаға қарай 900 бұрылады.
4. Науқасты каталкаға жатқызып, үстін жабады.
5. Палатаға келген соң каталканың бас жағын кереуеттің аяқ жағына
жақындатып қойып, науқасты көтеріп, әзірленген кереуетке жатқызады,
үстін жабады.
6. Каталканы зарарсыздандырады.
7. Медицина қызметкерлері қолдарын жуып, құрғатады.